Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 16.06.2026 по делу 6003-26-00-2к/1131 (Гражданское)

6003-26-00-2к/1131

2026 жылғы 16 маусым

Қ А У Л Ы

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К.Рустембеков,

судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева,

талап қоюшының өкілі А[...], жауапкерлердің өкілі А[...], аудармашы Т[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Алматы облысы, [...] прокурорының жауапкер Қарасай аудан әкіміне, «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, А[...], К[...], Т[...] әкімдік қаулысын және мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі талап қоюшының Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 қазандағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ :

Алматы облысы, [...] прокуроры жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 2025 жылғы 4 шілдедегі шешімімен талап қоюшының талап қою арызы қанағаттандырылған.

А[...] жеке орман өсіру үшін жер теліміне жеке меншік құқығын беру туралы 2016 жылғы 30 наурызда қабылданған Алматы облысы, [...] әкімдігінің №3-379 қаулысы жарамсыз деп танылған. 2016 жылғы 25 шілдеде «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен жауапкер А[...] арасында жасалған №236 жер телімін сатып алу-сату шарты, 2018 жылғы 5 желтоқсанда А[...] және К[...] арасында жасалған кадастрлық нөмірі [...], Алматы облысы, [...], есептік тоқсан №634 мекен-жайында орналасқан жер учаскесін (бұдан әрі-даулы жер учаскесі) сатып алу-сату шарты, 2021 жылғы 11 қазанда К[...] мен Т[...] арасындағы даулы жер учаскесін сатып-алу сату шарты жарамсыз деп танылған. Сот шығындары туралы мәселе шешілген.

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сотының шешімінің күші жойылып, Алматы облысы, [...] прокурорының талап қоюы қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, қаулының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Іске қатысушы тұлғалардың түсініктерін тыңдап, іс құжаттарын, шағымның уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Апелляциялық сотпен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс құжаттарына қарағанда жауапкер А[...] жер учаскесі жекеше орман өсіру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жылға 2016 жылдың 30 наурыздағы Қарасай ауданының әкімдігінің №3-379 қаулысымен беріліп, «Қарасай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен А[...] арасында №236 жер телімін сатып алу-сату шарты жасалған.

2018 жылғы 5 желтоқсанда А[...] мен К[...] арасында даулы жер учаскесіне қатысты сатып алу-сату шарты жасалған.

2021 жылғы 11 қазанда К[...] мен Т[...] арасында даулы жер учаскесін сатып алу-сату шарты жасалған.

Бірінші сатыдағы сот ауыл шаруашылық мақсаттағы жер санатындағы жер учаскесі жауапкер А[...], жеке орман өсіру үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы конкурс өткізілместен берілген, яғни жер учаскесін беру кезінде Қазақстан Республикасында әрекет ететін заң нормаларының талаптары сақталмаған, сондықтан прокурордың талап қоюы қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келген.

Алайда апелляциялық сатыдағы сот, бірінші сатыдағы соттың мұндай тұжырымымен келесі себептермен келіспеген.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабында (әрі қарай – Жер кодексі) (01.01.2016 жылғы редакция) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде, облыстық маңызы бар қалаларды қоспағанда, елді мекендердің шегінде объектілер салу үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жэне жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады деп көрсетілген.

Жер кодексінің 48-бабының 14-1 тармақшасында жеке орман шаруашылығына арналған жер учаскедегі мемлекеттік меншігінен саудасаттықсыз (аукционсыз) беріледі деп көрсетілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2024 жылдың 6 сәуір айында №71-VIII Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгеріс енгізу туралы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48 бабының 14-1 тармақшасының күші жойылған.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 43бабының бірінші тармағында нормативтік құқықтық актілердің қолданылуы оның қолданысқа енгізілуіне дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды деп көрсетілген.

Демек, жауапкер А[...] прокурордың талап қоюында көрсетілген жер учаскесі Қазақстан Республикасының 2024 жылдың 6 сәуір айында №71-VIII Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгеріс енгізу туралы Заңының күшіне енуіне дейінгі мерзімде берілген. Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 6-бабының 2-тармағына және Жер кодексінің 97-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді пайдалануға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден берілетіні айқындалған.

2025 жылғы 13 мамырдағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғаымының Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық тіркеу және кадастр бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жауабына сәйкес, дауланып отырған жер учаскесінің шекарасы мемлекеттік актісіне сәйкес келетіні, жер учаскесінде аула құрылыстары және тұрғын үй орналасқаны, жер учаскесі қоршалғаны, басқа жер телімдерімен жапсарласуы немесе қабаттасуы жоқ екені көрсетілген.

Апелляциялық сатыдағы сот, жауапкермен қандай-да бір жер заңнамасының талаптарын бұзу орын алмаған, жауапкердің іс-әрекеттерімен ешкімнің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылмаған деген қорытындыға келген.

Кассациялық сот апелляциялық сот алқасының бұл тұжырымымен келіседі.

Сот алқасы іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жан-жақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актісі күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

А.О.Тогумбетова

Судьялар:

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.