ҚАУЛЫ
2023 жылы 7 қыркүйек 6001-23-00-6ап/174 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы Ш.Т.Даниярова, судьялар – Өміралиев Е.Ж., Ғ.Ө.Әлжанов болып,
талап қоюшы Н[...] қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Н[...] жауапкер «Түркістан облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесіне зейнетақы тағайындаудан бас тарту туралы жауабын заңсыз деп тану және зейнетақы тағайындауды міндеттеу туралы талап қоюы бойынша қабылданған,
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 27 қазандағы ұйғарымына, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы ұйғарымына талап қоюшы Н[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы Н[...] талап қоюымен сотқа жүгініп «Түркістан облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің зейнетақы төлемдерін тағайындамау туралы жауабын заңсыз деп танып, жауапкерге зейнетақы тағайындауды міндеттеуді сұраған.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 27 қазандағы ұйғарымымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 136-бабы 15)-тармақтарына сай талап қоюы кері қайтарылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы ұйғарымымен талап қоюшының жеке шағымы қаңағаттандырусыз және аталған сот ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылды.
Талап қоюшы кассациялық шағымында жергілікті соттардың ұйғарымдарын күшін жойып, оның талап қою арызы негізді қарауға бірінші сатыдағы сотқа жолдауды сұраған.
Талап қоюшының кассациялық шағымды қолдаған түсініктерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге орын алмаған.
Шағымында талап қоюшы жауапкердің 2022 жылғы 7 қазандағы жауап хатының заңсыздығы туралы уәждері талап қою мерзімін қалпына келтіруге негіз болмайды. Өйткені талап қоюшының өтінішіне жауапкермен берілген түсіндірме-жауап хат әкімшілік акт немесе әкімшілік әрекет болып табылмайды және құқықтық салдар тудырмайды.
ӘРПК 138-бабы 2-тармағы 15)-тармақшасына сай сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса, талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
ӘРПК 136-бабының 1-бөлігіне сай егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.
ӘРПК-нің 136-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрекет жасау туралы талап қою адамға әрекеттің жасалғаны туралы мәлім болған, сондай-ақ әрекет жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткен күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.
ӘПРК-нің 136-бабының 7-бөлігінде дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін. Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.
АПК-нің 126-бабының 2-бөлігіне сай егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін . Іс құжаттарына зерттей келе, жауапкердің 2022 жылғы 1 ақпандағы No1-7-9-52/778-4 хатымен талап қоюшының ішкі істер орган қатарынан босатылған уақытта 46 жаста болғаны және қызметтен босатылу бабы бойынша зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес келмеуіне байланысты зейнетақы тағайындауға мүмкіншілік жоқ екені назарына жеткізілген.
Талап қоюшыға жауапкердің зейнетақы тағайындаудан бас тарту туралы әрекеті 2022 жылдың 1 ақпанында мәлім болған, талапты сотқа тек 2022 жылдың 13 қазанында берген. Демек, талап қоюшы жауапкермен зейнетақы тағайындаудан бас тарту әрекетін даулап, жауапкерге зейнетақы тағайындауды міндеттеуді талап етуге белгіленген бір айлық мерзімін өткізіп алған. Алқа талап қоюшының сотқа жүгіну мерзімін дәлелді себеппен өткізілген деп айтуға негіз жоқ жөнінде бірінші сатыдағы соттың тұжырымы дұрыс деп санайды.
Талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартуы процесстік шешімі дұрыс қабылданған.
Жергілікті соттар ұйғарым қабылдау барысында процестік құқық нормаларын дұрыс қолданған және дұрыс баға берген.
Осындай жағдайда, сот алқасы жергілікті соттардың сот актілері шешімін өзгертуге не оның күшін жоюға негіздер жоқ деп санайды.
ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 27 қазандағы ұйғарымы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Н[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Ш.Даниярова
Судьялар Е.Өміралиев
Ғ. Әлжанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.