ВС РК - Постановление от 15.03.2021 по делу 6001-21-00-3Г/595 (Гражданское)

6001-21-00-3г/595

ҚАУЛЫ

2021 жылғы 15 наурыз Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы С.Ж.Абдолла,

талап қоюшы О[...] Сайрам ауданының әкіміне тәртіптік жауапкершілік туралы өкімді заңсыз деп танып, күшін жоюды, келтірілген моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысын қайта қарау туралы талап қоюшының келтірген өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын-ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

О[...] сотқа жоғарыдағы көрсетілген талап қою арызымен жүгініп, Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы О[...] «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданған 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №451 санды өкімін заңсыз деп танып, күшін жойып, моральдық зиянды өндіруді сұранған. Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен, талап қою арыз ішінара қанағаттандырылып, Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы О[...] 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №451 санды өкімін заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Жауапкерден моральдық шығын 20 000 теңге және төленген мемлекеттік баж салығы 1 325 теңге талап қоюшының пайдасына өндірілген. Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 9 желтоқсандағықаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертілген.

Шешімнің талап қоюшы О[...] Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы О[...] 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №451 санды өкімін заңсыз деп танып, күшін жою және Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы О[...] моральдық шығын 20 000 (жиырма мың) теңге талап қоюшы О[...] пайдасына өндіру туралы талабының қанағаттандырылған бөліктерінің күші жойылып, талаптың бұл бөліктерін қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ( бұдан әрі - АПК ) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша анықталғандай, Сайрам аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 38-246/VI-санды шешімімен Сайрам аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамы және комиссияның ережесі бекітілген. Жер комиссиясының төрағасы болып Сайрам ауданы әкімінің орынбасары О[...] тағайындалған.

Түркістан облысының прокуратурасымен Сайрам аудандық әкімдігінде 2017-2019 жылдары аралығында жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесін табыстау барысында қолданыстағы заңнамалық актілердің сақтау жағдайында тексеру жүргізілген. Тексеру барысында Сайрам ауданы әкімдігі және әкімдікке қарасты 11 ауыл округ әкімдіктері қамтылып нәтижесінде лауазымды тұлғалар жер учаскелерін табыстау барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталған.

Түркістан облысының прокуратурасының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы Түркістан облысының әкіміне жолданған.

Сайрам ауданы әкімі 2019 жылы 17 қазандағы хатпен қағида талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысына, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасынаТүркістан облысының прокуратурасының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі заң бұзушылықты жою туралы ұсынысын жолдаған.

Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің 2019 жылғы 20 қарашадағы Сайрам ауданы әкімінің орынбасары О[...] қатысты тәртіптік іс жөніндегі №107 шешімінде (бұдан әрі - №107 шешім), Түркістан облысының прокуратурасының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы, Сайрам ауданы әкімінің бірқатар лауазымды тұлғаларының тәртіптік жауапкершілігін қарау үшін жолданған ұсыныстың негізінде Сайрам ауданы әкімінің орынбасары О[...] қатысты тәртіптік іс қозғалған.

О[...] қатысты №107 шешімінде 3 маусым 2019 жылғы Манкент ауылдық округінің әкімі Э[...] заң талаптарын бұза отырып конкурс, аукционсыз Б.Ш[...] [...] бойынан пайдалануындағы қойма үшін берілген 0,095 га жер учаскесіне қосымша автотұрақ үшін жалпы көлемі 0,0575 га жер учаскесін 47 жылға уақытша өтеусіз пайдалану құқығымен табыстау туралы №33 шешім қабылдаған. Оған, 13 мамыр 2019 жылғы жер комиссиясының Ш[...] жалпы 0,0575 га жер учаскесін автотұрақ жүргізу үшін табыстау тәртібі

конкурс, аукцион арқылы табыстау қажеттігін ескермей, негізсіз жер учаскесін беру жөнінде №4/24 қорытынды қабылдау негіз болған.

Осыған қоса, С[...] пайдалануындағы жеке орман өсіру үшін жер учаскесіне уақытша ұзақ, қысқа мерзімді өтеулі пайдалану құқығын беретін жалпы көлемі 3,7 га суарылмайтын егістік жер учаскелері Жер комиссиясының 13 мамыр 2019 жылғы №4/19 қорытындысының негізінде, Ауыл әкімінің 17 мамыр 2019 жылғы №22 шешімімен «ECO FOOD-KENT» Өндірістік кооперативіне ауыл шаруашылығы өндірістік жүргізу үшін уақытша өтеулі жерді пайдалану құқығымен 32 жылға ұзақ мерзімге кейінгі жер пайдалануға беруге жол берілмейтіндігіне қарамастан, заң талаптарын бұза отырып табыстаған деп көрсеткен.

О[...] қатысты №107 шешімде жер комиссия мүшелерінің түсініктемелері мен ұсынылған құжаттар зерделеніп, нәтижесінде Ұсыну ішінара қанағаттандырылып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 1- тармағы 4-тармақшасының талаптарын бұзғаны үшін, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықты Сайрам ауданы әкімінің орынбасары О[...] жасауы өз дәлелін табуына байланысты, оған «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылған.

Осы құжаттардың негізінде Сайрам ауданы әкімінің міндетін атқарушы О[...] 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №451 санды бұйрығымен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары О[...] «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданған.

Бірінші сатыдағы сот, талап арызды ішінара қанағаттандыра отырып, №107 шешімдегі Ш[...] қатысты бөлігі бойынша, заңды күшіне енген сот шешімінің барын көрсетіп, С[...] қатысты бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің хаты негізінде жердің берілгенін, Сайрам ауданы әкімінің міндетін атқарушы О[...] талап қоюшы О[...] тәртіптік жауапкершілігі туралы өкімін қабылдаған кезде, шешімде көрсетілген уәждерге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңының 45 бабының 4 тармағының талаптарына назар аудармағанын көрсеткен.

Апелляциялық сатыдағы сот шешімді өзгерте отырып, №107 шешімдегі Ш[...] қатысты бөлігі бойынша, заңды күшіне енген сот шешімінің барын, сондықтан бірінші сатыдағы сот дұрыс негізге алған деп, алайда С[...] қатысты бөлігі бойынша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетіне сұраныс хаттың мәтінінде шаруа қожалығын жүргізу үшін пайдалануға беру туралы мәселе қарастырылған, оған комитетпен жазбаша түсіндірме бергенін бірінші сатыдағы сот негізге алып, алайда бұл түсіндірменің міндетті заңды күші болмайтынын сот ескермеген деген тұжырымға келген.

Өтінішхатта талап қоюшы іс бойынша қабылданған апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен келіспей, соттың тұжырымдары істің мәнжайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, материалдық құқық нормаларының бұзылғанына сілтеме жасап, қаулының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Өтінішхат иесі, апелляциялық сатыдағы сот С[...] «ECO FOODKENT» өндірістік коперативіне өз еркімен мүше ретінде кіріп, өзінің учаскесін аталған кооперативтің жарлық капиталына қосқандығын есепке алмай, конкурстар мен аукцион негізінде беріледі деген қате тұжырымға келген деп көрсеткен.

Сонымен қатар, О[...] өзінен басқа жоғарыда аталған фактілер бойынша, Сайрам ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы А[...] де тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын көрсетіп, алайда Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 8 қазандағы қаулысына сәйкес, Сайрам аудандық сотының 2020 жылғы 30 маусымдағы шешімімен А[...] талап арызы ішінара қанағаттандырылып, Сайрам ауданы әкімінің міндетін атқарушы О[...] 2019 жылғы 9 желтоқсандағы өкімін заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Өтінішхат иесі, жоғарыда аталған сот қаулысының өзіне қатысты іс қаралғанға дейін қабылданғанын, алайда Түркістан облыстық сотының апелляциялық сот алқасы, бір ғана мәселе бойынша екі түрлі шешім қабылдағанын көрсеткен.

Судья өтінішхатта көрсетілген уәждердің іс үшін маңызы бар екендігін және даулы сот актісін қайта қарауға негіз болатынын ескере отырып, оны іспен бірге алқа отырысында қарауға жолдау қажет деп санайды.

АПК-тің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап қоюшы О[...] өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасына сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі өтінішхат берген тұлғаға жолдансын.

Судья С. Абдолла Көшірмесі дұрыс. Судья С. Абдолла

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.