ВС РК - Определение от 15.02.2022 по делу 6001-22-00-3гп/13 (Гражданское)

6001-22-00-3гп/13

Ұ Й Ғ А Р Ы М

2022 жылғы 15 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында

төрағалық етуші Н.К.Шәріпов,

судьялар Ғ.Ж.Мырзаке, Н.Қ.Сұлтанов,

«Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі К[...],

«ГС[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі С[...] қатысуымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында мобильді бейнебайланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында талап қоюшы «Атырау облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер «ГС[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы шешімін, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 18 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы «ГС[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің келтірген өтінішхатымен келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Талап қоюшы «Атырау облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) жауапкер «Г[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі – Серіктестік) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылған.

Серіктестік мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған.

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 18 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Серіктестік өтінішхатында іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, аталған сот актілерінің күшін жойып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Кассациялық сот алқасынының отырысында істі мәні бойынша қарағанға дейін Серіктестік өкілі С[...] сот ісі жүргізілетін тілді жеткілікті білмейтінін айтып, іске аудармашының қатысуын қамтамасыз етуді сұраған.

Кассациялық сот алқа, осы азаматтық іс бойынша сот ісін жүргізу тілі болып мемлекеттік тіл – қазақ тілі белгіленгендіктен, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 14бабының 3-бөлігіне сәйкес іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтінішхаттар беру, шағымдар жасау, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сөз сөйлеу; АПК-де белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы қамтамасыз етілетінін ескеріп, жауапкер өкілі С[...] ауызша арызын қанағаттандырып, іске аудармашының қатысуын қамтамасыз ету мақсатында осы азаматтық істің қаралуын 2022 жылғы 22 ақпан күні сағат 12:00 қалдыруға қажет деп табады.

АПК-нің 198, 450-баптарын басшылыққа алып, сот алқасы

Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І:

Осы азаматтық істің кассация сот алқасында қаралуын 2022 жылғы 22 ақпан күні сағат 12:00 қалдырылсын.

Іс қаралуының күні және уақыты жөнінде іске қатысушыларға хабарлансын.

Төрағалық етуші Н. Шәріпов

Судьялар

Ғ. Мырзаке

Н. Сұлтанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.