Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 05.05.2026 по делу 6003-25-00-2к/5711 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/5711

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 5 мамыр Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Н.Б.Ормаханов, судьялар А.К.Есдаулетов, Г.М.Даулеткалиева, прокурор К[...], талап қоюшының өкілі У[...],

жауапкерлердің өкілі К[...], М[...] және Е[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында бейне-байланыс құралдары арқылы Т[...] жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі мен Құрманғазы ауданының әкіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер агенттігінің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімін және Құрманғазы ауданының әкімінің өкімдерін заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қоюы бойынша Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының 2025 жылғы 08 тамыздағы шешімі мен Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Т[...] сотқа талап қоюмен жүгініп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметтер агенттігінің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі - К[...]) 2025 жылғы 22 сәуірдегі №18 шешімін, Құрманғазы ауданы әкімінің (бұдан әрі - әкім) 2025 жылғы 24 сәуірдегі №145ө және 2025 жылғы 28 сәуірдегі №146-ө өкімдерін заңсыз деп танып, олардың күшін жоюды сұраған.

Құрманғазы аудандық сотының 2025 жылғы 8 тамыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюшының әрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық болып табылатынын, К[...] шешімі мен әкім өкімдері заң талаптарына сәйкес қабылданғанын негізге алған.

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертілген. К[...] №18 шешімін даулау бөлігінде іс жүргізу тоқтатылып, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Апелляциялық сот К[...] шешімі құқықтық салдар туындатпайтын ұсынымдық сипаттағы акт болғандықтан, ол азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен даулануға жатпайды деген тұжырымға келген.

Кассациялық шағымда талап қоюшы соттар материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын, уәкілетті орган тарапынан тексеру жүргізу

тәртібі бұзылғанын, К[...] өз құзыретінен тыс әрекет еткенін, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімдері өтіп кеткенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Кассациялық сот іс құжаттарын зерттеп, тараптардың түсініктерін, прокурордың сот актілерін күшінде, шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қорытындысын тыңдап, төмендегідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, материалдық немесе процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан жағдайда ғана кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болады.

Іс бойынша соттармен мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44-бабының 6-тармағында мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1- тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға не қызметтен шығаруға әкеп соғатындығы көзделген.

Шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі және кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсету іс-әрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады.

Іс құжаттарынан анықталғандай, талап қоюшы Т[...] Е-R-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік қызметші ретінде Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.

Талап қоюшыға әкімінің 2025 жылғы 28 наурыздағы №116-ө өкімімен Атырау облысы әкімдігінің ішкі аудит нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтар бойынша «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

К[...] 2025 жылғы 22 сәуірдегі №18 шешімі негізінде Құрманғазы ауданы әкімінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 24 сәуірдегі №145-ө өкімімен жоғарыда аталған өкімінің күші жойылған.

К[...] шешімі негізінде әкімінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №146-ө өкімімен Т[...] «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Осыған байланысты К[...] 2025 жылғы 22 сәуірдегі №18 шешімімен талап қоюшыға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылған және осы ұсыныс негізінде аудан әкімінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №146-ө өкімі қабылданған.

Кассациялық шағымдағы К[...] өз құзыретінен тыс әрекет етті деген уәждер негізсіз.

Себебі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 2-бөлімі 1- тарауының 25-тармағына сәйкес, Е-R-1 санаттағы қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын әдеп жөніндегі кеңестер қарайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №156 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 27-тармағына сәйкес, кеңес тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыным беруге құқылы. А[...] 39-тармағына сәйкес, уәкілетті тұлға кеңестің ұсынымын негізге ала отырып шешім қабылдайды.

Демек, К[...] ұсынысының негізінде тәртіптік жаза қолдану заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылған.

Талап қоюшының тексеру жүргізу тәртібі бұзылғаны туралы уәждері де негізсіз.

Іс құжатарынан тәртіптік іс қызметтік жазба және аудит нәтижелері негізінде қаралғаны анықталған, ал бұл мән-жайлар тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарауға кедергі келтірмейді.

Сонымен қатар, тәртіптік іс жүргізу мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен және арнайы қағидалармен реттеледі, ал тексеру рәсіміне қатысты талаптардың бұзылуы тәртіптік жаза қолдану туралы шешімді жоққа шығармайды.

Талап қоюшының бір тәртіптік теріс қылық үшін екі жаза қолданылды деген уәжі де негізсіз.

Әкімнің 2025 жылғы 28 наурыздағы №116-ө өкімі кейіннен заңсыз ретінде күшін жойған, ал жаңа тәртіптік жаза К[...] қарауы нәтижесінде қабылданған.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65баптың 3-тармағына сәйкес, жеке-дара актіні оны қабылдаған орган немесе жоғары тұрған орган жоя алады.

Талап қоюшының тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімдері туралы уәждері де негізсіз.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 45бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар бойынша жаза бір жыл ішінде қолданылуы мүмкін.

Соттар талап қоюшының кейбір құқық бұзушылықтары бойынша мерзімдердің өткенін ескергенімен, басқа құқық бұзушылықтар бойынша мерзімдердің сақталғанын дұрыс анықтап, талап қоюшының әрекеттері дәл осы санатқа жататынын негізді түрде бағалаған.

К[...] шешімін даулау бөлігінде апелляциялық соттың АПК-нің 277бабының 1) тармақшасына сәйкес іс жүргізуді тоқтату туралы тұжырымы да

дұрыс. Ө[...] шешімі ұсынымдық сипатта болғандықтан, ол дербес даулануға жатпайды.

Соттар істің мән-жайларын жан-жақты зерттеп, дәлелдемелерге тиісті құқықтық баға берген.

Кассациялық шағымда келтірілген уәждер соттардың тұжырымдарын жоққа шығармайды және жаңа мән-жайларды қамтымайды.

Осыған байланысты дау айтылған апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жоюға негіздер жоқ.

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып,

сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Н. Ормаханов

Судьялар

А. Есдаулетов

Г. Даулеткалиева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.