6001-23-00-6ап/1083(2)
ЖЕКЕ ҰЙҒАРЫМ
2024 жылғы 23 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,
судьялар Ғ.Ө.Әлжанов, Г.К.Нұрбаев болып,
мүдделі тұлғаның өкілі Б[...] қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы Б[...], Р[...], Д[...], М[...], К[...], Н[...], К[...] жауапкерлер Атырау облысы əкіміне, «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқандары үшін 2021 жылдың тамыз айына 20 айлық еңтөменгі жалақысы көлемінде үстем ақысын толық көлемінде төлеуге тізімжібермеу əрекеттерін заңсыз деп танып, тізім жіберуге міндеттеу, Атырау облысы əкімінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерді қаржылық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының» 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №8 хаттамалық шешімінің 1.2., 1.3. тармақтарындағы «Атырауқалалық №4 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жəне «АТА[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты бөліктерін заңсыз деп тану туралы əкімшілік ісі бойынша,
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы шешіміне жəне Атырау облыстық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 22 ақпандағы қаулысына жауапкерлердің берген кассациялық шағымымен түскен əкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшылар жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Атырау облыстық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан əрі – АПК) 270-бабының бірінші бөлігіне сəйкес заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға жəне оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады жəне оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сəуірдегі №ҚР ДСМ-28/2020 «COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс шараларға тартылған дансаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мəселелері туралы» бұйрығы (əрі қарай - Бұйрық) қабылданған.
Бұйрыққа 1-қосымшасында COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысына үстемақы мөлшері COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тəуекел топтары бойынша айқындалған.
2020 жылғы 7 сəуірде Атырау облысы əкімінің қаулысымен «Атырау облысында COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерін қаржылық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссия құру туралы» комиссия құрылған (əрі қарай - Комиссия).
2021 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сəуірдегі №ҚР ДСМ-28/2020 Бұйрығына өзгерістер енгізіліп, 1 топтағы тəуекел тобы бір қызметкерге үстемақы мөлшері 2021 жылғы 1 тамызда республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі жиырма еселенген мөлшерінен (бұдан əрі - ЕТЖМ) жəне 2021 жылғы 1 қазанға дейін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден аспайды.
2021 жылғы 8 қыркүйекте №8 Комиссия шешімінің:
1.2-бөлігінде Атырау облысында тамыз айына арналған COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медициналық қызметкерлеріне үстемақы мөлшерімен келісу «№4 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-ның жəне «АТА[...]» ЖШС-гі медицина қызметкерлерімен жүргізілген. 1.3-бөлігінде 2021 жылдың тамыз айына медицина қызметкерлеріне 50 пайызда кемітілген сомада құжаттар қабылданатыны туралы шешім қабылданған.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының 1-бөлігі 5) тармақшасымен Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабының 3-тармағына сəйкес жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайтындығы қарастырылған.
Ал, кері күш туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабының 2-тармағымен азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар көзделген жағдайда нормативтік құқықтық акті қолдануға жататындығы бекітілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабының 1- тармағына сəйкес əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінəлі деп тану туралы сот актісінің негізінде не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан əрі Еңбек кодексі) 10-бабының 2 жəне 3-тармақтарына сəйкес жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын ережелер жарамсыз деп танылады жəне қолданылмауға тиіс. Жұмысшылардың еңбек жағдайларын біржақты нашарлататын актілер шығару мүмкіндігі қарастырылмаған. Еңбек кодексінің 46-бабында тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылатын еңбек жағдайларын өзгерту тəртібі реттелген. Онда басқамен қоса жұмыскерді хабардар ету жəне еңбек шартты тоқтату рəсімдері қарастырылған.
Алайда, жұмыс беріші Басқармамен ондай рəсімдердің орындалуы сақталмаған.
ӘРПК-нің 13-бабының 1-тамағында əкімшілік рəсімге қатысушының əкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарында қорғалатындығы көзделген.
ӘРПК-нің 6-бабының 4-тамағымен əкімшілік рəсімдерді жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына жəне елеулі болуына қарай əкімшілік актілерді, əкімшілік əрекеттерді (əрекетсіздікті) заңсыз деп тануға алып келеді.
Алайда, жауапкерлер істің мəн-жайын мүлдем зерттемеген, жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын өрескіл бұзушылуына жол берген.
Сот алқасы осы заңдылықтардың бұзылу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдап, келешекте болдырмау мақсатында Атырау облысы əкіміне жəне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің назарына жеткізу қажет деп санайды.
АПК-нің 270-бабын басшылыққа ала отырып, сот алқасы
ҰЙҒАРДЫ:
Талап қоюшы Б[...], Р[...], Д[...], М[...], К[...], Н[...], К[...] жауапкерлер Атырау облысы əкіміне, «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқандары үшін 2021 жылдың тамыз айына 20 айлық еңтөменгі жалақысы
көлемінде үстем ақысын толық көлемінде төлеуге тізімжібермеу əрекеттерін заңсыз деп танып, тізім жіберуге міндеттеу, Атырау облысы əкімінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерді қаржылық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының» 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №8 хаттамалық шешімінің 1.2., 1.3. тармақтарындағы «Атырауқалалық №4 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жəне «АТА[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты бөліктерін заңсыз деп тану туралы əкімшілік ісі бойынша жеке ұйғарым келешекте орын алған заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Атырау облысы əкіміне жəне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті шара қолдануға жолдансын.
Осы жеке ұйғарым бойынша қабылданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының əкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот алқасына хабарлансын.
Қолданған шаралар туралы хабарламау əкімшілік жауаптылыққа əкеп соғатыны ескертілсін.
Жеке ұйғарым жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағалық етуші Дуйсенбаев Г.Б. Судьялар Әльжанов Ғ.Ө. Нұрбаев Г.К.
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.