КСАД РК - Постановление от 16.04.2026 по делу 6003-26-00-4к/247 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 16 сәуір №6003-26-00-4к/247 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші – судья Ә. Назарова, судьялар Г. Ыдырысова, Д. Нұрлыбаева болып,

ашық сот отырысында талап қоюшы Науша Абикеновна Кенжегулованың жауапкер Алматы қаласы «Қала Құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) берген жауапкердің жауаптарын, шағымға берген жауаптарын заңсыз деп тану, арыздарды қайта қарау, нұсқалардың орындалуын талап ету туралы талабы бойынша қабылданған

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 қазандағы ұйғарымына, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 15 қаңтардағы ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Н. Кенжегулова жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 қазандағы ұйғарымымен талап қою әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды деген негізбен кері қайтарылған.

Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшінде қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында іс бойынша шығарылған бірінші және апелляциялық саты соттарының сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды сұраған.

Талап қоюшы соттың атына істі өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат жолдаған.

Жауапкер өкілі кассациялық сот отырысына келмеді, сотқа келмеу себептерін хабарламады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Кассациялық сот іс құжаттарын зерттеп, шағымның уәждерін талқылап, төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі – АПК) көзделген қағидалармен айқындалады. АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы, заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан жағдайда, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады.

Осы іс бойынша аталған заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, қоюшы бірнеше рет көршілес жер учаскесінде заң талаптарын бұза отырып құрылыс жұмыстары жүргізілгенін, құрылыс жобалық-сметалық және рұқсат құжаттарынсыз, уәкілетті органдардың келісімінсіз бекітілгенін қала құрылысы нормаларын сақтамай жүзеге асырылғанын негіздеп, жауапкер инспекторлары тарапынан берілген нұсқамалар орындалмағанына байланысты сотқа жүгінуін талап етіп, қажет болған жағдайда қайта тексеріс ашу туралы сұраған.

Жауапкер, өз жауаптарында жоғарыда көрсетілген тексерістердің жүргізлгендігі туралы, К. Асадов пен мердігер ұйым «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС-не қатысты қабылданған шаралар жөнінде ақпаратты, заңда көрсетілген әрекеттердің жасалғандығы туралы жауап берген.

Жергілікті соттар талап қоюды қайтарғанда, даудың жария-құқықтық қатынастардан туындамағанын, сондықтан әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтынын негізге алған.

ӘРПК-нің 5-бабында көрсетілгендей, әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті - жария-құқықтық қатынастардағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Осы Кодекстің 4-бабының бірінші бөлігі 33) тармақшасында келтірілген түсіндірмеге сәйкес талап қоюшы ретінде өзінің бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген адам не оның мүддесі үшін прокурор, Қазақстан Республикасының заңдарында осындай өкілеттік берілген өзге адам талап қоюды берген тұлға түсіндірілген.

Жария-құқықтық қатынастар құқық субъектілері арасындағы қатысушылардың бірінің билікті өкілеттерін басқаларға жүргізуіне байланысты туындайтын қатынастар болып табылады.

Осы тұрғыдан, талап қоюшы даулап отырған Басқарманың жауаптары әкімшілік акт болып танылмайды, себебі талап қоюшының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асырмайды, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзбайды, сондықтан талап қою әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.

Сондықтан, сот актілерінің күшін жоюға негіз жоқ.

Жоғарыда келтірілгендердің негізінде жергілікті соттардың сот актілері өзгеріссіз, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады. ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 қазандағы ұйғарымы, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 15 қаңтардағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының Науша Абикеновна Кенжегулованың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Ә. Назарова

Судьялар

Г. Ыдырысова

Д. Нұрлыбаева

⚠️ Текст документа получен на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан.