6001-20-00-3ГП/90
Қ А У Л Ы
2020 жылғы 28 сәуір Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Т.Таймерденов,
судьялар З.Б.Кейкибасова, Ғ.Ж.Мырзаке талап қоюшының өкілі А[...],
жауапкердің өкілі Ш[...] қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілген ашық сот отырысында,
«АТФ Банк» АҚ-мы Б[...] банк қарызын кепілдегі мүлігін жария саудадан сату арқылы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотының 2019 жылғы 22 сәуірдегі ұйғарымын және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы ұйғарымын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап қоюшы «АТФ Банк» АҚның өтінішхаты бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
«АТФ Банк» АҚ-мы жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен сотқа жүгініп, онда борышкер Р[...] банк алдындағы қарызын, жауапкерге тиесілі кепілдегі Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 13 шағын ауданы, [...] үй, [...] пәтерді, бастапқы бағасын 11 604 800 теңге көлемінде анықтап, жария саудадан сату арқылы өндіруді сұраған.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотының 2019 жылғы 22 сәуірдегі ұйғарымымен іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта «АТФ Банк» АҚ-мы сот актілерімен келіспей, олардың күштерін жоюды сұраған.
Сот алқасы талап қоюшының өкілі А[...] өтінішхат уәждерін қолдаған түсінігін, жауапкердің өкілі Ш[...] сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы пікірін тыңдап, іс материалдарын зерделеп, төмендегі негіздерге байланысты дауланып отырған сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5 - бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде
бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Алайда, жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
АПК-нің 277-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады. Сот отырысында анықталғандай, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотының 2015 жылғы 16 шілдедегі шешімімен Р[...] «АТФ Банк» АҚ-ның пайдасына 28 570 266 теңге өндірілген.
Сот шешімінің орындалмауына байланысты, «АТФ Банк» АҚ-мы Б[...] банк қарызын, оның кепілдегі мүлігін жария саудадан сату арқылы өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.
Ақтау қаласы №2 сотының 2018 жылғы 30 мамырдағы шешімімен «АТФ Банк» АҚ-ның талап арызын қанағаттандырудан бас тартылған.
Алайда, талап қоюшы Б[...] банк қарызын, оның кепілдегі мүлігін жария саудадан сату арқылы өндіру туралы талап қою арызымен сотқа қайтадан жүгінген.
Яғни, тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі бар.
Мұндай жағдайда АПК-нің 277-бабының 2-бөлігіне сәйкес, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады.
Осыған орай, бірінші сатыдағы соттың осы азаматтық іс бойынша іс жүргізу, бұған дейін осы тараптардың арасында осы талап бойынша өз шешімін тапқандықтан тоқтатылуға жатады деген тұжырымы дұрыс.
Іс бойынша сот ұйғарымдарының күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер жоқ, сондықтан олар өзгеріссіз, өтінішхат қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.
Сонымен қатар, талап қоюшы Ақтау қаласы №2 сотының 2018 жылғы 30 мамырдағы шешімін АПК-нің 438-бабының 6-бөлігіне сәйкес кассациялық тәртіппен даулау құқығын жоғалтпағаны түсіндірілуге жатады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотының 2019 жылғы 22 сәуірдегі ұйғарымы, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер
жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 18 маусымдағы ұйғарымы күшінде, талап қоюшы «АТФ Банк» АҚ-ның өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: М.Т.Таймерденов
Судьялар З.Б.Кейкибасова
Ғ.Ж.Мырзаке
Көшірмесі дұрыс Судья З.Б.Кейкибасова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.