ҚАУЛЫ
2024 жылғы 8 тамыз 6001-24-00-6ап/606 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов,
судьялар – Ғ.Ө. Әлжанов, Ш.Т. Даниярова болып,
жауапкер өкілі Э.С. Танашеваның қатысуымен
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Рысбек Саршаевтың жауапкерлер Байзақ ауданының әкіміне, Баглан Рыскелдиевич Саршаевқа мүлікті жария ету бойынша комиссияның шешімін жарамсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының 2023 жылғы 21 қарашадағы ұйғарымына, Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының 2023 жылғы 21 қарашадағы ұйғарымымен талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылып, талап қоюы қайтарылған.
Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшінде қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуді сұраған.
Басқа сотқа қатысушылардың өкілдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді, сотқа келмеу себептерін хабарламады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот алқасы жауапкер өкілінің кассациялық шағыммен келіспеген пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Істің мән-жайларына қарағанда талап қоюшы Рысбек Саршаев Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан ауылы, 9-май көшесіндегі, 37-үйді Баглан Рыскелдиевич Саршаевтың атына жария ету туралы Байзақ аудандық мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау комиссиясының «Жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» 2007 жылғы 7 ақпандағы №3861 санды шешімін заңсыз деп тануды сұрап, 2023 жылдың 20 қазанында сотқа жүгінген.
Соттар талап қоюды қайтаруын дауланып отырған әкімшілік акті 2007 жылғы 7 ақпанда қабылданғанда талап қоюшы әкімшілік рәсімдердің қатысушысы болып табылмайды.
Яғни, ол ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне сәйкес қалпына келтіруге жатпайтын сотқа талап қоюды берудің бір жылдық мерзімін өткізіп алған деп негіздеген.
ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бөлігіне сай құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы.
Яғни, даулы әкімшілік акті талап қоюшы жөнінде қабылданбағандықтан ол әкімшілік рәсіміне қатысушы болып танылмайды.
Сондықтан соттардың талап қоюшыға сотқа талап қоюды берудің тыйым салынған бір жылдық мерзімін қолдануы негізді болып табылады.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының 2023 жылғы 21 қарашадағы ұйғарымы, Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшы Рысбек Саршаевтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов Г. Әлжанов Ш. Даниярова
Көшірмесі дұрыс Судья
С. Баймаханов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.