Қ А У Л Ы
2026 жылғы 10 маусым №6003-26-00-2к/1931 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев,
талап қоюшы П[...], талап қоюшы және үшінші тұлғалардың өкілі К[...], жауапкерлер Қ[...], Ж[...], жауапкерлердің өкілдері К[...], И[...], үшінші тұлға жеке нотариус Т[...], үшінші тұлғаның өкілі С[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында, талап қоюшы «М[...]» шаруа қожалығының төрағасы П[...] жауапкерлер Қ[...], Ж[...], «Арыс қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалына, заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктерді жарамсыз деп танып, күшін жою туралы және «М[...]» шаруа қожалығының төрағасы ретінде Д[...] қаласының мемлекеттік кірістер департаментіндегі есепке алудың күшін жою туралы талап қоюы бойынша қабылданған Түркістан облысы Арыс аудандық сотының 2025 жылғы 20 маусымдағы шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 қазандағы қаулысына жауапкер Ж[...] кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
П[...] және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар З[...], З[...], П[...], Қ[...] сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгінген.
Іске талап қоюшы жағынан даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар «Арыс қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Арыс қаласы әкімдігі, П[...] және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар З[...], З[...], П[...], Қ[...], жауапкер жағынан даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар жеке нотариус Т[...] тартылған.
Түркістан облысы Арыс аудандық сотының 2025 жылғы 20 маусымдағы шешімімен талап қоюшы П[...] талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, 2024 жылғы 18 сәуірдегі №457 заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік жарамсыз деп танылып, күші жойылған. Талап қоюдың қалған бөлігінде қанағаттандырудан бас тартылған. Сот шығындарын өндіру мәселесі шешілген.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 қазандағы қаулысымен Түркістан облысы Арыс аудандық сотының 2025 жылғы 20 маусымдағы шешімі өзгертіліп, сот шешімінің даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар З[...], З[...], П[...] және Қ[...] 2024 жылғы 18 сәуірдегі №458 заң бойынша мұраға құқық туралы куәлікті жарамсыз деп танып, күшін жою туралы талап қоюдың бөлігі қанағаттандырылған.
2024 жылғы 18 сәуірдегі №458 заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік жарамсыз деп танылып, күші жойылған.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер Ж[...] кассациялық шағымында, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттармен материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын, даулы мұраға құқық туралы куәліктерімен үшінші тұлғалардың құқықтары бұзылмайтынын көрсетіп, сот актілерін өзгертіп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Сот алқасымен іс бойынша заң бұзушылықтарға жол бермеген.
Арыс қаласы әкімдігінің 2000 жылғы 24 сәуірдегі №275 шешімімен Монтайтас акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Монтайтас АҚ) жерінен 260,19 га егістік, 388,61 га жайылымдық жері «М[...]» өндірістік кооперативіне тұрақты пайдалануға берілген.
Арыс ауданы Монтайтас АҚ-ның басқармасының 2000 жылғы 24 желтоқсандағы №42 хаттамалық шешімімен Монтайтас АҚ жерінен П[...] он екі жанұяға 282,19 га егістік жер, 388,61 га жайылымдық жер бөлінген.
Арыс қалалық әкімдігінің 2001 жылғы 11 наурыздағы №348 шешімімен шаруа қожалығын ұйымдастыру үшін оның жер үлесіне 703,75 га телімі егістік және жайылымдық жер 49 жылға жалға берілген.
«М[...]» шаруа қожалығының жалпы жиналысының 2004 жылғы 13 қарашадағы хаттамасында қатысушы ретінде Ж[...] пен П[...] қол қойған. Осы шаруа қожалықтың басқа 10 мүшесі қатысушылар ретінде көрсетілмеген және қол қоймаған.
Арыс қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 5 тамыздағы №461 қаулысымен 2001 жылғы 11 наурыздағы №348 шешімге өзгеріс енгізіліп, аталған жер телімдері Ж[...] 42 жылға жалға берілген.
Осыдан кейін, Арыс қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы №88 қаулысымен 2008 жылғы 5 тамыздағы №461 қаулыға тағы да өзгеріс енгізіліп, Ж[...] шаруа қожалығы мүшесі П[...] жер учаскесінің бір бөлігі сатылып, берілген және 417,44 га бөлігі 35 жылға жалға берілген. П[...] қатысты жер телімін жалдау туралы келісім шарты 2016 жылғы 19 тамызда және сатып алу-сату келісім шарты 2016 жылғы 6 қыркүйекте тіркелген.
П[...] жер үлесіне құқық туралы №571 куәлік Арыс ауданы әкімдігінің 1994 жылғы 15 сәуірдегі №120/1 шешімі негізінде берілген.
П[...] №935, П[...] №1133, П[...] №609, Б[...] №331 жер үлесіне құқық туралы куәліктер де осы шешім негізінде берілген.
Б[...] берілген №988 жер үлесіне құқығы жөнінде куәлікте куәлікті беруге негіз болған шешімнің шығарылған күні, ай, жылы және нөмірі көрсетілмеген. Бұл куәліктер жер үлесіне құқық беру шарттарын тіркеу кітабында тіркелген.
Алайда, осы куәліктер негізінде тіркеуші органда аталған тұлғалардың қандай да бір құқығы тіркелгені туралы дәлелдеме сотқа ұсынылмаған.
Кадастрлық №[...] жер телімінің тіркеу іс қағазында П[...] меншік құқығы 2005 жылғы 4 қазанда тіркеліп, 2008 жылғы 5 тамызда №461 қаулы негізінде тоқтатылған.
Ж[...] меншік құқығы 2009 жылғы 9 сәуірде тіркеліп, 2024 жылғы 18 сәуірде №457 заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік негізінде тоқтатылған.
Кадастрлық №[...] жер телімінің тіркеу іс қағазында Ж[...] жеке меншік құқығы 2009 жылғы 9 сәуірде тіркеліп, 2024 жылғы 18 сәуірде №458 заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік негізінде тоқтатылған.
Даулы №457 және №458 заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктерде көрсетілген кадастрлық №[...], №[...] жер телімдеріне Ж[...] құқығы 2024 жылғы 18 сәуірде тіркелген.
Талап қоюшы П[...] талабында 2024 жылғы 18 сәуірдегі №457, №458 заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктерді жарамсыз деп танып, күшін жоюды және «М[...]» шаруа қожалығының төрағасы ретінде Д.Қ[...] қаласының мемлекеттік кірістер департаментіндегі есепке алудың күшін жоюды сұраған.
Бірінші сатыдағы сот П[...] талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы тұжырымын нотариус Т[...] қайтыс болған Ж[...] жұбайы Ж[...] заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктерді куәландырғанын. Онда, талап қоюшы «М[...]» шаруа қожалығының мүшесі болып табылмайтынын және дауланып отырған заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктер талап қоюшының құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзбайтынымен және Арыс қаласының мемлекеттік кірістер басқармасымен «М[...]» шаруа қожалығының төрағасы Қ[...] есепке алудың күшін жоюға негіз бола алатындай дәйекті дәлелдер ұсынылмағанымен негіздеген.
Апелляциялық сатыдағы сот шешімнің осы бөлігімен келіскен. Сот кассациялық шағымының осы бөлігіне қатысты уәждері материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілген, олардың негізсіздігін бекітетін дәлелдемелерді жауапкер ұсынбады.
Сонымен қатар, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар З[...], З[...], П[...], Қ[...] талаптарын Арыс қаласы әкімдігімен 2004 жылы қолданысы тоқтатылған қаулыға Ж[...] жер беру туралы заңсыз өзгеріс енгізілгенімен, Ж[...] қайтыс болуына байланысты, оның жұбайы Ж[...] 2024 жылғы 18 сәуірдегі №457 және №458 заң бойынша мұраға құқық куәліктері негізінде мұрагері болып, «М[...]» шаруа қожалығының мүшелеріне тиесілі жерлерді заңсыз иеленіп, өздерінің құқықтары бұзылғанымен негіздеп, көрсетілген заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктерді жарамсыз деп танып, күшін жоюды және Қ[...] өтініші негізінде шаруа қожалықтың төрағасы заңсыз өзгертілгенін, сондықтан «М[...]» шаруа қожалығының төрағасы ретінде Арыс қаласының мемлекеттік кірістер департаментіндегі есепке алудың күшін жоюды сұраған. Нотариус Т[...] куәландырған 2024 жылғы 18 сәуірдегі №457 Ж[...] атына берілген заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік 2008 жылғы 5 тамыздағы Арыс қаласы әкімдігінің №461 қаулысы негізінде берілген.
Алайда, даулы №457 мұраға құқық туралы куәлікті берген кезде Арыс қаласы әкімдігінің №461 қаулысының мұра қалдырушы Ж[...] қатысты бөлігінің заңды күші болмаған.
Себебі, Арыс қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы №88 қаулысымен 2008 жылғы 5 тамыздағы Арыс қаласы әкімдігінің №461 қаулысының Ж[...] қатысты бөлігінің күші жойылған. Осылайша, №457 мұраға құқық туралы куәлікті рәсімдеуге заңды күші болмаған қаулы негіз болған.
Осыған байланысты сот алқасы, бірінші сатыдағы соттың даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың 2024 жылғы 18 сәуірдегі №457 Ж[...] атына берілген заң бойынша мұраға құқық туралы куәлігі заңды күші жоқ қаулы негізінде берілген деген тұжырымын негізді деп таныған.
Сондай-ақ, Ж[...] атына берілген 2024 жылғы 18 сәуірдегі №458 заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік Арыс қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 тамыздағы №461 қаулысы, Арыс қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы №88 қаулысы және Арыс қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің 2016 жылғы 10 наурыздағы №25 жалға беру шарты негізінде берілген.
Бірінші сатыдағы сот даулы 2024 жылғы 18 сәуірдегі №458 мұраға құқық туралы куәлікті рәсімдеуге заңдық күші бар қаулы мен жалға беру шарты негіз болғанымен негіздеп, даудын нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың осы талабы бөлігінде қанағаттандырусыз қалдырған.
Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың бұл тұжырымын төмендегі себептермен негізсіз деп таныған.
АК-нің 224-бабының 1-тармағына сәйкес шаруа қожалығының мүлкi, егер оның мүшелерiнiң арасындағы шартта өзгеше белгiленбесе, оларға бiрлескен меншiк құқығында тиесiлi болады.
Бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкi оның мүшелерiне ортақ үлестiк меншiк құқығында тиесiлi болады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы №5 «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының 29-тармағына сәйкес, егер шартта шаруа қожалығы мүшелерінің арасында өзгеше белгіленбесе, шаруа қожалығының мүлкі оларға бірлескен меншік құқығы негізінде тиесілі болады. Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдасқан фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік негізінде тиесілі болады.
Жеке кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығы негізінде тиесілі болады.
АК-нің 1082-бабына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының мүшесі қайтыс болған жағдайда мұра жалпы ережелер бойынша ашылады. Мұра қалдырушының жеке кәсіпкерлігіне негізделген фермер қожалығының мүлкіне мұраның ашылуын қоспағанда, мұрагерлердің осы мүлікке жалпы меншіктегі оның үлесіне мөлшерлес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Егер шаруа немесе фермер қожалығын құру туралы шартта осындай қожалық мүшелеріне мұрагерлерді қабылдау көзделсе, онда шаруа немесе фермер қожалығы жалпы жиналысы мүшелерінің келісімімен осындай қожалықтың қайтыс болған мүшесінің мұрагері мұрагерлік үлесінің шегінде мүшелікке қабылдануы мүмкін.
Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкі осындай қожалық қызметі тоқтатылған жағдайда ғана мұрагерлер арасында бөлінуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 46-бабы 1- тармағына сәйкес шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады. Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады. Өзіндік кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығымен тиесілі болады.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар З[...], З[...], П[...], Қ[...] «М[...]» шаруа қожалығының мүшелері болып табылады, сондықтан Ж[...] атына берілген 2024 жылғы 18 сәуірдегі №458 заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік шаруа қожалығының мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзады, өйткені шаруа қожалығының мүлкі оларға ортақ үлестік меншік құқығы негізінде тиесілі және оның мүшелері өздеріне тиесілі үлесті алуға құқылы.
Сот алқасы көрсетілген мән-жайлар негізінде және заң нормаларына сәйкес, алқа, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың даулы №458 заң бойынша мұраға құқық туралы куәлікті жарамсыз деп танып, күшін жою туралы талап қоюдың бөлігі қанағаттандырылуға жатады деген дұрыс тұжырымға келген.
Сонымен қатар, сот алқасы бірінші сатыдағы соттың даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың «М[...]» шаруа қожалығының төрағасы ретінде Д.Қ[...] қаласының мемлекеттік кірістер департаментіндегі есепке алудың күшін жою туралы талаптарының бөлігі қанағаттандырусыз қалдыруға жатады деген тұжырымымен дәлелдемер ұсынылмағанына байланысты келіскен.
Соттармен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықталған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді. Жауапкердің дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалардың талап қоюлары бірінші сатыдағы сотпен тіркелмегені туралы шағым уәжі негізсіз себебі бұл талап Арыс аудандық сотымен 2025 жылғы 21 сәуірде кіріс №517/652 тіркелген (1 бума, 178 бет).
Одан бөлек, сот жауапкердің даулы мұраға құқық берітін куәліктер заң талаптарына сәйкес берілгені туралы шағым уәжін жоғарыда көрсетілген мән-
жайларға байланысты негізсіз деп табады. Сонымен қатар, даулы куәліктерді куәландырған нотариус Т[...] мұра ашылған кезде хабарландыру жасамағанын көрсетті.
Арыс қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің бастығы А[...] мәліметіне сәйкес даулы жер телімдерінің пайдаланушылары ретінде 12 адам соның ішінде үшінші тұлғалар көрсетілген. Бұл мәліметті енгізуге Түркістан облысы Арыс қаласы әкімінің 2023 жылғы 2 қарашадағы қаулысы негіз болған. Осы қаулымен Арыс қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы №88, 2008 жылғы 5 мамырдағы №461, 2001 жылғы 11 наурыздағы №348 қаулыларына өзгерістер енгізіліп, кадастрлық №№[...], 19287-035-026 жер телімдерінің 282,19 га егістік, 417,44 га жайылымдық жер телімдері ортақ үлестік уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы белгіленген.
Осыған байланысты үшінші тұлғалардың даулы куәліктермен құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады.
Нотариус АК-нің 1073-бабы 2-тармағына сәйкес даулы мүлікке қатысты басқа мұрагерлері туралы нақты мәліметі болмаса да, үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзып, жауапкер Ж[...] бүкіл жер телімдеріне (699,63 га) заң бойынша мұрагерлік құқығын заңсыз куәландырған.
Кассациялық шағымда көрсетілген басқа уәждер сот актілерін күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды, материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды. Сондықтан, сот актілер күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады. АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 қазандағы қаулысы күшінде, жауапкер Ж[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья А.Даненова
Судьялар
М.Ибрагимова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.