ҚАУЛЫ
2024 жылғы 18 шілде 6001-24-00-6ап/17 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы Ғ.Ө.Әлжанов, судьялар –Ж.Б.Ермағамбетова, Б.Т.Нажмиденов болып,
талап қоюшының өкілі – А[...],
мүдделі тұлға «Nomad Life» Өмірді сақтандыру Компаниясы" «АНӨМҚҚРЖСҒАСОТҚ[...]»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) «ҚОБЖБ[...]» мемлекеттік мекемесіне қойған 2023 жылғы 16 наурыздағы Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергептексеру актісін заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 маусымдағы шешіміне, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 қазандағы қаулысына талап қоюшы «К[...]» ЖШС-нің келтірген кассациялық шағымы келіп түскен әкімшілік істі қарап, АНЫҚТАҒАНЫ: Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 22 маусымдағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.
Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.
Талап қоюшы «К[...]» ЖШС-сі кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, оларды бұзып, әкімшілік талап қою арызын қанағаттандыру жөнінде жаңадан шешім қабылдауды сұраған.
Жауапкерлер өкілдері және мүдделі тұлға «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді, сотқа келмеу себептерін хабарламады, сот отырысының алдында істі мобильді видеоконференцбайланыс арқылы қарауды сұраған.
Сот алқасының отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында қарауға тағайындалған болатын. Сондықтан жауапкерлер және мүдделі тұлғаның өкілдерін сотқа келмеуі туралы уәжін сот дәлелді деп санамайды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Талап қоюшының өкілінің және мүдделі тұлға «Nomad Life» Өмірді сақтандыру Компаниясы" «АНӨКШҚТІҚЗСАТТКӘН1БСКШЖЖКССІЖТЕОБӨБҚРАПКӘАҚААН4БББСЗСАШӘСОК4БКМЖПҚНЕТБСАКТҚҚНБТІБМКОАСАМЖҚ1Ж2ЖО[...]»» ЖШС-гі мен «К[...]» ЖШС-гі арасында шикі мұнай мен өндірілген суды тасымалдау туралы №ПНВ-20210/15-12 санды шарты жасалған, аталған шарт бойынша «СО[...]» ЖШС-гі «К[...]» ЖШС-нің жұмыскерлерін жататын орындармен және тамақпен қамтамасыз етуге, ал «К[...]» ЖШС-нің жұмыскерлері «СО[...]» ЖШС-нің өндірістік кен орнынан шикі мұнай мен өндірілген суды «К[...]» ЖШС-нің автокөліктерімен тасымалдауға міндеттенген.
«К[...]» ЖШС-гі жұмыскері С[...] 23 қантар 2023 жылы №2123 санды еңбек шарты негізінде жүргізуші ретінде вахталық әдіспен жұмысқа қабылданған, жұмысқа орналасу кезінде медициналық тексерістен өткен, №075 формалы медициналық анықтамасы бойынша өз кәсібі бойынша еңбекке жарамды.
И[...] 14 ақпан 2022 жылы №1945 санды еңбек шарты негізінде жүргізуші ретінде вахталық әдіспен жұмысқа қабылданған, жұмысқа орналасу кезінде медициналық тексерістен өткен, №075 формалы медициналық анықтамасы бойынша өз кәсібі бойынша еңбекке жарамды.
А[...] 3 қантар 2022 жылы №1998 санды еңбек шарты негізінде жөндеу механигі ретінде жұмысқа ауыстырылған, жұмысқа орналасу кезінде кезеңдік медициналық тексерістен өткен, №075 формалы медициналық анықтамасы бойынша өз кәсібі бойынша еңбекке жарамды.
2023 жылдың 3 ақпанында «К[...]» ЖШС-нің жұмыскерлері С[...], И[...] «СО[...]» ЖШС-нің «Кеңлік» кен орнындағы жатын бөлмесінде қайтыс болған және Серіктестіктің жұмыскері А[...] сол күні түс ауа кенеттен денсаулығы нашарлап облыстық ауруханаға жеткізілген.
Осы оқиғаға байланысты Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының 2023 жылғы 06 ақпандағы №23-н/қ бұйрығымен 7 адамнан тұратын арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылған. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергептексеру комиссиясының 16 наурыз 2023 жылғы қорытындысы негізінде өндірістегі жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінде жұмыскерлер С[...] қатысты жұмыс беруші «К[...]» ЖШСнің кінәсінің дәрежесі - 75%, ал жұмыскер С[...] кінәсінің дәрежесі - 25% деп көрсетілген, И[...] қатысты жұмыс беруші «К[...]» ЖШС-нің кінәсінің дәрежесі - 75%, ал жұмыскер И[...] кінәсінің дәрежесі - 25% деп көрсетілген.
А[...] қатысты жұмыс беруші «К[...]» ЖШС-нің кінәсінің дәрежесі - 50%, ал жұмыскер А[...] дәрежесі - 50% деп көрсетілген.
Талап қоюшы сотқа жүгініп, аталған оқиға 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түнгі уақытта болғандығын, арнайы тергеп-тексеру актісі бойынша А[...], И[...] және С[...] бірге өз бастамаларымен түнгі уақытта ішімдік ішкендерін, өзінің денсаулығының кенеттен нашарлауына ішкен ішімдік әсер еткендігін, «ҚР Әділет Министрлігінің Сот сараптама орталығы» РМҚК филиалы Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институты тарапынан 03.03.2023ж. берілген № 20-13-08-01/36/632 санды сарапшы қорытындысының тұжырымы бойынша С[...] өлімі «ағзаның жедел метил спиртімен улануы» нәтижесінде туындаған жедел жүрек қан тамыр қызметінің жетіспеушілігінен туындаған деп көрсетілгенін атап өтіп, болған оқиға еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке алынуға жатпайтынын, яғни жұмыскерлердің қайтыс болу фактісі олардың тікелей еңбек қызметіне байланысты емес, демалыс уақытында спирттік ішімдіктен улануларынан болған деп талап қоюды қанағаттандыруды сұраған.
Жергілікті соттар талапты қанағаттандырусыз қалдырғанда жауапкерлердің ұстанымымен келісіп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 182-бабының екінші тармағының 2), 17) тармақшаларында қамтылған:
- жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, оларға нұсқау беруді және білімдерін тексеруді өткізуге, сондай-ақ меншікті қаражаты есебінен өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;
-келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайлары өзгерген басқа жұмысқа ауыстырған не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде жұмыскерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз қаражаты есебінен өткізу жөніндегі міндеттерін жұмыс беруші орындамаған.
Жазатайым оқиғаның орын алуына жұмыскерлердің өрескел абайсыздығы, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды сақтамауы себеп болған негізге алған.
Дауланып отырған іс бойынша жазатайым оқиға жұмыскерлер С[...], И[...], А[...] жұмыс орнында болған уақыттта орын алған, сондықтан оқиғаның еңбек қызметіне байланысты деп есептеген.
Сот алқасы жергілікті соттар істің мән-жайларын дұрыс анықтай тұра материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбаған деп есептейді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 186 бабы үшінші тармағының 2) тармақшасының талабы бойынша:
- зардап шеккен адамның алкогольдік масаң күйде болуы, оның уытқұмарлық және есірткі заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалану негізгі себеп болған жағдайда.
Аталған баптың үшінші тармағының 1 тармақшасына сай:
- жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың мүддесімен байланысты емес жұмыстарды немесе өзге де әрекеттерді зардап шеккен адам өз бастамасы бойынша орындаған, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс, тынығу мен тамақтануға арналған үзіліс кезінде орындаған кезде, олар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке алынуға жатпайды.
А[...] арнайы тергеп-тексеру актісі бойынша И[...] және Саипов Ертай Сәнтайұлымен бірге өз бастамаларымен, түнгі уақытта ішімдік ішкендерін, өзінің денсаулығының нашарлауына ішкен ішімдік әсер еткендігін көрсеткен.
«ҚР Әділет Министрлігінің Сот сараптама орталығы» РМҚК филиалы Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институты тарапынан 3 наурыз 2023 жылғы берілген № 20-13-08-01/36/632, 20-13-08-01/36/633 санды сарапшы қорытындысының тұжырымы бойынша С[...], И[...] өлімдері «ағзаның жедел метил спиртімен улануы» нәтижесінде туындаған жедел жүрек қан тамыр қызметінің жетіспеушілігінен туындаған деп көрсетілген және химия-токсикологиялық сараптама нәтижесінде мәйіттің қанының құрамында метил спирті табылғандығын көрсетілген. А[...] диагнозы: «ООДСАКНАО4Ф2ГКЭСВК0ПИДСНИМТССОПНШ23СТГПГНТЭОАЗНСОСОСНВЖИЖЖІАШБЖКСАФДҚҚОБАҚБЖООСҚБЖЕК1БҮТ1Ж2ТТСМАЖЕҚБЖОЕҚБОРЕАЖЖҚБФОЕҚБЖОРЕАЖІБТІЖҚЖСАКЖТҚЖЖШҚЖӘН1БЖАН4БЕБ8ТБАСАҚОМАӘС2Ж2МШҚОСӘІЖСА2Ж3ҚҚКЖ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «ҚОБЖБ[...]» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 16 наурыздағы Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісін заңсыз деп танып, күшін жою талабын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдансын.
Талап қоюшы «К[...]» ЖШС-нің келтірілген кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші
Ғ.Әлжанов
Ж. Ермагамбетова
Судьялар
Б.Нажмиденов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.