Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 23.06.2026 по делу 6003-26-00-2к/1445 (Гражданское)

6003-26-00-2к/1445

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 23 маусым

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Л.Б.Мамырбаева,

судьялар А.О.Тогумбетова, А.К.Тлеубаева,

прокурор М[...],

талап қоюшының өкілі Н[...], жауапкерлер шаруа қожалығы К[...] және «АҚ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Н[...] қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Департамент) «Бәйтерек аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-ММ), Бәйтерек ауданының Переметный ауылдық округі әкіміне, К[...] шаруа қожалығына, «АҚ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі-ЖШС, Серіктестік) жер учаскелерін жалға беру туралы және сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы электронды азаматтық істі Серіктестіктің Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 22 шілдедегі шешіміне және Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 қазандағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ :

Департамент жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 қазандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 22 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, «Бәйтерек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ мен К[...] шаруа қожалығы арасындағы 2017 жылғы 5 маусымдағы № 200, «Бәйтерек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ мен Серіктестіктің арасындағы 2022 жылғы 19 қазандағы № 17 жер учаскесін жалға алу типтік келісім шарттары, К[...] пен Серіктестіктің арасындағы 2022 жылғы 18 қазандағы № 1897 сатып алу-сату келісім шарты жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 22 шілдедегі ұйғарымымен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) 277-бабының 1) тармақшасы негізінде Департаменттің Бәйтерек ауданының Переметный ауылдық округі әкіміне 2017 жылғы 5 маусымдағы № 51 шешімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы азаматтық ісі бойынша іс жүргізу өңдірісі қысқартылған.

Серіктестік кассациялық шағымында жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық

нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін, сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын, шағымның уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.

АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс құжаттарына қарағанда, 2017 жылғы 5 маусымдағы Переметный ауылдық округі әкімінің № 51 шешімімен К[...] шаруа қожалығын жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы, [...] мекенжай бойынша көлемі 217 га жайлым жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 10 жылға дейінгі ұзақ мерзімге жалдауға беріліп, «Бәйтерек ауданы жер қатынастар бөлімі» ММ мен жауапкер К[...] арасында № 200 жер учаскесін жалға беру келісім шарты жасалған.

2022 жылғы 18 қазанда жасалған № 1897 сатып алу-сату келісім шартының негізінде К[...] Серіктестікке жоғарыда көрсетілген 217 га жайылым жер учаскесіне берілген пайдалану құқығын сатқан.

2022 жылғы 19 қазанда «Бәйтерек аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ мен Серіктестіктің арасында № 17 жер учаскесін жалға алу туралы келісім шарты жасалған.

2024 жылғы 21 тамызда Департаментпен бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісі) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актісіне сейкес, «Бәйтерек ауданы жер қатынастар бөлімі» ММ тексеру жүргізіліп, нәтежесінде 2024 жылғы 16 қыркүйекте анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жолданған.

2024 жылғы 13 желтоқсанда нұсқама орындалмағаны туралы акті жасалған және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі –Жер кодексі) 26-бабының 3 тармағына сай «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 13-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады деп көрсетілген.

Жер кодексінің 2017 жылғы 27 ақпандағы редакциясындағы 26-бабының 3-тармағына сәйкес, азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне және жер пайдалануына: тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар; ортақ пайдаланудағы жолдар, оның iшiнде шаруашылықаралық және

мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелерiне өтуге арналған жолдар; жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттерi) орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi.

Жер кодексінің 26-бабының 3-тармағында 2022 жылғы 1 қаңтардағы редакциясында жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланатын жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейтіндігі қарастырылған.

2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ Заңының 13-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы, 15-бабының 1-тармағы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар белгіленген схеманы (картаны) қамтуға тиіс.

Елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады.

2017 жылғы редакциядағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі.

Заңның 2022 жылғы редакциядағы 15-бабының 1-тармағына сай елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады.

Тексеріс нәтижесінде жоғарыда көрсетілген заң нормаларына қайшы тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық алқап болып табылатын 217 га жер учаскесі К[...] шаруа қожалығына уақытша өтеулі құқығымен пайдалануға беріліп, одан кейін пайдалану құқығы сатылып, Серіктестікпен аталған жер учаскесін пайдалануға беру туралы заңсыз келісім шарты жасалғаны анықталған.

Бірінші сатыдағы сот шешім қабылдаған кезде аталған мән-жайларды негізге алып, Департамент жүргізген тексеру нәтижесіндегі «Жайылымдар туралы» Заңының, Жер кодексінің 26-бабының 3-тармағындағы талаптары бұзылғанын назарға алған.

Апелляциялық сот алқасы соттың бұл тұжырымымен келіскен.

Кассациялық сот жергілікті соттардың тұжырымдары дұрыс деп санайды. Өйткені тұрғын халықтың мұқтажына пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық алқапты берілуге жатпайтындығы туралы Жер кодексінің 26-

бабында нақты көрсетілген. Көрсетілген заңбұзушылық фактісі даусыз түрде расталған.

Істің мұндай тұрғысында бірінші сатыдағы сот Департаменттің талап қоюын қанағаттандырып, шарттарды жарамсыз деп тануы заңды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысының 11-тармақшасында (бұдан әрі-нормативтік қаулы) АК-нің 267-бабына сәйкес, егер мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңнамаға сәйкес келмейтiн нормативтік немесе жеке акті шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа тұлғалардың мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай акт сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады.

Кассациялық шағымдағы уәждер апелляциялық сатыдағы сотта келтірген уәждерге ұқсас және оларға тиісті құқықтық баға берілген.

Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жан-жақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 22 шілдедегі шешімі және Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 1 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

«АҚ[...]»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Л.Б.Мамырбаева

Судьялар: А.О.Тогумбетова

А.К.Тлеубаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.