ВС РК - Постановление от 27.10.2021 по делу 6001-21-00-6КА/1007 (Об административном правонарушении)

6кп-57/21

Ж Е К Е Қ А У Л Ы

2021 жылғы 27 қазан Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья А.Қ.Қыдырбаева, судьялар М.Т.Балкен, А.Ж.Рахметулин,

прокурор Т[...],

Ақтау қаласы полиция басқармасының (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі Б[...],

әкімшілік жауапқа тартылған тұлға К[...] қатысуларымен,

кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында бейнеконференц байланыс арқылы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен,

К[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2021 жылғы 27 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша К[...] қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысын өзгертіп, оның әрекетін ӘҚБтК-нің 517-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен қайта саралап, 29 170 (жиырма тоғыз мың бір жүз жетпіс) теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Жоғарғы Сот, кассациялық тәртіппен іс қараған кезде Ақтау қаласы полиция басқармасының қызметкері іс бойынша сотқа дейін әкімшілік іс жүргізуде өрескел заң бұзушылықтар жібергені анықталды. Іс материалдарына сәйкес Өзбекстан Республикасының азаматшасы К[...] 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасында уақытша тіркелген, көрсетілген мерзім өткеннен соң, он тәуліктен асатын кезең ішінде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтарған. Осы факт бойынша оған қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Бірақ уәкілетті орган әкімшілік бұзушылық туралы хаттамада К[...] көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін, үш тәуліктен асатын кезең ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан кетуден жалтарып жүргендігін көрсетіп, ескі редакциядағы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен саралаған. Себебі Қазақстан Республикасы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №292-VI Заңмен ӘҚБтКнің 517-бабына өзгерістер енгізіліп, үш тәуліктен асатын кезең ішінде тұлға кетуден жалтарған болса, оның әрекеті ӘҚБтК-нің 517-бабы 3- бөлігінің 2) тармағымен сараланады. К[...] құқық бұзушылықты 2021 жылы жасағаны, он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғаны анықталған. С[...] әрекеті жаңа редакциядағы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен саралауға қажет еді.

Бірінші сатыдағы сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың шегінен шығып, он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғанын көрсетіп, жаңа редакциядағы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен оның әрекетін саралаған. Осы баптың жазалары ескі редакциясындағы бабының жазаларынан ауыр болады, сондықтан қолдануға жатпайды.

ӘҚБтК-нің 5-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін немесе тұлғаның жағдайын өзге түрде нашарлататын заңның кері күші болмайды. С[...].К[...] әрекетін ӘҚБтК-нің 517бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен алқа қайта саралады.

Сонымен бірге К[...] ұлты қазақ, 2019 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасының азаматы Қ[...] некесін мешітте шариғат жолымен қиып, бірге тұрғанын, заңды некеге тіркелу үшін Өзбекстан Республикасында бұрын неке құрмағаны туралы анықтама күтіп отырғанын полиция қызметкерлері анықтамаған, зерттемеген, тиісті құжаттарды іске тіркемеген. Себебі осы мән-жайлар жаза тағайындалған кезде ескеруге жатады.

С[...] Ақтау қаласының полиция басқармасының инспекторы екі жыл өткен ескі заңды қолданып, ӘҚБтК-нің 781бабының талаптарын орындамай, іс бойынша толық, жан-жақты мәнжайларды анықтамаған, әкімшілік жауапқа тартылған тұлғаның құқықтарын сақтамай, іс жүргізуді өткізгені анықталды.

Мұндай жағдайда, алқа ӘҚБтК-нің 829-19-бабының 1-бөлігінің бойынша көрсетілген қателіктер жөнінде уәкілетті органның жоғарғы тұрған мекемесіне мәлімет үшін жеке қаулы шығаруды есептейді.

Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 829-19, 851 баптарын басшылыққа алып, Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы,

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша К[...] қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасының қызметкерлері жіберген заң бұзушылықтар жөнінде келешекте оларды болдырмау үшін тиісті шаралар қолдануға Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігіне жеткізуге.

Қолданған шаралар жөнінде бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына хабарлауға.

А. Қыдырбаева

Төрағалық етуші

Судьялар

М. Балкен А.Рахметулин

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.