ҚАУЛЫ
2025 жылғы 6 қазан 6003-25-00-4к/1721 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші – Д.Ә.Әбдіғалиев,
судьялар – Г.М.Ыдырысова, М.А.Қасымов болып,
талап қоюшының өкілі А[...], жауапкердің өкілі И[...], мүдделі тұлғалар М[...], Н.[...] қатысуыларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазығұртнесие» кредиттік серіктестік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер Қазығұрт ауданы әкімдігіне қатысты жер учаскесін беру туралы қаулыларын заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысына жауапкердің, мүдделі тұлғалардың өкілі М[...] және мүдделі тұлға «БА[...]» ЖШС-нің берген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, «Б[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – ЖШС), А[...] мен М[...] 2005 жылғы 15 қарашадағы №612; «А[...]» шаруа қожалығына (бұдан әрі – ШҚ), «КА[...]» ШҚ-ға 2006 жылғы 3 сәуірдегі №149; А[...] 2006 жылғы 25 сәуірдегі №200; «ЫХ[...]» ЖШС-ға 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №537; «СБ[...]» ЖШС-ға 2007 жылғы 7 наурыздағы №98; «Б1[...]» ЖШС-ға 2007 жылғы 30 шілдедегі №308; Д[...] 2007 жылғы 28 қазандағы №411; Т[...] («О[...]» ШҚ) 2012 жылғы 15 наурыздағы №149; «А[...]» ШҚ-ға 2008 жылғы 15 қазандағы №353; «Б1[...]» ЖШС-ға 2009 жылғы 1 сәуірдегі №144; Т[...] («ҚА[...]» ШҚ) 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №566; «НСЖ[...]» ЖШС-ға 2010 жылғы 14 сәуірдегі №137; У[...], Т[...] 2010 жылғы 14 сәуірдегі №143; «БК[...]» ЖШС-ға 2010 жылғы 24 мамырдағы №194, А[...] 2010 жылғы 24 мамырдағы №195; «Ж[...]» ӨК-ге 2010 жылғы 16 маусымдағы №229; «Н[...]» ӨК-ге 2010 жылғы 16 маусымдағы №258; А[...] 2010 жылғы 3 желтоқсандағы №531; С[...] («ОА[...]» ШҚ) 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №575; Т[...] («Ы[...]» ШҚ) 2011 жылғы 10 мамырдағы №249; А[...] 2011 жылғы 27 маусымдағы №320; Т[...] 2012 жылғы 2 шілдедегі №333; У[...] («Ү[...]» ШҚ) 2012 жылғы 30 шілдедегі №360; А[...] 2013 жылғы 7 қазандағы №510; Т[...] 2014 жылғы 23 сәуірдегі №143; Т[...] 2014 жылғы 17 қыркүйектегі №380; С[...] («ОА[...]» ШҚ) 2014 жылғы 16 қазандағы №424; «ҚА[...]» ШҚ-ға 2014 жылғы 25 желтоқсандағы №556; «БА[...]» ЖШС мен М[...] 2015 жылғы 17 қыркүйектегі №297; М[...] 2016 жылғы 13 қаңтардағы №13; «БА[...]» ЖШС-ға 2017 жылғы 30 мамырдағы №190; М[...] 2017 жылғы 30 мамырдағы №192; С[...] («ОА[...]» ШҚ) 2017 жылғы 16 маусымдағы №424 жер учаскесін беру туралы қаулыларын заңсыз деп танып, олардың күшін жоюды сұраған.
Түркістан облысы Қазығұрт аудандық сотының 2024 жылғы 6 мамырдаңы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
Қазығұрт ауданы әкімінің 2005 жылғы 15 қарашадағы №612, 2006 жылғы 3 сәуірдегі №149, 2006 жылғы 25 сәуірдегі №200, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №537, 2007 жылғы 7 наурыздағы №98, 2007 жылғы 30 шілдедегі №308, 2007 жылғы 28 қазандағы №411, 2012 жылғы 15 наурыздағы №149, 2008 жылғы 15 қазандағы №353, 2009 жылғы 1 сәуірдегі №144, 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №566, 2010 жылғы 14 сәуірдегі №137, 2010 жылғы 14 сәуірдегі №143, 2010 жылғы 24 мамырдағы №194, 2010 жылғы 24 мамырдағы №195, 2010 жылғы 16 маусымдағы №229, 2010 жылғы 16 маусымдағы №258, 2010 жылғы 3 желтоқсандағы №531, 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №575, 2011 жылғы 10 мамырдағы №249, 2011 жылғы 27 маусымдағы №320, 2012 жылғы 2 шілдедегі №333, 2012 жылғы 30 шілдедегі №360, 2013 жылғы 7 қазандағы №510, 2014 жылғы 23 сәуірдегі №143, 2014 жылғы 16 қазандағы №424, 2014 жылғы 25 желтоқсандағы №556, 2015 жылғы 17 қыркүйектегі №297, 2016 жылғы 13 қаңтардағы №13, 2017 жылғы 30 мамырдағы №190, 2017 жылғы 30 мамырдағы №192, 2017 жылғы 16 маусымдағы №424 қаулыларының күші жойылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылып, іс бірінші сатыдағы сотының тәртібімен қайта қарау үшін Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының өндірісіне қабылданған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен талап қоюы ішінара қанағаттандырылған. Қазығұрт ауданы әкімдігінің «БА[...]» ЖШС-не, А[...] және М[...] 2005 жылғы 15 қараша №612, «А[...]» ШҚ-на, «КА[...]» ШҚ-на 2006 жылғы 3 сәуір №149, А[...] 2006 жылғы 25 сәуір №200, «ЫХ[...]» ЖШС-не 2007 жылғы 25 желтоқсан №537, «СБ[...]» ЖШС-не 2007 жылғы 7 наурыз №98, «Б1[...]» ЖШС-не 2007 жылғы 30 шілде №308, Д[...] 2007 жылғы 28 қазан №411, Т[...] («О[...]» ШҚ) 2012 жылғы 15 наурыз №149, «А[...]» ШҚ-на 2008 жылғы 15 қазан №353, «Б1[...]» ЖШС-не 01.04.2009 жылғы 1 сәуір №144, Т[...] («ҚА[...]» ШҚ) 2009 жылғы 15 желтоқсан №566, «НСЖ[...]» ЖШС-не 2010 жылғы 14 сәуір №137, У[...], Т[...] 2010 жылғы 14 сәуір №143, «БК[...]» ЖШС-не 2010 жылғы 24 мамыр №194, А[...] 2010 жылғы 24 мамыр №195, «Ж[...]» ӨК-не 2010 жылғы 16 маусым №229, «НА[...]» ӨК-не 2010 жылғы 16 маусым №258, А[...] 2010 жылғы 3 желтоқсан №531, С[...] («ОА[...]» ШҚ) 2010 жылғы 27 желтоқсан №575, Т[...] («Ы[...]» ШҚ) 2011 жылғы 10 мамыр №249, А[...] 2011 жылғы 27 маусым №320, Т[...] 2012 жылғы 2 шілде №333, У[...] («Ү[...]» ШҚ) 2012 жылғы 30 шілде №360, А[...] 2013 жылғы 7 қазан №510, Т[...] 2014 жылғы 23 сәуір №143, Т[...] 2014 жылғы 17 қыркүйек №380, С[...] («ОА[...]» ШҚ) 2014 жылғы 16 қазан №424, «ҚА[...]» ШҚ-на 2014 жылғы 25 желтоқсан №556, «БА[...]» ЖШС және М[...] 2015 жылғы 17 қыркүйек №297, М[...] 2016 жылғы 13 қаңтар №13, «БА[...]» ЖШС-не 2017 жылғы 30 мамыр №190, М[...] 2017 жылғы 30 мамыр №192, С[...] («ОА[...]» ШҚ) 2017 жылғы 16 маусым №424 қаулыларының күші жойылған. Талап қоюдың басқа бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.
Жауапкердің, мүдделі тұлғалардың өкілі М[...] және мүдделі тұлға «БА[...]» ЖШС-нің кассациялық шағымдарында апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен келіспейтінін көрсетіп, оның күшін жойып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға қатысқан өзге тұлғалар сот отырысының күні, уақыты және форматы туралы тиісті түрде хабардар етілгеніне қарамастан, сотқа келмеген және келмеу себептері туралы сотқа мәлімет бермеген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот кассациялық шағымдардың уәждерін тексеріп, іс құжаттарын зерттеп, ұсынылған дәлелдемелерді бағалай келе, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы соттың тарапынан мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы мен «Ш[...]» ӨК арасындағы жасалған 2005 жылғы 1 наурыздағы №7 несие шарты негізінде 13 000 000 теңге мөлшерінде несие беріліп, кепілмен қамтамасыз ету мақсатында талап қоюшы мен «Ш[...]» ӨК арасында 2005 жылғы 1 наурызда №7-1-3, №7-2-3, №7-3-3 кепілдік шарты түзіліп, аудандық әділет басқармасынан 2005 жылы 4 наурызда тіркеуден өткен.
Несие шарты бойынша кепіл ретінде төмендегідей жылжымайтын мүліктер қойылған, атап айтқанда:
Түркістан облысы, [...] есептік кварталда орналасқан, жалпы алаңы 615,54 га құрайтын кадастрлық нөмірі [...] жер учаскесі;
Жалпы алаңы 56,76 га құрайтын кадастрлық нөмірі [...] жер учаскесі, жалпы алаңы 1817 га құрайтын кадастрлық нөмірі [...] жер учаскесі;
Ө[...] жеке меншігіндегі- Түркістан облысы, [...] елді мекені, н/з үйде орналасқан, кадастрлық нөмірі [...] және жалпы ауданы 0,14964 га жер учаскесінде орналасқан жалпы алаңы 105,6 ш.м. құрайтын тұрғын үй;
С[...] жеке меншігіндегі- Түркістан облысы, [...] елді мекені, А[...] көшесі №[...] үйі мекен- жайында орналасқан, кадастрлық нөмірі [...] және жалпы ауданы 0,17 га жер учаскесінде орналасқан жалпы алаңы 469,0 ш.м. құрайтын тұрғын үй қойылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Қазығұрт аудандық бөлімінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №03-13-30-26-06/52 хатына сәйкес, кепілдікке қойылған кадастрлық нөмірлері [...], [...], [...] жылжымайтын мүліктері «Ш[...]» ӨК-нің атына құқықтары тіркелген және де бұл жер учаскелері кооператив мүшелері арасында бөлініп, оларға басқа тұлғалардың құқықтары пайда болған.
Өз кезегінде, Қазығұрт ауданы әкімінің 2000 жылғы 16 қараша №132 қаулысымен М[...], «Ж[...]» ЖШС-не 2002 жылғы 8 ақпандағы №68 қаулысымен, «ЕН[...]» ЖШС-не 2002 жылғы 23 желтоқсан №320 қаулысымен, Т[...] пен М[...] 2003 жылғы 7 тамыз №252, У[...] 2004 жылғы 2 ақпан №55, У[...] 2004 жылғы 13 қыркүйек №359, «Л[...]» ШҚ-на 2004 жылғы 14 қыркүйек №158, К[...] 2004 жылғы 10 маусым №254, «КТ2[...]» ЖШС-не 2004 жылғы 13 қыркүйек №358, С[...] 2004 жылғы 3 қараша №487, К[...] 2004 жылғы 3 қараша №493, «ҚА[...]» ШҚ-на 2004 жылғы 15 қараша №520, «Қ[...]» ШҚ-на 2004 жылғы 22 қараша №538, «БА[...]» ЖШС-не, А[...] және М[...] 2005 жылғы 15 қараша №612, «А[...]» ШҚ-на, «КА[...]» ШҚ-на 2006 жылғы 3 сәуір №149, А[...] 2006 жылғы 25 сәуір №200,- «ЫХ[...]» ЖШС-не 2007 жылғы 25 желтоқсан №537, «СБ[...]» ЖШС-не 2007 жылғы 7 наурыз №98, «Б[...]» ЖШС-не 2007 жылғы 30 шілде №308, Д[...] 2007 жылғы 28 қазан №411, Т[...] («О[...]» ШҚ) 2012 жылғы 15 наурыз №149, «А[...]» ШҚ-на 2008 жылғы 15 қазан №353, «Б1[...]» ЖШС-не 01.04.2009 жылғы 1 сәуір №144, Т[...] («ҚА[...]» ШҚ) 2009 жылғы 15 желтоқсан №566, «НСЖ[...]» ЖШС-не 2010 жылғы 14 сәуір №137, У[...], Т[...] 2010 жылғы 14 сәуір №143, «БК[...]» ЖШС-не 2010 жылғы 24 мамыр №194, А[...] 2010 жылғы 24 мамыр №195, «Ж[...]» ӨК-не 2010 жылғы 16 маусым №229, «НА[...]» ӨК-не 2010 жылғы 16 маусым №258, А[...] 2010 жылғы 3 желтоқсан №531, С[...] («ОА[...]» ШҚ) 2010 жылғы 27 желтоқсан №575, Т[...] («Ы[...]» ШҚ) 2011 жылғы 10 мамыр №249, А[...] 2011 жылғы 27 маусым №320, Т[...] 2012 жылғы 2 шілде №333, У[...] («Ү[...]» ШҚ) 2012 жылғы 30 шілде №360, А[...] 2013 жылғы 7 қазан №510, Т[...] 2014 жылғы 23 сәуір №143, Т[...] 2014 жылғы 17 қыркүйек №380, С[...] («ОА[...]» ШҚ) 2014 жылғы 16 қазан №424, «ҚА[...]» ШҚ-на 2014 жылғы 25 желтоқсан №556, «БА[...]» ЖШС және М[...] 2015 жылғы 17 қыркүйек №297, М[...] 2016 жылғы 13 қаңтар №13, «БА[...]» ЖШС-не 2017 жылғы 30 мамыр №190, М[...] 2017 жылғы 30 мамыр №192, С[...] («ОА[...]» ШҚ) 2017 жылғы 16 маусым №424 қаулысы негізінде жер учаскелері ұзақ мерзімге уақытша пайдалану құқығымен жалға берілген.
Талап қоюшы кепілдік келісім-шарты негізінде кепілге қойылған жер учаскелері заңсыз кепілдіктен босатылғанын, ӨК-нің атына құқықтары тіркелген жер учаскелері бөлініп, оларға басқа тұлғалардың құқықтары пайда болғанын көрсетіп, әкімшілік органмен жер учаскелерінің заңсыз бөлінуіне негіз болған әкімшілік актілерімен келіспей, сотқа жүгінген.
Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, Қазығұрт ауданы әкімінің шешімімен дауланып отырған қаулыларының негізінде жер үлестері бөлініп берілген.
А[...], аталған жер телімдері жауапкермен мүдделі тұлғаларға бөлініп берілгенге дейін кепілде болған, салдарынан апелляциялық сатыдағы сот Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 84бабы негізге ала отырып, жер учаскесі мемлекеттік мұқтажы үшін айрықша жағдайларда, меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен мүліктің тең құны өтелген кезде не сот шешімі бойынша мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы мүмкін екендігін назарға алған.
А[...] кодексінің 48-бабына сай уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталып келе жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері уақытша жер пайдаланушы жаңа мерзімге уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда ғана сауда-саттықа (конурстарға, аукциондарға) шығарылады.
Яғни, жауапкермен жер заңнаманың талаптары бұзылған.
Бұдан басқа Қазығұрт ауданы әкімінің 2000 жылғы 16 қараша №132 қаулысымен М[...], «Ж[...]» ЖШС-не 2002 жылғы 8 ақпан №68 қаулысымен, «ЕН[...]» ЖШС-не 2002 жылғы 23 желтоқсан №320 қаулысымен, Т[...] пен М[...] 2003 жылғы 7 тамыз №52, У[...] 2004 жылғы 2 ақпан №55, У[...] 2004 жылғы 13 қыркүйек №359, «Л[...]» ШҚ-на 2004 жылғы 14 қыркүйек №158, К[...] 2004 жылғы 10 маусым №254, «КТ2[...]» ЖШС-не 2004 жылғы 13 қыркүйек №358, С[...] 2004 жылғы 3 қараша №487, К[...] 2004 жылғы 3 қараша №493, «ҚА[...]» ШҚ-на 2004 жылғы 15 қараша №520, «Қ[...]» ШҚ-на 2004 жылғы 22 қараша №538 қаулылар берілген.
Жер кодексінің 79-бабының 3-бөлігіне сәйкес ортақ бiрлескен меншiктегi немесе ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы бөлiнбейтiн жер учаскесiн кепiлге беруге ортақ меншiкке немесе ортақ жер пайдалануға қатысушылардың барлығының жазбаша келiсiмi болған кезде жол берiледi.
Жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiкке немесе ортақ үлестiк жер пайдалануға қатысушы өз үлесiн ортақ меншiкке немесе ортақ жер пайдалануға басқа қатысушылардың келiсiмiнсiз кепiлге салуға құқылы.
Осыған байланысты, апелляциялық сатыдағы соттың жауапкердің әрекетімен жол берілген мән-жайлар талап қоюшының заңды мүдделеріне қайшы келеді, сондықтан ол қалпына келтірілуге жатады деген тұжырымы негізді және заң талаптарына сәйкес келеді.
Кассациялық сот төмен тұрған соттың тұжырымдарын тексеріп, жауапкердің қаулылары негізді түрде заңсыз деп танылған деген қорытындыға келеді.
Істің бұл тұрғысында соттың талапты ішінара қанағаттандыруы заңға сәйкес қабылданған, соттың келтірген негіздемелері сот актісінде толық көрсетілген. АПК-нің 427-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылмайды. Материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы, егер осы бұзушылық дұрыс шешім қабылдамауға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіз болып табылады.
Жауапкердің, мүдделі тұлғалардың өкілі М[...] және мүдделі тұлға «БА[...]» ЖШС-нің кассациялық шағымдарында келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Жоғарыда аталғанның негізінде, апелляциялық сатыдағы соттың сот актісі күшінде қалдырылуға жатады.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Осы іс бойынша Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 мамырдағы қаулысы күшінде қалдырылсын. Жауапкердің, мүдделі тұлғалар өкілі М[...] және мүдделі тұлға «БА[...]» ЖШС-нің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Д. Әбдіғалиев
Төрағалық етуші
Судьялар
Г. Ыдырысова
М. Қасымов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.