Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 21.05.2026 по делу 6003-25-00-2к/5397 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/5397

№6003-25-00-2к/5397 (2) №6003-25-00-2к/5397 (3)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 21 мамыр Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында төрағалық етуші судья Г.Б.Бастаубаев, судьялар М.Т.Кадырова, Н.О.Косанов,

талап қоюшы өкілі К[...], жауапкерлер Б[...], Н[...], А.[...], жауапкерлер өкілі М[...], аудармашы Т[...] бейнебайланыс арқылы қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы О[...] (бұдан әрі - талап қоюшы) жауапкерлер Б[...], Е[...], Н[...], Т[...], О[...], К[...], К[...], К[...], К[...], Т[...] және К[...] негізсіз баю салдарынан иеленген қаражатты қайтару туралы электрондық азаматтық істі жауапкерлердің Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2025 жылғы 31 наурыздағы шешіміне, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы және 15 желтоқсандағы қаулыларына берген кассациялық шағымдарымен қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Талап қоюшы сотқа аталған талап қоюмен жүгініп, оны жауапкерлерге негізсіз ақшалай аударымдар жасалғанымен негіздеген.

Апелляциялық сот алқасының екі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған бірінші сатыдағы сот шешімімен талап қою қанағаттандырылып, талап қоюшының пайдасына жауапкерлер Е[...] 500 000 тенге және мемлекеттік баж 5 000 теңге, Н[...] 837 000 теңге және мемлекеттік баж 8 370 теңге, А.[...] теңге және мемлекеттік баж 4 590 теңге, О[...] 2 500 000 теңге және мемлекеттік баж 25 000 теңге, К[...] 1 000 000 теңге және мемлекеттік баж 10 000 теңге, К[...] 500 000 теңге және мемлекеттік баж 5 000 теңге, Қ[...] 1 000 000 теңге және мемлекеттік баж 10 000 теңге, Қ[...] 688 000 теңге және мемлекеттік баж 6 880 теңге, Б[...] 500 000 теңге және мемлекеттік баж 5 000 теңге, К[...] 500 000 теңге және мемлекеттік баж 5 000 теңге, Т[...] 450 000 теңге және мемлекеттік баж 4 500 теңге өндірілген.

Ж[...] К[...], Т[...] және Т[...] кассациялық шағымдарында соттармен материалдық және процестік құқық

нормалары бұзылғанын, іс жүзінде талап қоюшыға криптодоллар сатқандырын көрсетіп, аталған сот актілерінің күшін жоюды, өздеріне қатысты талапты қанағаттандырудан бас тарту жөнінде жаңа шешім шығаруды сұраған.

Кассациялық сот істегі дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушылардың жауаптарын тыңдап, кассациялық шағым уәждерін зерделеп, төмендегі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Соттармен мұндай бұзушылықтарға жол берілген.

АПК-тің 449-бабының 1-бөлігінде істi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде сот iстегі материалдар бойынша кассациялық шағымның, наразылықтың дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексеретіні бекітілген.

Осыған орай, кассациялық сот сот актілерінің заңдылығын тек ғана 3 жауапкердің шағымдары шеңберінде тексерді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 953бабының 1-тармағына сай заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), осы Кодекстің 960-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте, негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi.

Бұл заң нормасына сай негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер үш жағдайда пайда болады: мүлікті иемдену орын алғанда; ол басқа тұлғаның есебінен пайда болғанда; заңдармен немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз мүлікті басқа тұлғаның иеленуіне қандай да бір құқықтық негіздердің болмауы.

Негізсіз баюды қайтару міндеттемесі мұндай баю заңды негіздер болмаған кезде немесе олар кейіннен жойылуы орын алған кезде бір адамның баюы екінші адамның есебінен болған жағдайда туындайды. Бұл ретте негізсіз баю (жинақтар) мүлікті иеленушінің, жәбірленушінің немесе үшінші тұлғалардың пиғылының нәтижесі не оқиғаның салдары болып табылғанына қарамайды.

Негізсіз баюды өндіру туралы істер бойынша дәлелдеу және дәлелдеу ауыртпалығын тарту ерекшелігі талап қоюшыға, жауапкер жағы негізсіз байығанын (негізсіз мүлік алынды немесе жинақталды) дәлелдеу міндеті жүктеледі. Баю талап қоюшы есебінен болғаны; негізсіз баю көлемі; шын мәнінде негізсіз алынғанды немесе жинақталғанды қайтару мүмкіндігі болмағандығы дәлелденуі тиіс.

Өз кезегінде, жауапкер талап қоюшы есебінен негізсіз баю олар жағынан болмағанын немесе негізсіз баюды өндіруді жоққа шығаратын жағдайлардың болуын дәлелдеу керек. Негізсіз баю қайтаруға жатпайтын негіздер АК-тің 960 бабымен айқындалған.

«Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 нормативтік қаулысының 9-тармағына сай істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиісті мән-жайы ешқандай да басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес (мысалы, егер мәміленің нақты жағдайлары бойынша дау туындайтын болса, ол келісім-шартпен дәлелденеді).

Анықталғаны, төлем құжаттарына сәйкес 2023 жылғы 4-21 желтоқсан аралығында талап қоюшы «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) арқылы жауапкерлерге келесі сомаларды аударған: 500 000 теңге - Е[...], 837 848 теңге - Н[...], 459 462 теңге - А.[...] теңге - О[...], 1 000 000 теңге - К[...], 500 000 теңге - К[...], 1 000 000 теңге - Қ[...], 688 000 теңге - Қ[...], 500 000 теңге - Б[...], 674 682 теңге - К[...], 449 917 тенге - Т[...].

Іске тіркелген құжаттарға қарағанда талап қоюшы және жауапкер К[...] Қазақстан Республикасының аумағында ресми тіркелген «Binance» жаһандық криптовалюта биржасында тіркелген, талап қоюшы криптовалюталармен (цифрлық активтер USDT) сауда жасауға арналған «Binance» биржасының цифрлық платформасының пайдаланушысы ретінде gu*.com (User-88eda) бүркеншік атымен, ал жауапкер К[...] - dnklbrkv бүркеншік атымен тіркелген.

2023 жылғы 15 желтоқсанда 17:13 сағатта талап қоюшы «Binance» биржасының цифрлық платформасына 1 000 000 теңгеге 2 [...] криптовалютасын сатып алуға тапсырыс (ұсыныс) берген (ордер №20568950735436591104).

Аталған криптовалютаны сатып алу үшін талап қоюшы сол күні 18:15 сағатта Банк арқылы өзінің *0028 есеп шотынан жауапкер К[...] осы Банктегі KZ *6719 есеп шотына 1 000 000 теңге аударған (№157454417 электрондық түбіртек), тиісінше қаржы түскен соң жауапкер К[...] талап қоюшының электронды есеп шотына 2 [...] криптовалютасын аударған.

Бұл шарттың жасалғаны және орындалғаны «Binance» биржасының «www.binance.com» сайтынан алынған 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №20568950735436591104 ордермен расталған, ордерде сатушы жауапкер К[...], сатып алушы талап қоюшы екені, 1 000 000 теңгеге 2 [...] сатылғаны көрсетілген.

Яғни, талап қоюшы және жауапкер К[...] арасында криптовалюта сатып алу туралы шарты жүзеге асырылып, соңғының тарапынан негізсіз баю орын алғаны жоққа шығарылған.

Сондықтан, талап қоюдың жауапкер К[...] қатысты бөлігі қанағаттандырылуға жатпайды.

Ж[...][...] және Т[...] талап қоюшымен криптовалюта сатып алуға байланысты шарттардың орын алғаны жөніндегі уәждері дәлелденген жоқ, азаматтық іске немесе кассациялық шағымға ондай дәлелдемелер тіркелмеген және сот отырыстарында бұндай мән-жайлар анықталмады.

Сонымен қатар, кассациялық шағымға тіркелген құжаттардан аталған тұлғалардың арасында ақша аударудың құқықтық негізі пайда болғаны көрінбейді, өйткені ол құжаттарда жауапкерлердің нақты аты-жөндері көрсетілмеген, хат алмасулар болғаны туралы мәліметтер жоқ, араларында мәмілелер немесе басқа да бір құқықтық қатынастар болмаған, өз кезегінде АПК-тің 72-бабына сәйкес тараптар өз уәждерін дәлелдеуге міндетті.

Осыған орай, жауапкерлер Т[...] және Т[...] талап қоюшының қаражаты есебінен негізсіз байығаны және азаматтық заңнамаға сәйкес олар талап қоюшыға аталған сомаларды қайтаруға міндетті декені туралы жергілікті соттардың тұжырымы заңды әрі негізді болып табылады.

Сол себепті, сот актілерінің жауапкер К[...] қатысты бөлігінің күші жойылып, талаптың бұл бөлігін қанағаттандырудан бас тарту жөнінде жаңа шешім шығарылуға, сот актілерінің қалған бөлігі және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысы күшінде қалдырылуға, жауапкер К[...] кассациялық шағымы қанағаттандырылуға, жауапкерлер Т[...] және Т[...] кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

«Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №9 Нормативтік қаулысының 14 және 18-тармақтарының негізінде жауапкер К[...] апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттарда орын алған және тиісті құжаттармен бекітілген сот шығындары талап қоюшыдан өндірілуі тиіс.

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 8) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2025 жылғы 31 наурыздағы шешімі және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы қаулысы өзгертілсін.

Сот актілерінің талап қоюшы О[...] жауапкер К[...] негізсіз баю салдарынан иеленген 1 000 000 (бір миллион) теңге өндіру туралы бөлігінің күші жойылып, талаптың бұл бөлігін қанағаттандырудан бас тарту жөнінде жаңа шешім шығарылсын.

Сот актілерінің қалған бөлігі және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы О[...] жауапкер К[...] пайдасына кассациялық шағым бергені үшін төленген 44 670 (қырық төрт мың алты жүз жетпіс) теңге мемлекеттік баж, кассациялық сатыдағы сотта өкілдің көмегіне төленген 100 000 (бір жүз мың) теңге, апелляциялық сатыдағы сотта өкілдің көмегіне төленген 100 000 (бір жүз мың) теңге өндірілсін.

Жауапкер К[...] кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.

Ж[...][...] және Т[...] кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Г.Бастаубаев

Судьялар М.Кадырова

Н.Косанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.