КСАД РК - Постановление от 17.09.2025 по делу 6003-25-00-4к/765 (Административное)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 17 қыркүйек № 6003-25-00-4к/765 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші– судья Туғанбаев М.А. ,

судьялар – Л.Е.Каирбаева, Ж.А.Оспанова болып,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жеке сот орындаушы Нурболат Галымжанович Мусинге қаулыны заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік талап қоюы бойынша, қабылданған, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне, Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 қаңтардағы қаулысына мүдделі тұлғаның Ольга Александровна Бандуринаның келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

«Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі осы талап арызбен сотқа жүгінген. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешімен әкімшілік талап қою қанағаттандырылды. №5167/23-71-2352 атқарушылық іс жүргізу бойынша 2024 жылғы 13 ақпандағы борышкердің мүлкін беру туралы қаулы заңсыз деп танылып, күші жойылған. Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Мүдделі тұлға О.А.Бандурина кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, талап қоюды толығымен қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Кассациялық сот кассациялық шағым уәждерін тексеріп, іс құжаттарын зерделеп, төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе,

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.

Істің мән-жайы дауланған сот актілерінде толық көрсетілген.

Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандыра отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның нормаларын басшылыққа алып, жауапкердің атқарушылық іс-әрекеттері барысында жіберген рәсімдік бұзушылықтар салдарынан заңсыз қаулы шығарылған деген қорытындысы дұрыс. Мұндай жағдайларда даулы қаулы заңдылық пен негізділік талаптарына жауап бермейді.

ӘРПК-нің 4-бабында заңдылық қағидатына байланысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдау рәсімдері бойынша сәйкес келмейтін мемлекеттік органдардың актілері мен шешімдері заңсыз және жарамсыз деп танылады және олардың күші жойылуға жатады деп көзделген.

Сонымен қатар, заңдылық – бұл әкімшілік рәсімдердің принциптерінің бірі (ӘРПК-нің 7-бабы).

ӘРПК-нің 84, 156-баптарына сәйкес заңсыз ауыртпалық салатын әкімшілік акт міндетті түрде жойылуға тиіс.

Осыған байланысты, жергілікті соттардың мәлімделген талаптарды толық көлемде қанағаттандыру туралы тұжырымдарын, сот іс материалдары мен құқық нормаларына сәйкес заңды және негізделген деп есептейді.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне, Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 қаңтардағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Мүдделі тұлғаның Ольга Александровна Бандуринаның кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

М.Туғанбаев

Судьялар

Ж. Оспанова Л. Каирбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.