Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 18.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/4213 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 18 желтоқсан №6003-25-00-2к/4213 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев, талап қоюшы С[...], оның өкілі И[...] қатысуларымен ашық сот отырысында талап қоюшы С[...] жауапкерлер М[...], С[...], «AL[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «A[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, жеке нотариус С[...], «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, жауапкер жағындағы даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар Ж[...], К[...], жеке нотариус Н[...] сатып алу-сату шарттарын, олардың тіркелуін жарамсыз деп тану, мүлікті қайтаруға міндеттеу туралы талап қоюымен қабылданған Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 2 шілдедегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

С[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2025 жылғы 2 ақпандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 14 мамырдағы ұйғарымымен шешімнің күші жойылып, азаматтық іс бірінші сатыдағы сот қағидалары бойынша мәні бойынша қарау үшін апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылданған.

2025 жылғы 2 шілдедегі алқа қаулысымен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін, сот актісімен даулы жылжымайтын мүліктің мұрагерлерінің құқықтары бұзылғанын көрсетіп, алқа қаулысының күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыруды сұрайды.

Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде

бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сотпен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 167-бабына сәйкес бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.

Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруға тиіс.

АК-нің 169-бабында сенім білдірілген адам өзіне уәкілеттік берілген әрекетті өзі жасауға тиіс деп көрсетілген.

АК-нің 158-бабы 1-тармағына сай мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін.

АК-нің 159-бабы 10-тармағы бойынша бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде жасалған мәмiленi сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Жәбiрленушi тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртiбiмен өтеу (осы Кодекстiң 9-бабы 4-тармағы) терiс пиғылды өкiлге жүктелуi мүмкiн.

АПК-нің 72-бабына сай әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғану құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелерді және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімдерде келтіруге тиіс.

АПК-нің 48-бабы 2-бөлігіне, 225-бабы 2-бөлігіне сәйкес сот өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы емес, істі талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінде шешеді.

Неке қию туралы анықтамаға сәйкес С[...] пен К[...] арасында 1983 жылғы 21 сәуірде некелері тіркелген.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаға сәйкес туралы куәлікке сәйкес К[...] 2022 жылғы 5 тамызда қайтыс болған.Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі мен С[...] арасында 2005 жылғы 14 желтоқсанда жасалған №5138 сатып алу-сату келісім шарты бойынша кадастрлық №[...], көлемі 0,1499 гектар жер телімі С[...] жеке меншікке сатылған.

2006 жылғы 13 маусымдағы №333 Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімінің шешімі негізінде, С[...] Түркістан облысы, [...] бойынан монша құрылысы үшін көлемі 0,1499 гектар жер телімі жеке меншікке сатылып берілген.

2022 жылғы 27 желтоқсандағы №8773 ретпен куәландырылған заң бойынша мұраға құқық туралы куәлікке сәйкес, Түркістан облысы, [...] датқа ауылы, М[...] көшесі №2А тұрғын үйді, №[...] жер телімімен С[...] мұраға иеленген.

2024 жылғы 26 ақпандағы нотариус Т[...] №555 ретпен тіркелген С[...] атынан Түркістан облысы, [...] датқа ауылы, Новостроика көшесі №292А, кадастрлық №[...], көлемі 0,1499 гектар жер телімімен тұрғын үй емес құрылысты, Түркістан облысы, [...] датқа ауылы, М[...] көшесі №2А тұрғын үйді, №[...] жер телімімен сатуға және басқа да әрекет жасауға М[...] сенімхат берген.

Жеке нотариус С[...] куәландырған С[...] атынан берілген сенімхат бойынша М[...] және Ж[...] атынан берілген сенімхат бойынша С[...] рәсімделген 2024 жылғы 26 ақпандағы №848 сатып алу-сату шарты негізінде Түркістан облысы, [...] датқа ауылы, Новостроика көшесі №292А, кадастрлық нөмері №[...], көлемі 0,1499 гектар жер телімі мен монша 20 000 000 теңгеге Ж[...] сатылған.

Жеке нотариус С[...] куәландырған С[...] атынан берілген сенімхат бойынша М[...] және Ж[...] «AL[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жалғыз қатысушысы К[...] атынан берілген сенімхат бойынша Ж[...] рәсімделген 2024 жылғы 27 ақпандағы №864 сатып алу-сату шарты негізінде Түркістан облысы, [...] датқа ауылы, М[...] көшесі №2А тұрғын үй, №[...] жер телімімен «AL[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 10 000 000 теңгеге сатылған. Талап қоюшы С[...] талап қоюын ұлы М[...] өзінің атынан сенімхат негізінде моншаны және тұрғын үйді сатып, 50 000 000 теңгені өзіне беретін болып келіскенін, алайда, ұлы өзін алдап, аталған жылжымайтын мүліктерді арзан бағаға сатып жібергенін, ақшаны бермегенін, Қ[...] «AL[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атынан мәміле жасауға өкілеттігі болмағанын, мәмілелер заң талаптарына сәйкес келмейтінін, мәміле бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде жасалғанын көрсетіп, 2024 жылғы 26 ақпандағы №848 С[...] атынан

М[...] мен С[...] атынан Ж[...] (С[...] 2024 жылғы 24 ақпандағы берген сенімхаты негізінде) арасындағы және 2024 жылғы 27 ақпандағы №864 С[...] атынан М[...] мен «A[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан Ж[...] (серіктестіктің директоры С[...] 2024 жылғы 26 ақпандағы берген сенімхаты негізінде) арасында жасалған тұрғын үй мен жер телімін сатып алусату келісім шарттарын жарамсыз деп тануды сұраған.

Апелляциялық сатыдағы сотымен анықталғандай, талап қоюшы С[...] даулы тұрғын үй мен моншаны сатуға сенімхатты ұлы М[...] өз еркімен берген. Оларды сату не кепілге қою үшін берілгенін талап қоюшы теріске шығармаған. Сенімхат нотариатпен куәландандырылған. Даулы шарттарды жасаған кезде М[...] С[...] атынан сенімхаттың негізінде өзі әрекет еткен. Даулы шарттар жасалған кезде сенімхаттар заңды күшінде болған. Талап қоюшымен мәмілелерді М[...] сатып алушы тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалғанын растайтын дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған. Даулы монша 2024 жылғы 27 мамырдағы нотариус Ж[...] куәландырылған сатып алу-сату шартына сәйкес, С[...] пен «AL[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20 000 000 теңгеге сатылып, серіктестіктің атына тіркелген. 2024 жылғы 8 маусымдағы тілхатқа сәйкес М[...] сатылған моншаның құны 27 000 000 теңгені П[...] қолма-қол алған. Осыдан кейін 2024 жылғы 11 қазандағы нотариус Ж[...] куәландырған сатып алу-сату шартымен «AL[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 % жарғылық капиталы оның қатысушысы К[...] П[...] сатылған. Даулы тұрғын үйді [...] жылғы 5 наурызда нотариус С[...] куәландырған сатып алу-сату шарты бойынша К[...] «AL[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 10 000 000 теңгеге сатып алып, ақшасын К[...] 2024 жылғы 4 наурыздағы төлем құжатымен серіктістікке төлеген. 2024 жылғы 27 мамырдағы моншаны сатуға қатысты және 2024 жылғы 5 наурыздағы тұрғын үйді сатуға қатысты шарттар талап қоюшымен дауланбаған. Сот алқасы осы мән-жайларды ескеріп, даулы монша мен тұрғын үйді талап қоюшының еркінен тыс кетті деуге негіз жоқ екені, олардың соңғы және қазіргі кездегі меншік иелері адал сатып алушылар болып табылатыны туралы дұрыс тұжырым жасап, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған.

Сонымен қатар, апелляциялық сатыдағы сот Ж[...] серіктестіктің атынан әрекет етуге серіктестіктің директоры С[...] (талап қоюшы С[...] ұлы) 2024 жылғы 26 ақпанда сенімхат берілгенін ескеріп, талап қоюшы С[...] үшінші тұлға К[...] мүлікті сатып алу туралы серіктестіктің қатысушысының шешімінің және сенімхаты болмауы талап қоюшының құқығы мен мүдделерін бұзбайтынымен теріске шығарылатыны туралы дұрыс құқықтық баға берген.

Одан бөлек, даулы тұрғын үй мен жер телімі серіктестіктің атына тіркеліп, кейіннен жылжымайтын мүлік сатылғаны серіктестіктің қатысушылысы келісім бергенін білдіреді.

Жауапкер М[...] шағымға келтірген қарсы пікірінде апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен келісетінін, шағымды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Осыған байланысты, талап қоюшының өзіне даулы мәмілелер бойынша ақша берілмегені туралы уәжі даулы мәмілелерді жарамсыз деп тануға негіз болмайды.

АК-нің 1072-бабы 2-тармағына және 1072-1-бабы 2-тармағына сәйкес мұрагердiң мұраның бiр бөлiгiн қабылдағаны өзiне тиесiлi барлық мұраны қабылдағанын бiлдiредi. Егер мұрагер мұрагерлiктi iс жүзiнде қабылдағанын куәландыратын iс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер: мұраға алынған мүлiктi иеленуге немесе басқаруға кiрiссе, өзгеше дәлелденгенге дейiн мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.

Көрсетілген құқық нормалары негізінде С[...] мұралық тұрғын үйді қабылдап алғандықтан, моншаны да қабылдаған болып саналады. Талап қоюшы басқа мұрагерлер заң бойынша мұраға құқық туралы куәлікті алмағанын жоққа шығармайды. Талап қоюшының өзі бұл жылжымайтын мүлікті игеріп басқарғаны сатуға ниеті болғаны және ұлына оны сату үшін сенімхат бергенімен дәлелденеді. Осыған байланысты моншаға қатысты мәмілемен қайтыс болған жұбайының үлесі бойынша басқа мұрагерлердің құқықтары бұзылғаны туралы шағым уәжі негізсіз болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сотпен талап қоюшы мәлімдеген талаптары шегінде іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықтаған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді.

Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды. Шағымның уəждері сот алқасының қаулысын күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды.

Сондықтан, сот алқасының қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Түркістан облыстық сотының азаматтық icтep жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 2 шілдедегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев

Судья

А.Даненова А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.