ҚАУЛЫ
2025 жылғы 19 тамыз № 6003-25-00-4к/1033 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші - судья М.Туғанбаев, судьялар Н.Нуралыева, Ж.Оспанова болып, прокурор К.Тогаевтың, жауапкер өкілі М.Сабденовтің қатысуымен
ашық сот отырысында талап қоюшы «Сәулет-Құрылыс-У.М.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сайрам ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне
камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға дау айту туралы талап қоюы бойынша қабылданған
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 18 қарашадағы шешімі мен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 сәуірдегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 18 қарашадағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
2024 жылғы 25 маусымдағы №5811VP400001 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасы заңсыз деп танылып, күші жойылған.
Талаптың өзге бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Кассациялық шағымында талап қоюшы істің мән-жайларын соттардың толық зерттемегенін алға тартып, талабын толық қанағаттандыру туралы шешім қабылдауды сұраған.
2025 жылғы 17 тамызда «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап қоюшының кассациялық шағымды қараусыз қалдыру туралы өтініші түсті.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, кассациялық шағым
жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 435-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өтiнiшхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы одан бас тартуға немесе өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы.
АПК-нің 442-бабының бірінші бөлігі 4) тармақшасына сәйкес өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қаралғанға дейін олар кері қайтарылып алынса, өтiнiшхат немесе прокурордың наразылығы қайтарылуға жатады.
Осыған орай кассациялық шағым оны берген тұлғаға қайтарылуға жатады.
АПК-нің 442-бабының 1-бөлігінің 4) тармақшасын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 18 қарашадағы шешімі мен Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 2 сәуірдегі қаулысына берілген талап қоюшы «Сәулет-Құрылыс-У.М.» ЖШС-ның кассациялық шағымы кері қайтарылсын.
Іс бойынша тараптарға қаулының көшірмесі жолдансын.
Төрағалық етуші М.Туғанбаев
Судьялар Н.Нуралыева
Ж. Оспанова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.