ВС РК - Постановление от 11.07.2024 по делу 6001-24-00-6ап/127(1) (Административное)

6001-24-00-6ап/127(1)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 11 шілде Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Б. Дуйсенбаев,

талап қоюшы Д[...] «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «№75 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2023 жылғы 30 мамырдағы №6 хаттамалық шешімді заңсыз деп танып, күшін жою, тұрғын үйге мұқтаж деп тану, 2021 жылғы 1 қыркүйегінен бастап тұрғын үй төлемдерін тағайындауды мәжбүрлеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 28 шілдедегі шешіміне, Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 қарашадағы қаулысына жауапкердің келтірген кассациялық шағымын қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Д[...] жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 28 шілдедегі шешімімен талап арыз қанағаттандырылған.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «№75 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - «№75 мекемесі» РММ) 2023 жылғы 30 мамырдағы №6 хаттамалық шешімінің Д[...] қатысты бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Ж[...] Д[...] тұрғын үйге мұқтаж деп танып, тұрғын үй төлемдерін тағайындауға қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеттелген.

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, талап қоюшының арызы ішінара қанағаттандырылған.

Жауапкерге тұрғын үй төлемдерін Д[...] баянатпен жүгінген кезден бастап тағайындау міндеттелген.

Аталған сот актілеріне жауапкер олардың күшін жою туралы кассациялық шағым берілген.

Істі негізі бойынша қарағанға дейін жауапкерден кассациялық шағымды кері қайтару туралы өтініш келіп түсті. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-ның 435-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өтiнiшхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы одан бас тартуға немесе өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы. Осыған орай, АПК-ның 442-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасының негізінде өтінішхат, оны берген тұлғаға қайтарылуға жатады.

АПК-ның 444-бабының бірінші бөлігінің 3) тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 28 шілдедегі шешіміне, Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 14 қарашадағы қаулысына жауапкердің келтірген кассациялық шағымы кері қайтарылсын. Іс бойынша тараптарға қаулының көшірмесі жіберілсін.

Судья Г.Б. Дуйсенбаев Көшірмесі дұрыс. Судья Г.Б. Дуйсенбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.