КСАД РК - Постановление от 25.08.2025 по делу 6003-25-00-4к/638 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 25 тамыз 6003-25-00-4к/638 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының құрамында:

төрағалық етуші - судья Е.Б.Төлеев,

судьялар - Р.М.Айнақұлова, Н.М.Қабдрахманова,

жауапкер «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі Т.Б. Мусахановтың қатысуымен ашық сот отырысында талап қоюшы Әбдіғани Дүйсенұлы Шорабаевтың жауапкерлер «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне әрекетке дау келтіру туралы талабы бойынша әкімшілік ісін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 3 ақпандағы ұйғарымына, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 сәуірдегі ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымымен қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы сотқа жүгініп, «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) бұзушылықты жою туралы 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №126 нұсқамасын, «Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әріҚұрылыс бөлімі) 2022 жылғы 10 қаңтардағы №905 бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 3 ақпандағы ұйғарымымен талап қоюшы өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арызы қанағаттандырудан бас тартылып, талап қою Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 138 бабының екінші бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес қайтарылған.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 сәуірдегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған. Соттың ұйғарымдарымен келіспей, талап қоюшы кассациялық шағымында даулы актілер талап қоюшының қатысуынсыз сырттай шығарылған деп көрсетіп, азаматтық іс бойынша қабылданған апелляциялық қаулыға сілтеме жасап, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Кассациялық шағымға берген пікірінде жауапкер Комитет өкілі Д.И. Нурлыбеков шағымды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Соттың отырысына қатысу үшін талап қоюшы тарапы келмеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Кассациялық шағым уәждерін зерделеп, онымен келіспеген жауапкер Құрылыс бөлімі өкілі Т.Б. Мусахановтың түсініктемелерін тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот төмендегі тұжырымға келеді.

ӘРПК 169 бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК 438 бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Комитет 2021 жылғы 13 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында өткізген тексеріс барысында Ә.Д. Шорабаев 2016 жылы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай ұсынған Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Байтұрсынов көшесінде «Сауда қатары, дәмхана және көлік жуу құрылысы» нысанының эскиздік жобасының заңсыз келісілгені анықталған.

Осыған байланысты Комитет, Құрылыс бөліміне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жіберілген бұзушылықтарды жоюға 2021 жылғы 14 желтоқсанда №126 нұсқама берген. Құрылыс бөлімі берілген эскиздік жобаның келісімінің күшін жою туралы 2022 жыл 10 қаңтардағы №905 бұйрық шығарып, Комитет берген нұсқама талаптарын орындаған.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 2 тамыздағы шешімімен мемлекеттік мекеменің жеке кәсіпкер Ә.Д. Шорабаевқа жер учаскесіндегі құрылысын өз есебінен бұзу міндеттелген.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 24 қазандағы қаулысымен 2023 жылғы 2 тамыздағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 12 наурыз 2024 жылғы қаулысымен Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 24 қазандағы қаулысының күші жойылып, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 2 тамыздағы шешімі күшінде қалдырылған.

Жеке кәсіпкер Ә.Д. Шорабаевтың өкілі К.Б. Абашева азаматтық іс бойынша соттың отырыстарына қатысқан.

Бұл ретте кассациялық шағымдағы талап қоюшы өзіне қатысты шаралар жайлы хабарсыз болғаны туралы уәждерін қаперге алуға болмайды.

ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігіне сәйкес дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.

Талап қоюшы дәлелді себептерсіз сотқа талап қоюын мерзімді өткізіп, 2025 жылғы қаңтар айында берген. Бірінші және апелляциялық саты соттарының мерзімді қалпына келтіру туралы арызын қанағаттандырудан бас тарту және талап қоюды қайтару туралы тұжырымдары негізді болып табылады.

Жоғарыда келтірілген мәнжайларды ескере отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп табады.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1)тармақшасын басшылыққа алып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 3 ақпандағы ұйғарымы, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 сәуірдегі ұйғарымы өз күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Е. Төлеев

Р. Айнақұлова

Судьялар

Н.Қабдрахманова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.