КСАД РК - Определение от 24.12.2025 по делу 6003-25-00-4к/149 (Административное)

ҰЙҒАРЫМ

2025 жылғы 24 желтоқсан 6003-25-00-4к/149 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья Е.Б.Төлеев

судьялар Л.Е.Кудекова, Ш.С.Манжуева болып,

ашық сот отырысында талап қоюшы Мунсыз Калкамановна Турсынбекованың жауапкерлер «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2024 жылғы 8 қазандағы бұйрықтың күшін жою және кезекте қалпына келтіруге мәжбүрлеу туралы талап қоюы бойынша қозғалған әкімшілік ісін қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы бірінші сатыдағы сотқа арыз түсіріп, онда жауапкерге қатысты жоғарыдағы талаптарымен жүгінген.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 21 қарашадағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен жоғарыда көрсетілген сот актілері бұзылып, іс бойынша жаңа шешім қабылданды, М.К.Турсынбекованың талабы қанағаттандырылды. «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 8 қазандағы бұйрығының күші жойылып, талап қоюшы Мунсыз Калкамановна Турсынбекованың кезегі қалпына келтірілді. Талап қоюшы өзінің өтінішхатында заң көмегін көрсету туралы шарты негізінде С.И.Султанбековаға төленген 500 000 тенге мөлшеріндегі өкілдік шығындарын өндіру туралы арызын қарастырып, қосымша сот актісін шығаруды, заң көмегі үшін төленген шығындарды талап қоюшының пайдасына өндіруді сұраған.

Тиісті түрде хабарланған талап қоюшы, жауапкердің өкілі кассациялық саты сотының отырысына келмеді, себебін хабарламады, бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сай істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.

Кассациялық сот, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.

АПК-нің 236-бабы бірінші бөлігінің 1), 3) тармақтарына сəйкес іс бойынша шешiм шығарған сот iске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша мынадай жағдайларда: егер iске қатысатын адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсiнiктемелер берген қандай да бiр талап бойынша шешiм шығарылмаса; егер сот шығыстары туралы мәселенi сот шешпесе қосымша шешiм шығара алады.

Сотпен анықталғандай, кассациялық саты сотында өкілдің қатысқаны үшін төленген 500 000 теңгені өндіру туралы арыз сотқа түскен жоқ, сот шығындары туралы мәселе қаралған жоқ, іске қатысқан тұлғалармен осы мәселеге қатысты дәлелдемелер ұсынылмады және түсiнiктемелер берілген жоқ.

Сондықтан, іс бойынша қосымша қаулы шығару өтінішхатын қанағаттандыруға негіз жоқ.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін және АПК-нің 236-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Қосымша сот актісін шығару туралы талап қоюшы Мунсыз Калкамановна Турсынбекованың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Е.Төлеев

Судьялар

Л. Кудекова

Ш.Манжуева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.