КСАД РК - Постановление от 22.04.2026 по делу 6003-26-00-4к/135 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 22 сәуір №6003-26-00-4к/135 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші - судья Д.Ә. Әбдіғалиев, судьялар - М.А. Қасымов, Г.М. Ыдырысова, талап қоюшы Ш[...] қатысуымен,

талап қоюшының Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (бұдан әрі - МАӘС) 2025 жылғы 30 қыркүйектегі ұйғарымына, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі - ӘІжСА) 2025 жылғы 30 қазандағы ұйғарымына кассациялық шағымы бойынша талап қоюшы Ш[...] «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «№77мекемесі» РММ-не сотталып, қамауда отырған тұлғамен кездестіруден бас тарту әрекетіне дау айту туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған әкімшілік істі ашық сот отырысында қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

МАӘС-тің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі ұйғарымымен талап қоюшының талап қоюы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 138-бабының екінші бөлігінің 11-тармағы негізінде қайтарылған.

ӘІжСА-ның 2025 жылғы 30 қазандағы ұйғарымымен МАӘС-тің ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылды.

Талап қоюшы кассациялық шағымында іс бойынша шығарылған бірінші және апелляциялық саты соттарының сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды сұраған. Жауапкер кассациялық сатыдағы соттың отырысына келмеді, бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес істі қарау үшін кедергі болып табылмайды.

Талап қоюшыны тыңдап, кассациялық шағымның дәлелдерін талқылап, істің материалдарын зерттегеннен кейін кассациялық сот мынадай қорытындыға келді.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қағидаларында айқындалады. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы АПК-нің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылады.

Мұндай заң бұзушылықтарға соттар жол бермеген.

Соттар анықтағандай және іс материалдарымен расталғандай, дау нысанасы қылмыстық атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің адвокатты сотталған адаммен кездестіруге жіберуден бас тартуы болып табылады.

Төменгі сатыдағы соттар талап қоюды қайтару туралы шешім қабылдай отырып, адвокат Ш[...] жауапкермен дауы ӘРПКнің мағынасындағы әкімшілік дау болып табылмайтынын негізге алған.

Соттар осы дау қылмыстық жазаны өтеумен (жазаны өтеу режимімен) байланысты, Қазақстан Республикасының Қылмыстықатқару кодексімен (бұдан әрі - ҚАК) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексімен (бұдан әрі - ҚПК) реттелетіні туралы түйінге келген.

Кассациялық сот аталған түйінмен келіседі, өйткені соттар даудың құқықтық табиғатын дұрыс саралап, осы санаттағы істерде ӘРПК жалпы нормаларынан басымдығы бар ҚАК пен ҚПК-нің арнайы нормаларын қолданған.

Сотталған адаммен кездестіруден бас тарту жазаны өтеу режимін және сотталған адамның білікті заң көмегін алу құқығын тікелей қозғайды. Мұндай мәселелер қылмыстық-атқару заңнамасына жатады. ҚАК-тің 24-бабының тоғызыншы бөлігіне және 27-бөлігіне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің әрекеттеріне берілген шағымдарды соттар қарайды. Осы дау қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген тәртіппен қаралуға тиіс.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, шағым жасалған сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі ұйғарымы, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 30 қазандағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Төрағалық етуші судья Д. Әбдіғалиев Судьялар М. Қасымов

Г. Ыдырысова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.