Қ А У Л Ы
2025 жылғы 26 қараша №6003-25-00-2к/2027 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші А.Тоқсанбаев,
судьялар А.Даненова, М.Ибрагимова,
жауапкер С.Тлеугалиев пен үшінші тұлға Д.Оразгалиевтың өкілі Э.Маратқызы, жеке нотариус А.Шахметовтың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Сауле Бурикбаеваның жауапкерлер Сатыбалды Уразгалиевич Тлеугалиевке, жеке нотариус Асылбек Джексембаевич Шахметовке 2022 жылғы 23 желтоқсандағы Сауле Бурикбаева мен Сатыбалды Уразгалиевич Тлеугалиевтің арасында пәтерді сатып алу-сату туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Атырау облысы Атырау қалалық сотының 2024 жылғы 5 қарашадағы шешіміне және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 ақпандағы қаулысына жауапкер С.Тлеугалиев пен үшінші тұлға Д.Оразгалиевтің кассациялық шағымдары бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
С.Бурикбаева жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Атырау қалалық сотының 2024 жылғы 5 қарашадағы шешімімен талап қоюы қанағаттандырылып, 2022 жылғы 23 желтоқсандағы С.Бурикбаева мен С.Тлеугалиевтің арасында жасалған Атырау қаласы, Нұрсая мөлтек ауданы, №63 үйдің 6 пәтерін сатып алу-сату туралы шарты жарамсыз деп танылған.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 ақпандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер С.Тлеугалиев пен үшінші тұлға Д.Оразгалиеваның өкілі Э.Мұратқызының кассациялық шағымдарында, жергілікті соттар іс бойынша жинақталған дәлелдемелерге құқықтық баға бермей тек сараптама қорытындысын негізге алғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 159-бабының 7-тармағына сәйкес, әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле
жасаған кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
2022 жылдың 23 желтоқсанында С.Бурикбаева мен С.Тлеугалиевтың арасында Атырау қаласы, Нұрсая мөлтек ауданы, № 63 үй 6 пәтерін сатып алусату туралы шарты (бұдан әрі – шарт) жасалған.
Аталған шарт негізінде жауапкер С.Тлеугалиев жұбайы А.Исмагулованың келісімі бойынша жоғарыда көрсетілген пәтерді талап қоюшы С.Бурикбаевадан 7 500 000 теңгеге сатып алған, шарт жеке нотариус А.Шахметовпен куәландырылып, реестрде № 9606 тіркелген.
2023 жылғы 27 қарашадағы Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мәліметіне сәйкес талап қоюшы С.Бурикбаева 2010 жылдан бері Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында «F71 - орташа дәрежелі ақыл ойдың кемістігі» диагнозымен есепте тұр, осы диагноз негізінде ол ІІІ топтағы мүгедек болып табылады.
Дауланып отырған шартты жасау және сол шартқа қол қойған сәтте С.Бурикбаева қандай психикалық жағдайда болғанын, шарттағы қолтаңба оның өзімен не басқа адаммен қойылғанын анықтау мақсатында сотпен сараптамалар тағайындалған.
«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-нің Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институты сарапшысының 2024 жылғы 18 наурыздағы №1081 қорытындысына сәйкес, С.Бурикбаева мен С.Тлеугалиевтың арасында жасалған дауды пәтерді сатып алу-сату шартында сатушы және қолтаңба деген тұстағы «Бурикбаева Сәуле» деген қолмен жазылған қолжазба және қолтаңба - Сауле Бурикбаевамен орындалған.
«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-нің Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институты сарапшысының 2024 жылғы 16 мамырдағы №1808/195 қорытындысына сай, С.Бурикбаева 2022 жылдың 23 желтоқсанында даулы пәтерді сатып алу-сату шартын жасаған сәтте «Минималды мінез-құлық бұзылыстарымен немесе оның жоқтығындағы орташа дәрежесіндегі ақыл ой қалысы (ХАК-10 бойынша, F-71.0) диагнозды созылмалы психикалық ауруымен зардап шеккен.
С.Бурикбаева 2022 жылдың 23 желтоқсанында даулы пәтерді сатып алусату шартын жасаған сәтте және осы шартқа қол қойған сәтте созылмалы психикалық ауруына байланысты өзінің іс-әрекеттеріне жауап бере алмаған және басқара алмаған.
Сараптама жүргізу барысында С.Бурикбаева «Минималды мінез-құлық бұзылыстарымен немесе оның жоқтығындағы орташа дәрежесіндегі ақыл ой қалысы (ХАК-10 бойынша, F-71.0) диагнозды созылмалы психикалық ауруымен бала кезінен зардап шегеді, 2010 жылдан бастап психикалық аурумен есепте тұрады, өзінің іс-әрекеттеріне есеп бере алмайды және өзге біреудің тұрақты күтімін қажетсінеді.
Жергілікті соттар сот-психиатриялық сараптама қорытындысы істің мәнжайларына сәйкес келетіндіктен дәлелдеме ретінде қабылдауға жатады деген дұрыс тұжырымға келген.
Мұндай жағдайда, яғни талап қоюшы С.Бурикбаева даулы шартты жасау барысында психикалық жағдайына байланысты өзінің әрекеттеріне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкіндігі болмаған, өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмаған және басқара алмағандықтан жергілікті соттармен АК-нің 159-бабы 7- тармағын негізге алып, талап қоюды қанағаттандыру туралы түйіні заңды және негізді болып саналады.
Кассациялық шағымында жергілікті соттар куәлердің жауаптары назарға алынбағаны туралы уəжі соттардың талап қою шегіндегі жасалған қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған.
Сондықтан, жергілікті соттардың сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Атырау облысы Атырау қалалық сотының 2024 жылғы 5 қарашадағы шешімі және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 ақпандағы қаулысы күшінде, жауапкер С.Тлеугалиев пен үшінші тұлға Д.Оразгалиевтің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
А.Тоқсанбаев
Төрағалық етуші
Судьялар
А.Даненова М.Ибрагимова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.