Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 10.11.2025 по делу 6003-25-00-2к/1177 (Гражданское)

№ 6003-25-00-2к/1177 Қ А У Л Ы

2025 жылғы 10 қараша Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші - судья Г.С.Джаппарова судьялар А.К.Айкенова, Д.Д. Махметова талап қоюшы Т.Б.Дауытовтың, жауапкердің өкілдері К.С. Құбатайдың, Н.А.Юлимбетовтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Турехан Бекбулатович Дауытовтың жауапкер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі» мемлекеттік мекемесіне жұмыстан шығару туралы бұйрығын заңсыз деп тану, лауазымыма қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген күндері үшін жалақыны өндіру туралы талап қоюы бойынша қабылданған,

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 маусымдағы қаулысына жауапкердің кассациялық шағымымен түскен электронды азаматтық істі қарап,

Талап қоюшы Т.Б.Дауытов сотқа аталған талап қоюымен жүгінген. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 09 сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен шешімнің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Т.Б.Дауытовты лауазымымнан босату туралы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 26 тамыздағы №479-ж бұйрығы заңсыз деп танылып, оның күші жойылып, оны «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымына қайта орналастырылған.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі» мемлекеттік мекемесіне Т.Б.Дауытовтың лажсыз бос жүрген күндері үшін төленуі тиіс айлық жалақылары мен сыйақылардың төленуі жүктелген.

Жауапкер кассациялық шағымда сот алқасы, бірінші сатыдағы сотпен дұрыс қолданылған мемлекеттік қызмет туралы заң нормаларын елемей, жалпы еңбек құқығы шеңберіндегі нормаларымен алмастырған. Талап қоюшы мемлекеттік қызметті арнайы құқықтық режим аясында жүзеге асырған, ол мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктері негізінде қызмет еткен, бұл еңбек шартымен емес, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі. Апелляциялық сатыдағы сот ешбір заңға сілтеме жасамай, талап қоюшыға лажсыз бос жүрген күндері үшін тиісті айлық жалақылары мен сыйақыларды төлеуді міндеттеген. Алқа

қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Кассациялық сот істегі дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушылардың түсініктерін тыңдап, кассациялық шағым уәждерін талқылап, төмендегі тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Анықталғандай, Т.Б.Дауытов 2018 жылғы 10 қазаннан бастап «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - Департамент) басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарған.

Департамент басшысының басқа орынбасары ретінде Е.Е.Ергеш жұмыс жасаған.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы №176 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларына сәйкес Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің құрылымы және жаңа штаттық саны бекітілген. Осыған орай, 2024 жылғы 13 мамырда Министрліктің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес Т.Б.Дауытов басқару құрылымының алдағы өзгеруі туралы жіберілген хабарламалармен таныстырылған.

Министрлік аппараты басшысының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 235 бұйрығымен аумақтық департаменттердің штат саны бекітіліп, Департамент басшысы орынбасарының 1 штат бірлікті құраған. 2024 жылғы 19 тамызда Министрліктің құрылымының өзгеруіне байланысты Заңның 56-бабының 7-тармағына сәйкес Т.Б.Дауытовқа Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы лауазымы ұсынылған, 2024 жылғы 26 тамыздағы бұйрықпен бұл лауазымнан бас тартуына байланысты босатылып, оған төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде демалыс жәрдемақысы төленген. Бірінші сатыдағы сот Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 143-бабын және Заңның 56-бабын негізге алып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған.

Алайда бұл сот шешімімен апелляциялық сатыдағы сот келіспей талап қоюды қанағаттандырған.

Кассациялық сот апелляциялық соттың бұл тұжырымымен төмендегі негіздермен келіседі.

Іс құжаттарынан 1963 жылдың 31 наурызында туған Т.Б.Дауытовқа

зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалғаны және еңбек шартын бұзу туралы хабардар еткеннен кейін бір айдан аз уақытта лауазымынан босатылғаны анықталды.

Кодекстің 53-бабының 1-тармағына сәйкес егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу кезінде еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын хабардар етуге міндетті. Еңбек шартын жұмыскердің келісімімен бұзу хабардар ету мерзімі өткенге дейін жүргізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі бойынша зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз штаттың қысқаруына байланысты негіздер бойынша бұзуға жол берілмейді.

Сондықтан, апелляциялық сот жұмыс беруші өз бастамасымен талап коюшыны бұрынғы атқарған лауазымынан босату кезінде Еңбек кодексінің 53бабының, «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы №1 нормативтік қаулысының 13-тармағының талаптарын сақтамай, еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарғаны туралы дұрыс тұжырымға келген.

Апелляцияда қабылданған жаңа шешімнің негіздері мен себептері істің мәні бойынша заң нормаларына сілтеме жасалып дұрыс қабылданған. Шағымдағы аталған уәждер апелляциялық сатыдағы сотпен толығымен зерделенген.

Еңбек кодексінің 143-бабына сай мемлекеттік қызметшілерінің еңбегі арнайы заңның артықшылықтары мен шектеулерді белгілейтін ерекшеліктер ескерілініп, жалпы Еңбек кодексімен реттелетіні тікелей көрсетілген.

Мұндай жағдайда дау айтылған сот актінің күшін жоюға заңды негіз жоқ болғандықтан, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп санайды.

Өндірілген жалақының нақты сомасын апелляциялық сот түсіндірме беру ұйғарымында, жалақы туралы жауапкердің анықтама бермеуіне байланысты, Еңбек кодексінің 161-бабын басшылыққа алып нақты алты айлық орташа жалақысы өндірілгенін түсіндіріп, көрсеткен.

Сондықтан, бұл қаулыны орындауға байланысты мән-жайлар 2025 жылғы 29 шілдедегі қосымша қаулыны шығарудан бас тарту ұйғарымының күші жойылғандықтан, соманы нақтылау мүмкіндігі апелляциялық сатыда қайта жүзеге асырылуы шектелмеген.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Г.С.Джаппарова

судьялар А.К.Айкенова Д.Д. Махметова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.