№6003-25-00-2к/1486
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 20 қараша Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья М.Т.Кадырова, судьялар А.З. Каирбеков, Р.А. Исполова,
талап қоюшының өкілі Н.Т. Мусакуловтың,
жауапкер Ф.Ж. Примбекованың және оның өкілі Т. Сарсеналиевтің қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Асан Насибекович Танатовтың жауапкер Феруза Жантураевна Примбековаға қарыз ақша өндіру туралы азаматық істі жауапкердің Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 ақпандағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Ф.Примбекова А.Танатовқа 2023 жылдың соңына дейін 20 000 000 теңге қайтаратындығы жөнінде қолхат берген.
А.Танатов қарызды өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Жауапкер Ф.Ж. Примбековадан талап қоюшы А.Н.Танатовтың пайдасына 20 000 000 теңге қарыз ақша, өкілдің көмегіне кеткен шығындары 1 000 000 теңге және мемлекеттік баж сомасы 200 000 теңге өндірілген. Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 ақпандағы қаулысымен аталған сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Жаупкердің өкілі Т.Сәрсеналиев кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мәнжайлардың шеңберін дұрыс анықтамағаның, талап қоюшы жауапкерді танымайтының, аталған ақша сомасын өзі жауапкерге бермегенін соттар ескермегенін, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.
Кассациялық сот шағымды қолдаған жауапкердің және оның өкілің, шағымға қарсылық білдірген талап коюшының өкілін тындап, іс материалдарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі -АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болады.
Жергілікті соттар мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар жауапкердің қарыз ақшаны қайтару жөніндегі міндеттемесі Ф.Примбекованың А.Танатовқа берілген қолхаты негізінде туындайды деген қорытындыға келген. Соттардың мұндай тұжырымдамасын кассациялық сот дұрыс деп есептейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі -АК) 271бабына сай, Ф.Примбекованың талап қоюшының алдында қаражатты қайтару міндеттемесі жазбаша борыш құжаты негізінде пайда болған.
Сот отырысында анықталғандай, жауапкер Ф.Примбекова талап қоюшы А.Танатовтан қолхат негізінде 20 000 000 теңге қарызға алып, оны 2023 жылдың аяғына дейін қайтарып беруге міндетті болған.
Талап қоюшы А.Танатов сотқа 20 000 000 теңге қарыз ақшаны өндіру туралы талап қоюмен жүгінгенің, жауапкер Ф.Примбекова өз міндеттемесін орындамағанымен негіздеген.
Жауапкер ақша алған туралы қолхатты жоққа шығарған жоқ, өз қолымен жазғанынын растаған, мәміле заңда қарастырылған тәртіппен дауланған жоқ, жарамсыз деп танылмаған.
Сонымен қатар, жауапкер өз міндетемелерін АК-нің 272-бабына сәйкес орындалғаны туралы дәлелдемелер келтірмеген.
АК-нің 153- бабына сәйкес мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда, тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге де, куәгерлiк айғақтардан басқа, дәлелдермен растауға құқылы.
Аталған заң талаптарына және АПК-нің 65-бабының 3-бөлігіне сәйкес істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс мәнжайларының ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуы мүмкін емес. Сондықтан, жауапкердің кассациялық шағымында куәларға сілтеме жасап, үшінші тұлғалар арқылы қарызды қайтарғандығы туралы уәждері негізсіз, соттармен бұл мән-жайларға дұрыс баға берілген.
АК-нің 290-бабының 1-тармағына сәйкес егер борышқор мiндеттеменi куәландыру үшiн несие берушiге борыш құжатын берсе, несие берушi оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиiс. Борыш құжаты несие берушіде болғаны, міндеттеменің орындалмағаның білдіреді. Сондықтан қолхаттың түпнұсқасы талап қоюшыда болуы жауапкер тарапының ақшаны қайтару міндетін орындамағанын дәлелі деп соттар дұрыс тұжырымдаған.
Жауапкер қарызды қайтарған туралы жазбаша ретінде бірде бір дәлел келтірмеген. Сондықтан жауапкердің кассациялық шағымда көрсеткен уәждері негізсіз.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда тараптардың уәждері зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданылған, соттардың талап қоюды қанағаттандыруға негіз жоқ деген қорытындылары дұрыс.
Бірінші сатыдағы сотпен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалған және анықталған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған. Сот шешімі заңды және негізді, оның күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ. Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып,
сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 ақпандағы қаулысы күшінде, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
М.Т. Кадырова
Судьялар А.З. Каирбеков
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.