ВС РК - Постановление от 15.04.2024 по делу 6001-24-00-3Г/1866(2) (Гражданское)

6001-24-00-3Г/1866(2)

2024 жылғы 15 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Т. Ибрашев талап қоюшы А[...] жауапкерлер С[...], С[...], үшінші тұлғалар жеке нотариус А[...], Т[...] мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен

қарсы талап қоюшы С[...] жауапкерлер А[...], С[...], үшінші тұлға «СИК[...]» өндірістік кооперативіне сату сатып-алу келісім шартын кепіл шарты деп тану туралы қарсы талап қоюы арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 қаңтардағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы А[...] келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :

А[...] сотқа аталған талап қоюмен жүгініп, оны даулы тұрғын үйді сату ниеті болмағанымен, жауапкер С[...] алдау және жаңылыстыру ықпалымен, өз еркінен тыс жасалған, жалған мәміленің салдарынан, өзіне тиесілі тұрғын үйдің меншік құқығынан айырылып қалғанымен негіздеген.

С[...] қарсы талап қоюмен жүгініп, оны шын мәнінде Кооператив директорының орынбасары Т[...] пен жауапкер С[...] арасында полиэтилен құбырларын жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде жеткізу шарты жасалғанымен, соңғының шарт бойынша тауар құнын төлеу міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында даулы тұрғын үй кепілге берілгенімен негіздеген.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 24 қазандағы шешімімен А[...] талап қоюы қанағаттандырылған.

А[...] мен С[...] арасындағы 2023 жылғы 15 ақпандағы Шымкент қаласы, Самал-2 шағын ауданы, Қанағат көшесі, №[...] үйге қатысты №601 нотариус А[...] куәландырылған сату сатыпалу шарты жарамсыз деп танылды.

С[...] қарсы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатылы сот шешімі өзгертілген. Шешімнің талап қоюшы А[...] жауапкерлер С[...], С[...] сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандыру бөлігі күші жойылып, талап қоюдың бұл бөлігі қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.

Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта арыз беруші апелляциялық қаулымен келіспей, тұжырымдары істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылғанына сілтеме жасап, дау айтылған сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.

Сот актілерінің мазмұнына қарағанда, Шымкент қаласы, Самал-2 шағын ауданы, Қанағат көшесі, №[...] үй (әрі қарай – тұрғын үй) талап қоюшы Г.[...] жылғы 15 мамырдағы сату сатып-алу шарты негізінде тиесілі болған.

2023 жылғы 15 ақпанда А[...] мен С[...] арасында түзілген нотариалды сату сатып-алу шартына сай, тұрғын үй 45 000 000 теңгеге сатылған (әрі қарай – даулы шарт).

«ССА[...]» ЖШС-нің басшысы С[...] пен «СИК[...]» ӨК-нің басшысы Т[...] арасында 2023 жылғы 16 ақпанда №2307 санды өнімді жеткізу шарты түзілген (әрі қарай – жеткізу шарты).

Жеткізу шартына сай, 45 707 600 теңгені құрайтын полиэтилен құбырлары «СИК[...]» ӨК-мен «ССА[...]» ЖШС-не жеткізілген.

Жеткізу шартында полиэтилен құбырларының ақшасын төлеу 2023 жылғы 1 мамырда деп көрсетілген. 2023 жылғы 3 тамызда жеке нотариус Е[...] «ССА[...]» ЖШС-нен «СИК[...]» ӨК-нің пайдасына 45 707 600 теңге қарызды өндіру туралы атқарушылық жазба шығарылған (әрі қарай – атқарушылық жазба).

Атқарушылық жазба негізінде жеке сот орындаушы

А[...] атқарушылық өндірісі қозғалған.

Бірінші сатыдағы сот даулы мүлік сатушымен сатып алушыға берілмеген, яғни бүгінгі күнге дейін А[...] иелігінде, С[...] өз тарапынан мүлікті алуға және иеленуге ешқандай әрекет жасамаған,

жылжымайтын мүлікке байланысты ауыртпалықтарды алып жүрмегенін анықтаған.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 160-бабының 1 тармағын басшылыққа алған.

Мұндай тұжырыммен келіспеген апелляциялық сот алқасы А[...] талаптарын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешімін мәмілені пайдакүнемдік мақсатта, әдейі жасасқан деп, АК-нің 158бабының 3 тармағына сәйкес ол мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы емес деп ынталандырған. Арыз берушінің пікірі бойынша апелляциялық сатыдағы сот дауды қарап заңсыз шешім қабылдаған.

АК-нің 160-бабының 1,2-бөліктеріне сай оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.

Егер мәміле екінші бір мәмілені (кулықпен) бүркемелеу мақсатымен жасалса, тараптар шын мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты ережелер қолданылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 7 шілде 2016 жылғы № 6 санды «Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының 20, 21-тармақтарына сай, АК-нің 160-бабының 1-тармағына сәйкес заңдык салдарлар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған жалған мәміле жарамсыз болады.

Тараптардың белгілі бір әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) болуымен немесе болмауымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен (мысалы, мүліктің берілмеуі және сол сияқты) расталуы мүмкін белгілі бір заңдық салдарлардың туындауына тараптардың мәміле бойынша еркінің болмауы жалған мәмілелердің жарамсыздығына (мәніссіз болуына) әкеп соғады.

Бүркемеленген мәміле бойынша істерді карау кезінде соттар АК-нің 160бабының 2-тармағының мағынасын негізге алулары қажет. Заңның аталған нормаларының қағидалары бойынша мәмілелердің қаралып отырған санаты екі түрден: бүркемелейтін және (бүркемеленген) мәміледен тұрады (мысалы, сатып алу және сату шарты сенімхатпен, қарыз және одан кейінгі кепілдік шарты сыйға тарту, сату және сатып алу шарттарын ресімдеумен, өсиет шарты сыйға тарту шартымен бүркемеленеді және сол сияқты).

Басқа мәмілені жасыру мақсатында қулықпен жасалған мәміле жарамсыз (мәніссіз) болып табылады. Сондықтан мәміленің сипатын ескере отырып, соттар тараптар шын мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты қағидаларды қолдануы қажет.

Бірінші сатыда анықталғандай, Г.[...] даулы мүлікті сату ниеті болмаған, бүгінгі күнге дейін тұрғын үйде өзінің кәмелетке толмаған балаларымен тұрып келеді.

С[...] тарапынан сатып алу бағасы төленгенін растайтын дәлелдемелер ұсынылмады, мүлікті иеленуге әрекет жасамаған, меншік құқығы тіркелмеген, мүлікке байланысты ауыртпалықтарды алып жүрмеген. Сонымен қатар, жауапкер А[...] араларындағы сатып алу-сату келісім шарты, оның танысы С[...] каржылық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепіл келісім шартын бүркемелеп жалған жасалғанын айтып, даулы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі орын алмағанын мойындаған.

Арызданушының пікірі бойынша, бұл жағдайлар сатып алу-сату мәмілесі шын мәнінде жеткізу шартының міндеттемесін қамтамасыз ету және оны жасыру мақсатында жасалғанын растайды.

Одан бөлек, жауапкер және үшінші тұлға шешімнің тек қарсы талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру бөлігімен келіспей, апелляциялық шағымдар келтірген болатын.

АПК-нің 413-бабының 1,2-бөліктеріне сай, сот істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді.

Апелляциялық сатыдағы сот істе бар, сондай-ақ осы Кодекстің 404бабының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылған дәлелдемелерге мәлімделген талап қою шегінде баға береді.

Тараптар апелляциялық шағымындарында бірінші сатыдағы сот шешімінің даулы сатып алу-сату шартын жарамсыз деп танылған бөлігімен келіспей, ол бөлігін өзгерту немесе бұзуды сұрамаған. Алайда оған қарамастан, апелляциялық сатыдағы сот алқасы апелляциялық шағымның көлемінен шығып, тараптар шағымда сұрамаған талаптарын қанағаттандырды.

АПК-тің 449 бабының 2 тармағында көзделгендей, өтiнiшхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегiнен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқығы тек кассациялық сатыдағы сотқа берілген.

Жоғарыда көрсетілген уәждер мен іс үшін маңызы бар мән-жайлар дау айтылған сот актісін қайта қарау үшін кассациялық сатыдағы сот отырысында қарауға жататын негіздердің бар екенін көрсетеді.

АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 қаңтардағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы А[...] келтірген өтінішхаты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі кассациялық сатыдағы сот алқасына берілсін.

Қаулының көшірмесі өтінішхатты берген тұлғаға жолдансын.

Судья Т. Ибрашев

Көшірмесі дұрыс Судья Т. Ибрашев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.