ВС РК - Постановление от 24.07.2023 по делу 6001-23-00-3Г/3296(2) (Гражданское)

6001-23-00-3г/3296(2)

Қ А У Л Ы

2023 жылғы 24 шілде

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы С[...] талап қоюшы С[...] жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» РММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» ММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ-ге, «Алматы облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-ге, «Астана қаласы бойынша қаржы басқармасы» ММ-ге, «Түркістан облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-ге, «Атырау облысы бойынша қаржы басқармасы» ММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» РММ-ге, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-ге моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қоюы бойынша қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2023 жылғы 7 ақпандағы шешімін, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 11 сәуірдегі қаулысын қайта қарау туралы талап қоюшы С[...] өкілі – С[...] келтірген өтінішхатын электронды іс материалдарын зерделеу арқылы алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2023 жылғы 7 ақпандағы шешімімен талап қоюы ішінара қанағаттандырылған. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-нен, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-нен, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» РММ-нен, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нен әрқайсысынан С[...] пайдасына 200 000 теңгеден моральдық зиянның өтемі және 1 532 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгертілген, шешімінің қанағаттандырылған бөлігінің күші жойылып, осы бөлігінде талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған.

Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Электронды іс құжаттарын және өтінішхат уәждерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты өтінішхат кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін берілуге жатады деген тұжырымға келді.

С[...] сотқа берген талап қоюында жауапкерлердің заңсыз ісәрекеттерінің салдарынан моральдық шығынға ұшырғанын көрсеткен.

Бірінші сатыдағы соттың талап қоюды ішінара қанағаттандыруына Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі шешімі негіз болған. Шешімде талап қоюшы лицензия алу үшін тиісті құжаттарды мүлдем өткізбегені, сонымен қатар, медицианалық қызметке берілген лицензиялар заңсыз қате берілгені толығымен расталғаны, ол мән-жайлар тараптармен жоққа шығарылмағаны анықталған.

Апелляциялық сатыдағы сот АПК-нің 72-бабының талаптарына сәйкес С[...] пен жауапкерлердің әрекеттері салдарынан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 917, 951-баптарында қарастырылған моральдық зиян келгені жөнінде дәлелдемелер ұсынылмағандықтан, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы тұжырымға келген.

Жауапкерлердің іс-әрекеттерімен талап қоюшының мүліктік емес құқықтарының бұзылуына, кемсітілуіне жол берілмеген. Өйткені аталған лицензиялар ешкіммен қолданылмаған.

Көрсетілгендердің негізінде апелляциялық сатыдағы сот, талап қоюшының жауапкерлерді азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартуға негіздер анықталмағандықтан, жауапкерлердің іс-әрекеттері талап қоюшыға моральдық залал келтірмеген деген қорытындыға келген.

Өтініш беруші соттардың жоғарыда көрсетілген сот актілерінде іс үшін маңызы бар сот белгілеген мән-жайлардың дәлелденбеуіне, сондай-ақ сот тұжырымдарының осындай мән-жайларға сәйкес келмеуіне және материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылмауына байланысты заңсыз және негізсіз деп санайды. Осыған орай, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертіп, апелляциялық сатыдағы сот қаулысын күшін жоюды сұрайды.

Келесі уәждерді келтіреді.

Аталған әкімшілік соттың 2022 жылғы 6 қыркүйектегі шешімімен жауапкерлердің лицензия беру әрекеттері заңсыз деп танылып, лицензиялардың күші жойылған. С[...] лицензия алу үшін ешкандай арыз жазбағаны және құжаттар өткізбегені расталған. Бірақ, «elicense» ақпараттық бағдарламасында С[...] атына медициналық кызметті жүзеге асыруға бес электронды лицензиялар бергені жөнінде ақпарат орналастырылған.

Лицензиялардың нақты қай жылы берілгені жөнінде ақпарат жауапкерлермен берілмегені, алайда С[...] атына берілген лицензияларда аумақтық департаменттер лицензиар ретінде көрсетілгені анықталған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиялар беру және олардың электрондық тізілімін жүргізу міндеттері заңмен айқындалғаны анықталған.

АПК-нің 76-бабының 2-бөлігіне сай соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен немесе қаулысымен анықталған мән-жайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар тап сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді.

Осылайша, әкімшілік істі қарау барысында талап қоюшы лицензияларды және қосымшаны (қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшін құжаттарды мүлдем өткізбегені, С[...] медициналық қызметке берілген лицензиялар заңсыз қате берілгені анықталған.

Өтінішхатта мемлекеттік органдар С[...] атын оның рұқсатынсыз пайдаланған, заңдарды бұзып С[...] атына бес медициналық лицензия шығару салдарынан, оның жеке мүліктік емес құқыктары бұзылғаны көрсетілген.

Аталған уәждер дау айтылған сот актілерін қайта қарау үшін негіз болуына орай, өтінішхатты іспен бірге азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін беру қажеттігін ескере отырып, АПКнің 444-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2023 жылғы 7 ақпандағы шешімін, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының

2023 жылғы 11 сәуірдегі қаулысына талап қоюшы С[...] өкілі – С[...] келтірген өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья Көшірмесі дұрыс Судья

А. С[...]. С[...]

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.