№6003-25-00-2к/1486
ҚОСЫМША ҚАУЛЫ
2025 жылғы 18 желтоқсан Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья М.Т.Кадырова, судьялар А.З. Каирбеков, Р.А. Исполова, талап қоюшының өкілі Н.Т. Мусакуловтың, жауапкердің өкілі Т. Сарсеналиевтің қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Асан Насибекович Танатовтың сот шығындарын өндіру жөнінде қосымша қаулы шығару туралы арызын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен жауапкер Ф.Ж. Примбековадан талап қоюшы А.Н.Танатовтың пайдасына 20 000 000 теңге қарыз ақша, өкілдің көмегіне кеткен шығындары 1 000 000 теңге және мемлекеттік баж сомасы 200 000 теңге өндірілген. Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 ақпандағы қаулысымен аталған сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотта азаматтық іс жаупкердің өкілі Т.Сәрсеналиевтің кассациялық шағымымен қаралып, аталған сот қаулысы күшінде қалдырылған.
Талап қоюшы А.Н. Танатов сот шығындарын өндіру туралы арызымен жүгінген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 452-бабының 2-бөлігі бойынша кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 235 және 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға, кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарған қаулыны түсiндiруге құқылы, бұл туралы ұйғарым шығарылады, ал осы Кодекстің 236-бабында көзделген жағдайда және тәртіппен қосымша қаулы шығарылады.
АПК-нің 236-бабы 2-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес іс бойынша шешім шығарған сот іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша егер сот шығыстары бойынша туралы мәселені сот шешпесе, қосымша шешім шығара алады.
Кассациялық сатыдағы сотта өкілге төленген шығындары туралы мәселесі шешілмегендіктен қосымша қаулы шығару туралы арызы берілді.
Кассациялық сот талап қоюшының арызды қанағаттандыру туралы пікірін, жауапкер өкілінің қарсы пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, арыздың уәждерін талқылап, төмендегі тұжырымға келді.
Талап қоюшы А.Н.Танатовтың өкілдің көмегіне 1 000 000 теңге төлегені туралы құжаттар іс материалдарына тіркелген.
АПК-нің 109-бабының 1-бөілігіне сай сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Сондықтан, талап қоюшының арызы қанағаттандырылуға жатады.
АПК-нің 452-бабының 2-бөлігін басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Талап қоюшы А.Н. Танатовтың арызы қанағаттандырылсын. Жауапкер Ф.Ж. Примбековадан талап қоюшы А.Н.Танатовтың пайдасына өкілдің көмегіне кеткен 1 000 000 (бір миллион) теңге шығындары өндірілсін.
Төрағалық етуші
М.Т. Кадырова
Судьялар А.З. Каирбеков
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.