6001-23-00-3гп-48
Қ А У Л Ы
2023 жылғы 28 ақпан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа төрағасы Н.К.Шәріпов, судьялар Б.Р.Ералиева, Н.Қ.Сұлтановтың,
талап қоюшының өкілі О[...], аудармашы Е[...], мүдделі тұлғалар М[...], Г[...], Ж[...], Х[...], Б[...] сенімді өкілі А[...] қатысуларымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында TrueConf мобилді бейнебайланысы арқылы талап қоюшы «СРМ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әріСеріктестік) жеке кәсіпкер А[...] (бұдан әрі-ЖК [...]) санитарлық қорғау аймағын бастапқы қалпына мәжбүрлеп келтіру туралы талап қоюмен қозғалған электрондық азаматтық іс бойынша қабылданған
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі ұйғарымын және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 қарашадағы ұйғарымын қайта қарау туралы М[...], Г[...], Ж[...], Х[...], Б[...] сенімді өкілі А[...] келтірген өтінішхатымен келіп түскен азаматтық ісін қарап,
Серіктестік сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгініп, онда жауапкерден санитарлық қорғау аймағын бастапқы қалпына мәжбүрлеп келтіруді сұраған.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі-МАЭС) 2022 жылғы 27 мамырдағы ұйғарымымен Серіктестік пен ЖК [...] арасында санитарлық қорғау аймағын бастапқы қалпына мәжбүрлеп келтіру туралы талап қоюын медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген.
Соттың ұйғарымына ЖК [...] сенімді өкілі А[...] 2022 жылғы 31 тамызда жеке шағым түскен.
МАЭС-тің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі ұйғарымымен сот ұйғарымына шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтініш қанағаттандырусыз қалдырылған, апелляциялық шағым қайтарылған.
Аталған сот ұйғарымымен келіспей, Шымкент қаласы А.Б[...] көшесі № [...] үйдің пәтер иелері М[...], Г[...], Ж[...],Х[...], Б[...] сенімді өкілі А[...] жеке шағым түскен.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 қарашадағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта арызданушылардың өкілі А[...] іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың істі қарау барысында процесстік құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, дауланған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
ЖК [...] өкілі кассациялық сатыдағы сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарламаны дер кезінде алса да, сот отырысына қатыспады және оның қатыспау себептерін хабарламады, істің қаралуын өздерінің қатысуынсыз өткізуді сұрамады.
Алқа, ЖК [...] өкілінің сотқа қатыспауын дәлелсіз себептермен деп есептеп, сот отырысын оның өкілінің қатысуынсыз өткізді.
Сот алқасы іс бойынша арызданушылардың өкілі А[...] өтінішхатты қолдаған түсінігін, талап қоюшы Серіктестіктің өкілі О[...] дауланған сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған түсінігін, өтінішхат уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесідей тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы осы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылады.
Сот алқасы бұл іс бойынша мұндай негіздер бар деп санайды.
Іс құжаттарынан анықталғандай тараптар талап қоюшы мен жауапкер дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, медиация рәсімінде өздері ұсынған, оның негізінде осы келісімнің, ақпараттың толық және дұрыс екендігін растайтын қол таңбалары қойылған келісімді бекітіп беруді және істі тоқтатуды сұраған.
МАЭС-тің 2022 жылғы 27 мамырдағы ұйғарымымен Серіктестік пен ЖК [...] арасында санитарлық қорғау аймағын бастапқы қалпына мәжбүрлеп келтіру туралы талап қоюын медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген.
Аталған сот ұйғарымына М[...], Г[...], Ж[...], Х[...], Б[...] сенімді өкілі А[...] жеке шағым 2022 жылғы 31 тамызда түскен.
Сот ұйғарымы түпкілікті нысанда 2022 жылғы 27 мамырда дайындалған.
Мерзімді қалпына келтіру туралы сотқа жүгінген кезде мүдделі тұлғалар өкілі А[...] азаматтық іс сотта қаралғанын және тараптар бітімгершілікке келгенін білмегендерін, сол себепті дер кезінде жеке шағым бере алмағанын көрсеткен.
Жергілікті соттар апелляциялық шағымдану мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдырып, шағым келтіру мерзімін өткізіп алу себептерін дәлелсіз деп санаған.
Бірінші сатыдағы сот 2022 жылғы 31 тамызда түскен жеке шағымды қайтара отырып, шағым ЖК [...] сенімді өкілі А[...] түскен, соңғы шағымдану мерзімін негізсіз өткізіп алған деп көрсеткен. Сонымен қатар, шешімнің уәждеу бөлігінде сот жауапкер Д[...] апелляциялық шағымын қайтару ісін қарастырды деп жазған.
Негізінен жеке шағым ЖК [...] өкілінен емес, мүдделі тұлғалар М[...], Г[...], Ж[...], Х[...], Б[...] сенімді өкілі А[...] түскен.
Аталған мүдделі тұлғалар істі қараған кезде қатыстырылмаған.
Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың түйінімен келісе отырып, медиативтік келісімді бекіту кезінде үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері қозғалмаған деген қорытындыға келген.
Ал, М[...], Г[...], Ж[...], Х[...], Б[...] сенімді өкілі А[...] өтінішхатында мүдделі тұлғалар Шымкент қаласы А.Б[...] көшесіндегі № [...] үйдің тұрғындары мен пәтер иелері екенін, сондықтан соттың бекіткен бітімгершілік келісімі олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзып отыр деп көрсеткен.
Сонымен қатар, бітімгершілік келісімнің 6-тармағында жауапкер 2024 жылдың 25 мамырына дейін диаметрі 150 мм кәріз құбырын жылжыту арқылы санитарлық-қорғау аймағын өз есебінен қалпына келтіреді деп көрсеткен, бірақ құжаттардан кәріз құбырының диаметрі 200 мм екені және даулы ғимарат кәріз құбырының үстіне заңсыз салынғаны байқалады деген.
Сондықтан жауапкер кәріз құбырын жылжыту арқылы емес, өзінің заңсыз салған ғимаратын бұзу арқылы санитарлық қорғау аймағын өз есебінен қалпына келтіруге міндетті еді деп көрсеткен.
А[...] дауланып отырған соттың ұйғарымын іс құжаттарымен танысқаннан кейін, тек 2022 жылғы 17 тамызда алғанын, сол себепті шағым беру кезеңін себепті өткізіп алғанын көрсетіп, оны қалпына келтіруді сұраған.
АПК-нің 126-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сот заңды бұзған жағдайда сот актілеріне шағым жасау, прокурордың өтінішхат немесе наразылық келтіруі не процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндігін шектейтін сот актілеріне шағым жасау үшін, сондай-ақ уақтылы шағым беруге, прокурордың өтінішхат немесе наразылық келтіруіне кедергі болған өзге де мән-жайлар болған кезде сот осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруге міндетті.
Істің мұндай тұрғысында алқа, жергілікті соттардың шағымданушы шағымдану мерзімін негізсіз өткізіп алған және медиативтік келісімді бекіту кезінде үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері қозғалмаған деген түйіндерімен келіспейді, себебі даулы 2-қабатты ғимарат Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Б[...]-Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан, ал мүдделі тұлғалар Б[...] көшесіндегі № [...] үйдің тұрғындары және олардың айтуынша даулы ғимарат кәріз құбырының үстіне салынған, сондықтан ол құбыр деформация беруі мүмкін деп көрсеткен.
АПК-нің 401 бабының 4-бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған адамдар да апелляциялық шағым жасауға құқылы.
Сондықтан алқа, жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойып, мүдделі тұлғалардың сенімді өкілі А[...] шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын қанағаттандырып, істі бірінші сатыдағы сотқа АПК-нің 405 бабының талаптарын орындау үшін жолдайды.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 2) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі ұйғарымы мен Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 қарашадағы ұйғарымының күштері жойылсын, М[...], Г[...], Ж[...], Х[...], Б[...] сенімді өкілі А[...] шағым беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхаты қанағаттандырылсын.
Азаматтық іс Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 405 бабының талаптарын орындау үшін жолдансын. М[...], Г[...], Ж[...], Х[...], Б[...] сенімді өкілі А[...] өтінішхаты қанағаттандырылсын. Төрағалық етуші Н.К.Шәріпов Судьялар Б.Р.Ералиева Н.Қ.Сұлтанов Көшірмесі дұрыс: Судья Б.Р.Ералиева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.