ҚАУЛЫ
2025 жылғы 29 сәуір 6001-25-00-6ап/255 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов,
судьялар – Ш.Т. Даниярова, Е.Ж. Өмірәлиев болып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Басқарма прокуроры Н.Молдахановтың, талап қоюшының өкілдері Б.М.Нарбекованың, Н.П.Алыбаевтың қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Төребек-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) жауапкерлер Түркістан облысының білім басқармасының Түркістан қаласының білім бөлімінің «Келешек» санаторлық бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – «Келешек» балабақшасы), Түркістан облысының білім басқармасының Түркістан қаласының білім бөлімінің «Ақ желкен» санаторлық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Ақ желкен» балабақшасы), «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент) 2024 жылғы 17 шілдедегі №12286955-1 қорытындылар хаттамасының күшін жою және заңсыз деп тану, 2024 жылғы 3 шілдедегі №611010000КППТСОПО-31/32-299202 санды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасының (бұдан әрі – хабарлама) Серіктестікті конкурстан шеттету бөлігін заңсыз деп танып күшін жою, 2024 жылғы 10 шілдедегі №12287073-1 санды қорытындылар хаттамасының күшін жою және заңсыз деп тану, 2024 жылғы 3 шілдедегі №611010000-КППТСОПО-31/32-299204 санды хабарламасының Серіктестікті конкурстан шеттету бөлігін заңсыз деп танып күшін жою, №12287073-1 санды конкурсты өткізілді деп тануды және конкурсын қайта қорытындылауды ұйымдастырушыға «Ақ желкен» балабақшасын міндеттеу, 2024 жылғы 18 шілдедегі №611010000-КППТСОПО-31/32-301035 санды және №611010000-КППТСОПО-31/32-30103 санды хабарламасының Серіктестікті конкурстан шеттету бөлігінде заңсыз деп танып күшін жою, 2024 жылғы 28 маусымдағы №12418021-1 санды және №12418026-1 қорытынды хаттамаларының күшін жойып заңсыз деп тану, №12418021-1 санды және №12418026-1 санды конкурстары бойынша қайта қорытындылауды «Келешек балабақшасын» міндеттеу, «Компания Нұрлы-Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) мен «Келешек балабақшасы» арасында 2024 жылғы 19 тамыздағы №11 санды және 2024 жылғы 26 тамыздағы №12 шарттарын жарамсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 8 қазандағы шешіміне, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 21 қарашадағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 21 қарашадағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 8 қазандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Серіктестік кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, талап қою арызын қанағаттандыруды сұраған.
Департамент пен мүдделі тұлға «Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) өкілдерінен істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арызы түсті.
Қалған сотқа қатысушылардың өкілдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді, сотқа келмеу себептерін хабарламады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот алқасы Серіктестік өкілдерінің кассациялық шағымды қолдаған пікірлерін, прокурордың сот актілерінің күші жойылып, талап қою қанағаттандырылуға жатады деген қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 449-бабына сай кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесiнде өтiнiшхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегiнен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алған.
Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда:
- «Ақ желкен» балабақшасы «Азық-түлік тауарларын сатып алу» тәрбиеленушілер мен білім алушылардың тамақтандыру қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша № 12286955-1 (1 лот) конкурс өткізген. 17 мамыр 2024 жылғы №12286955-1 конкурстың қорытындылары туралы хаттамасы бойынша Серіктестік жеңімпаз болып айқындалған.
Басқа әлеуетті өнім берушілердің шағымдары бойынша Департаментпен конкурсты қайта қарау туралы 3 шілде 2024 жылы хабарлама жоданған.
Конкурсты қайта қарау нәтижесімен 17 шілде 2024 жылғы хаттамамен Департамент хабарламасын негізге алып осы конкурс бойынша «Сатып алуды болдырмау», яғни сатып алуды жүргізуден бас тартылған.
- сол сияқты «Ақ желкен» балабақшасы «Азық-түлік тауарларын сатып алу» тәрбиеленушілер мен білім алушылардың тамақтандыру қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша №12287073-1 (23 лот ) конкурс өткізген.
14 маусым 2024 жылғы №12287073-1 конкурстың қорытындылары туралы хаттамасы бойынша Серіктестік пен басқа өнім берушілер әртүрлі лоттар бойынша жеңімпаз болып айқындалған.
Басқа әлеуетті өнім берушілердің шағымдары бойынша Департаментпен конкурсты қайта қарау туралы 3 шілде 2024 жылы хабарлама жоданған.
Конкурсты қайта қарау нәтижесімен 10 шілде 2024 жылғы хаттамамен Департамент хабарламасын негізге алып осы конкурс бойынша «Сатып алуды болдырмау», яғни сатып алуды жүргізуден бас тартылған.
- «Келешек» балабақшасы» «Азық-түлік тауарларын сатып алу» тәрбиеленушілер мен білім алушылардың тамақтандыру қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша №12418021-1 конкурс өткізген.
28 маусым 2024 жылғы №12418021-1 конкурстың қорытындылар туралы хаттамасы бойынша «Нұрлы-Жол» ЖШС-гі жеңімпаз, екінші орынды иеленген Серктестік болып айқындалған.
Талап қоюшының шағымымен Департамент 18 шілде 2024 жылы хабарлама жолдаған.
Конкурсты қайта қарау нәтижесімен 1 тамыз 2024 жылғы хаттамамен Серітестік конкурсқа қатысуға жіберілмеген. «Нұрлы-Жол» ЖШС-гі жеңімпаз болып қайта танылған.
- «Келешек» балабақшасы» «Азық-түлік тауарларын сатып алу» тәрбиеленушілер мен білім алушылардың тамақтандыру қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша №12418026-1 конкурс өткізген.
28 маусым 2024 жылғы №12418021-1 конкурстың қорытындылар туралы хаттамасы бойынша «Нұрлы-Жол» ЖШС-гі жеңімпаз, екінші орынды иеленген Серіктестік болып айқындалған.
Талап қоюшының шағымымен Департамент 18 шілде 2024 жылы хабарлама жолдаған.
Конкурсты қайта қарау нәтижесімен 1 тамыз 2024 жылғы хаттамамен «Нұрлы-Жол» ЖШС-гі жеңімпаз, екінші орынды иеленген Серіктестік болып қайта танылған.
Талап қоюшы Комитетке шағымданып, қанағаттанарлық жауап алмаған соң жоғарыдағы талаптармен сотқа жүгінген. Жергілікті соттар барлық конкурстар бойынша талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырғанда мына мән-жайды ескерген.
Соттар бұл дауды шешкенде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) 7-Қосымшасының ескертпесінде 1-тармақ бойынша конкурс өткізілетін тиісті аймақта ағымдағы жылдың өткен 7 жылдағы жұмыс тәжірибесінің болуы: орта мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен, осы шарттардың орындаудың әрбір айы үшін көрсетілген қызметтер актілерімен және шот-фактуралармен, мемлекеттік заңды тұлғалардың асханаларын мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарының көшірмелерімен расталады деген нормаға сілтеме жасаған.
Серіктестік 2018 жылы Түркістан облысының білім басқармасының Отырар ауданының білім бөлімінің «Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицейинтернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Лицей) 2018 жылдың 9-айына бір неше келісім-шарттар жасаған.
Басқарманың хабарламасы бойынша 19 маусым 2024 жылғы Лицейдің жауабы бойынша Серіктестікпен 15 қаңтар 2018 жылы № 1 санды сомасы 3 500 000 теңгеге келісім-шартты екі айға ғана жасағаны туралы жауабы келгенін. Жауабымен бірге келісім-шарт, тауар тізбесі және төлеуге арналған шот-фактуралар жолданғанын. Келісім шарттар бойынша тауарларды қабылдау актілері жасалмағаны хабарлаған. Осыған байланысты соттар конкурстық комиссиямен Серіктестік жалған мәліметтерді көрсеткендіктен оның өтініші конкурсқа негізсіз қабылданғандығы туралы тұжырым жасаған.
Сот алқасы сот актілерінде баяндалған сот түйіндері істің мәнжайларына сәйкес келмейді деп есептейді. Бұл олқылық заңсыз сот актілерін қабылдауға әкеп соқтырған.
Соттардың дауды шешкенде Қағиданың 7-қосымшасына сілтеме жасауы қате болып табылады. Седебі даулы конкурстардың нысаны «тамақтандыру» емес «тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізу» болған. Сондықтан Қағиданың «...тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттаманың» 8-қосымшасын басшылыққа алулары тиіс болатын.
Аталған 8-қосымша талаптарына сай конкурс өткізілетін тиісті аймақта ағымдағы жылдың өткен 7 жылдағы жұмыс тәжірибесінің болуы тауарларды жеткізу кезеңі, осы шарттарды орындаудың әрбір айы үшін тауарларды қабылдау-тапсыру актілері көрсетіле отырып, бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен расталады.
Департамент, конкурстық комиссия мен соттар Серіктестік пен Лицейдің арасында жасалған 15 қаңтар 2018 жылғы № 1 келісім шарттың орындалуына баға бергенде талап қоюшының конкурстық құжаттамасына тіркеген құжатына жете назар аудармаған.
Серіктестіктің тапсырған үлгілік конкурстық құжаттамасының 6- қосымшасында ол Лицеймен жасалған 15 қаңтар 2018 жылғы № 1 емес, сол Лицеймен жасалған 05 қаңтар 2018 жылғы № 1 келісім шарты, осы шартты орындаудың әрбір айы үшін тауарларды қабылдау-тапсыру актілері тапсырылған.
Бұл құжаттардың негізділігі теріске шығарылмаған.
Сондықтан Серіктестіктің жалған мәліметтерді көрсеткендіктен оның өтініші конкурсқа негізсіз қабылданғандығы туралы тұжырым негізсіз болып табылады.
Сонымен қатар соттар № 12286955-1 және №12287073-1 конкурстар бойынша конкурстық комиссия заңда көзделмеген негіздермен сатып алудан бас тартуын да ескермеген.
Істің бұл тұрғысында сот алқасы, істі жаңадан қарауға жібермей талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауға жеткілікті негіздер бар деп санайды. Талап қоюшының сотқа қатысу үшін өкілдің көмегіне жұмсаған шығыстары 330 000 теңгені өндіріп алу туралы өтінішхаты қанағаттандырылуға жатады. Өтінішхаттағы уәждер оған қоса берілген құжаттармен расталады.
АПК-нің 108-бабының 7) тармақшасына сәйкес іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға тараптар мен үшінші тұлғалардың жол жүру және тұрғын үй-жайларды жалдау бойынша, олардың сотқа келуіне байланысты жұмсаған шығыстары жатады.
Осы кодекстің 109-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сот өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 8 қазандағы шешімінің, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 21 қарашадағы қаулысының күші жойылсын.
Іс бойынша талап қою арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдансын. 2024 жылғы 17 шілдедегі №12286955-1 қорытындылар хаттамасының күші жойылып, заңсыз деп танылсын.
2024 жылғы 3 шілдедегі №611010000-КППТСОПО-31/32-299202 санды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасының «Төребек-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін конкурстан шеттету бөлігі заңсыз деп танылып, күшін жойылсын.
2024 жылғы 10 шілдедегі №12287073-1 санды қорытындылар хаттамасының күші жойылып, заңсыз деп танылсын. 2024 жылғы 3 3 шілдедегі №611010000-КППТСОПО-31/32-299204 санды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасының «Төребек-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін конкурстан шеттету бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылсын. №12287073-1 санды конкурсты өткізілді деп танып және конкурсын қайта қорытындылауды ұйымдастырушыға Түркістан облысының білім басқармасының Түркістан қаласының білім бөлімінің «Ақ желкен» санаторлық балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін міндеттеуді. 2024 жылғы 18 шілдедегі №611010000-КППТСОПО-31/32-301035 санды және №611010000-КППТСОПО-31/32-30103 санды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасының «Төребек-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін конкурстан шеттету бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылсын.
2024 жылғы 3 3 шілдедегі №611010000-КППТСОПО-31/32-299204 санды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасының «Төребек-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін конкурстан шеттету бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылсын.
2024 жылғы 28 маусымдағы №12418021-1 санды және №12418026-1 қорытынды хаттамаларының күші жойылып, заңсыз деп танылсын.
№1241802-1 санды және №12418026-1 санды конкурстары бойынша қайта қорытындылауды Түркістан қаласының білім бөлімінің «Келешек» санаторлық бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін міндеттеуді.
«Компания Нұрлы-Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Түркістан қаласының білім бөлімінің «Келешек» санаторлық бөбекжайбалабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында 2024 жылғы 19 тамыздағы №11 санды мемлекеттік сатып алу шарты және 2024 жылғы 26 тамыздағы №12 шарты жарамсыз деп танылсын.
Жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінен талап қоюшы «Төребек-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына 330 000 (үш жүз отыз мың) теңге өкілдің көмегіне төлеген сот шығыстары өндірілсін.
Талап қоюшы «Төребек-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
Көшірмесі дұрыс
С. Баймаханов Ш. Даниярова Е. Өмірәлиев Судья
С. Баймаханов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.