6001-22-00-3гп/257
2022 жылғы 13 шілде Нұр-Сұлтан қаласы
Қ А У Л Ы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - алқа төрағасы Н.К.Шәріпов,
судьялар С.А.Абдрахманов, З.Б.Кейкибасова,
талап қоюшының өкілі – адвокат Е[...], жауапкердің өкілі – адвокат С[...] қатысуымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында бейнеконференцбайланысы арқылы өткізілген ашық сот отырысында
С[...] К[...] ортақ меншіктегі мүліктен үлесін анықтау туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 26 қазандағы ұйғарымына талап қоюшы С[...] келтірген өтінішхаты бойынша түскен азаматтық істі қарап,
С[...] сотқа ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлесті анықтау туралы талап қою арызымен жүгінген.
Бұл ретте, талаптарының мөлшерін көбейтіп, С[...] мынадай мүліктегі үлестің 1/2 бөлігін анықтауды сұраған: Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, [...] үй, [...] пәтер; Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, [...] үй, [...] пәтер; Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Жыңғылды көшесі, жер учаскесі №60 А; Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Жыңғылды көшесі, жер учаскесі № 62 А; Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Жұлдыз шағын ауданы, Көкесем көшесі жер учаскелер № 61 А және 63 А; Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Саура көшесі, жер учаскесі № 63 А; Жаңаөзен қаласы Рахат [...] жер учаскесі № 100 Д; мемлекеттік нөмірі [...] «L[...] 570» маркалы автокөлік.
Жаңаөзен қалалық сотының 2021 жылғы 14 шілдедегі шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, ортақ некеде сатып алынған жоғарыда аталған даулы мүлікте талап қоюшының ½ үлесі анықталған.
Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 26 қазандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Өтінішхатта арыз беруші апелляциялық ұйғарымымен келіспей, тұжырымы істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, процестік құқық нормаларына қайшы келетінін көрсетіп, дау айтылған сот актісінің күшін жоюды сұраған.
Сот алқасы талап қоюшының өкілі – адвокат Е[...] өтінішхат уәждерін қолдаған түсінігін, жауапкердің өкілі – адвокат С[...] қарсылығын тыңдап, іс материалдары мен өтінішхат уәждерін зерделеп, төмендегі негіздерге байланысты дауланып отырған сот актісі күшінде қалдырылуға жатады деген тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Сот алқасы бұл іс бойынша мұндай негіздер жоқ деп санайды.
АПК-нің 277-бабының 2) тармақшасында, сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса сот iс бойынша іс жүргізуді тоқтататыны көзделген.
Іс материалдарынан анықталғандай, тараптар арасындағы неке 1989 жылғы 14 қазанда тіркелген. Бұл неке Жаңаөзен қалалық сотының 2019 жылғы 22 қазандағы шешімімен бұзылған.
Осы іс бойынша талап қоюдан бұрын, атап айтқанда 2020 жылғы 4 маусымда К[...] Жаңаөзен қалалық сотына ерлі-зайыптылардың келесі ортақ мүлкінің үлесін анықтау және бөлу туралы талап қою арызымен жүгінген:
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Саура көшесі, жер учаскесі № 63 А; Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, [...] үй, [...] пәтер; Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, [...] үй, [...] пәтер; Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Жыңғылды көшесі, жер учаскесі № 60 А; Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Жыңғылды көшесі, жер учаскесі № 62 А; Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Жұлдыз шағын ауданы А[...] көшесі жер учаскесі № 100 Д; Жаңаөзен қаласы, Рахат шағын ауданы, кадастрлық нөмірі [...] жер учаскесі; Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Жұлдыз шағын ауданы, Көкесем көшесі, жер учаскесі № 61 А; Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Жұлдыз шағын ауданы, Көкесем көшесі жер учаскесі № 63 А[...] істің сотта қаралуы нәтижесінде тараптар медиативтік келісімге келген.
О[...] шарттарына сәйкес Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, [...] үй, [...] пәтер; Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, [...] үй, [...] пәтер; Жаңаөзен қаласы, [...] жер учаскесі № 60 А; Жаңаөзен қаласы,
Рахат ауылы, Жыңғылды көшесі, жер учаскесі № 62 А талап қоюшы К[...] жеке меншігіне өткен.
Өз кезегінде, талап қоюшы К[...] алдағы уақытта жауапкер С[...] мүліктік талап қоймауға міндеттелген.
Бұл медиативтік келісім соттың 2020 жылғы 14 қазандағы ұйғарымымен бекітіліп, талап қоюшы К[...] сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіні түсіндірілген. Тиісінше, азаматтық істің іс жүргізілуі тоқтатылған.
Осыдан кейін, 2021 жылғы 17 наурызда С[...] сотқа бұрын соттың медиативтік келісімді бекіткен жылжымайтын мүлік тізбесіне енгізе отырып, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлесті айқындау туралы талап қою арызымен жүгінген.
Бірінші сатыдағы сот С[...] талабын қанағаттандыру туралы тұжырымын, бұрын бекітілген медиативтік келісімде тараптардың жылжымайтын мүліктегі үлесі айқындалмағанына және осы медиативтік келісімде көрсетілген мүлікке С[...] меншік құқығы тоқтатылмағанына негіздеген.
Мұндай тұжырыммен келіспеген апелляциялық сатыдағы сот, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату жөнінде шешім қабылдаған, өйткені тараптар арасында жасалған медиативтік келісімге сәйкес дау нысаны болған екі пәтер және екі жер учаскесі К[...] меншігіне өткені нақты анықталған, ал ол өз кезегінде С[...] өзге де мәселелер бойынша ешқандай талап қоймауға міндеттелген.
Бүгінгі таңда медиативтік келісім орындалған және онда көрсетілген мүлік К[...] жеке меншік құқығымен ресімделген.
Алқаның сот отырысында К[...] өкілі У[...] аталған медиациялық келісімнің талаптары бойынша К[...] өзіне берілген мүліктерді атына тіркеп алғанын, ал талап қою арызда көрсетілген қалған мүлікті С[...] ресімдеп беруге К[...] қарсы еместігін көрсетті.
Бұл мән-жайлар, тараптар арасында ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі туралы дау жоқ екенін айғақтайды.
Істің бұл тұрғысында, кассациялық сот алқасы, бірінші сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс анықтамай, дау медиация тәртібімен шешілген мүліктегі үлестерді айқындау қажеттігі жөнінде қате қорытындыға келген деп санайды.
Осыған байланысты апелляциялық сатыдағы сот, істі мәні бойынша қарап қабылданған шешімінің күшін жойып, іс жүргізуді дұрыс тоқтатқан.
Сот актісін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтінішхат мазмұнынан С[...] әкімшілік сотқа К[...] атына жоғарыда аталған екі пәтер мен екі жер учаскесін заңсыз тіркеуді тану туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ға талап қоюмен жүгінгені анықталады.
Сәйкесінше, әкімшілік соттың 2022 жылғы 10 ақпандағы ұйғарымымен осы іс бойынша қалған мүлік С[...] жеке меншігіне өткен медиативтік келісім де бекітілген.
Осылайша, істі кассациялық тәртіппен қарау кезінде тараптардың ортақ мүлкі туралы дау бойынша заңды күшіне енген екі сот актісі бар екендігі нақты анықталып отыр. Іс бойынша іс жүргізудің тоқтатылуына байланысты Т[...] көшесі, 6 Б Рахат шағын ауданындағы сауда орталығындағы үлесті айқындау туралы мәселені шешу мүмкін болмағаны жөнінде өтінішхат уәждері даулы сот актісінің күшін жою үшін негіз бола алмайды, өйткені С[...] талап қою арызынан көрініп тұрғандай, аталған мүлік дау нысаны болмаған.
Бұл ретте, К[...] талап қою арызында, оған ресімделген мүліктен басқа (4 нысан) және С[...] (4 нысан) жеке меншігі ретінде Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданындағы кадастрлық нөмірі [...] жер учаскесі көрсетілгенін атап өткен жөн.
О[...] қаласы, Рахат шағын ауданы, Т[...] көшесі, 6 Б мекенжайы бойынша жылжымайтын мүлкі бар, ал К[...] жоғарыда көрсетілгендей, өзінің талап қою арызы бойынша басқа мүлікке қатысты қандай-да бір талаптардан бас тартқан.
Кассациялық сатыдағы сотта көрсетілгенді оның өкілі С[...] те растады.
Мұндай жағдайда, кассациялық сот алқасы, апелляциялық сатыдағы сотпен істің мән-жайы дұрыс анықталып, қолданылуға тиіс материалдық және процестік құқық нормалары қолданылғандықтан, дау айтылған сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер жоқ деп санайды.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 26 қазандағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын. С[...] өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Н.К. Шәріпов Судьялар
С.А.Абдрахманов
З.Б.Кейкибасова Көшірмесі дұрыс
Судья З.Б.Кейкибасова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.