Қ А У Л Ы
2026 жылғы 8 сәуір №6003-26-00-2к/249 (2) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар Қ.Айтжанов, А.Токсанбаев, талап қоюшының өкілі Т.Сейсекенов, жауапкердің өкілі Н.Тойбазарованың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Бахытгүл Хадайдың жауапкер Нәзигул Уанбекке иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тану туралы талап қоюы бойынша қабылданған Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 2025 жылғы 11 шілдедегі шешіміне және Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Б.Хадай жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сотының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 2025 жылғы 11 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Талап қоюшы Б.Хадай кассациялық шағымында соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайларға дұрыс құқықтық баға бермегенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыруды сұраған.
Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 240-бабы 1 және 4- тармақтарына сәйкес мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей жеті жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.
Мемлекеттiк тiркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлiкке меншiк құқығы бұл мүлiктi иелену мерзiмiне сәйкес алған тұлғада осындай тiркеу кезiнен бастап пайда болады. Өскемен қаласы, Нұрлы көш елді мекені, Жас ұлан көшесі, 3-үй мекенжайы бойынша орналасқан және ол 2012 жылғы 21 желтоқсанда Н.Уанбекке Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жасалған жалдау шарты негізінде жалға берілген.
Кейін, 2025 жылғы 24 ақпанда «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Н.Уанбек арасында № 101 жекешелендіру шарты жасалып, сол шарт негізінде көрсетілген тұрғын үй Н.Уанбектің меншігіне берілген. Осылайша, жауапкер Н.Уанбек даулы тұрғын үйдің заңды меншік иесі болып табылады.
Заңды күшіне енген Өскемен қалалық сотының 2014 жылғы 18 қарашадағы шешімімен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықғы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»» мемлекеттік мекемесінің Б.Хадайды даулы тұрғын үйден шығару туралы талап қоюы қанағаттандырылған.
Б.Хадай иелену мерзiмi бойынша меншік құқығын тану туралы талап қоюын, 2013 жылдың сәуірінен бастап отбасымен үйде тұрақты тұратыны, үйді Н.Уанбектің сіңлісі А.Зарыпханнан 650 000 теңгеге сатып алғаны, үйге қызмет көрсетіп, коммуналдық төлемдерді өзі төлейтінімен негіздеген.
Бірінші сатыдағы сотымен талап қоюшы даулы тұрғын үйдің адал иеленушісі болмауына байланысты талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.
Апелляциялық сатыдағы сот шешіммен келіскен.
Жергілікті соттармен талап қоюшы даулы үйді 2013 жылы меншік иесінен сатып алғаны дәлелденбегені, жауапкердің бұл үйге меншік құқығы тек 2025 жылы тіркелгені, 2014 жылғы сот шешімдерімен мемлекеттік мекеменің Б.Хадай мен оның отбасы мүшелерін шығару туралы талабы қанағаттандырылғаны, сот шешімі орындалмағаны анықталып, құқықтық баға берілген.
Соттармен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықтаған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді.
Жауапкердің талап қоюшыға даулы үйде тұруға руқсат бергені уақыт өткен соң осы үйге меншік құқығын тануға негіз болып табылмайды. Себебі, жауапкер талап қоюшыға даулы үйді сату, сыйға тарту, алмастыру шартымен бермеген. Жауапкер ол кезде үйдің меншік иесі болмаған, үйді жалдау шарты бойынша пайдаланған.
Кассациялық шағымда көрсетілген басқа уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды. Шағымның уəждері сот актілерін күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Сондықтан, сот актілер күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 2025 жылғы 11 шілдедегі шешімі және Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
А.Даненова Қ.Айтжанов А.Токсанбаев
судьялар
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.