6кп-66-18
Қ А У Л Ы
2018 жылғы 1 қараша Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында: төрағалық етуші судья Г. Әлмағамбетова, судьялар Ж. Ермағамбетова, М. Балкен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Департаментінің прокуроры Т[...],
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Т[...] 2018 жылғы 1 қарашадағы сенімхаты негізінде, әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адам Д[...] қатысуымен,
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының 2018 жылғы 25 шілдедегі қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуымен және Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығымен келіп түскен
Д[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
2018 жылғы 25 шілдеде шығарылған Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты Д[...] қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот ісін жүргізу тоқтатылтылған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуында және Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды ұсынады.
Ұсынудың және наразылықтың дәлелдерін қолдаған Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Т[...], Д[...] қарсылықтарын, Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық соты қаулысының күшін жою арқылы және істі қайта қарауға тиіс деп пайымдаған прокурордың қорытындысын тыңдап, алқа келесі тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 840-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; осы Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi негіздер болып табылады.
Іс құжаттарына сәйкес жүргізуші Д[...] 2018 жылғы 3 шілде күні сағат 12:00 шамасында Мұнайлы ауданы, Қызыл төбе селосының «Таңнұр» дүкеніне қарсы тас жолда мемлекеттік белгісі [...] «Зил-130» маркалы автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарғаны анықталған.
Сол күні сағат 13:30-да жүргізілген медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес Д[...] алкогольден «жеңіл» дәрежеде масаң күйінде болғаны анықталған.
Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 608бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау үшін көрсетілген мән-жайлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен анықталғаны және істегі басқа дәлелдемелермен расталғаны негіз болды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауы туралы тұжырымы іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату үшін негіз болды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуында және Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығында іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың заңсыздықтың негіздемесіне Д[...] әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін іс материалдарында дәлелдемелердің болуы туралы дәлел келтірілген. Ұсыну және наразылық дәлелдерінің негізділігі мыналармен расталады.
2018 жылғы 3 шілдедегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасында Д[...] «Зил-130» маркалы автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарғандығы фактісі анықталды. Бұл факт Д[...] жазбаша түсініктемесінде танылды. Сонымен қатар, бұл мән-жайлар басқа да дәлелдемелермен: көлік құралын алып қою туралы хаттамасымен, полиция қызметкерлерінің баянатымен, сондай-ақ, медициналық куәландыру қорытындысымен расталады.
Осы іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне, сондай-ақ тиісті Жол қозғалысы ережелерiнің тармағына сәйкес, мас күйде (алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлық) көлік құралын жүргізуге тыйым салуды
және мұндай іс-әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікті көздейтін сілтеме бар.
2018 жылғы 3 шілдедегі № 1647 медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Д[...] алкогольден «жеңіл» дәрежеде масаң күйде болғаны анықталған. Жасалған іс бойынша медициналық куәландыру туралы қорытынды қажетті зерттеулерді жүргізу, куәландырылатын сыртқы түріндегі және басқа да оның жай-күйі белгілері туралы мәліметтерден тұрады.
Д[...] медициналық куәландыру қорытындысымен танысқан және келіскен, ол туралы жазба мен қорытындыда қолы бар. Медициналық куәландыру қағидаларына сәйкес қайта психикалық белсенді затты пайдалану және мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтпеді және бастапқы қорытындының тұжырым дәлелдемесін теріске шығару үшін сотқа бермеді.
Өз түсіндірмесінде Д[...] әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы полиция қызметкерінің іс-әрекетін, сондай-ақ медициналық куәландыру нәтижесін заңда белгіленген тәртіппен дауламағанын сотқа мәлімдеді, бұл оның дәлелдері мен бірінші сатыдағы сот қаулысының негізсіздігін білдіреді.
Жоғарыда айтылғандар сот істі қарау кезінде заңды сақтамағандығын және өрескел бұзғандығын білдіреді, осыған орай, ӘҚБтК-тің 839-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы негізінде Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық соты қаулысының күші жойылуға жатады.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде ӘҚБтК-тің 851-бабын басшылыққа алып, мамандандырылған сот алқасы,
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша Д[...] қатысты қабылданған Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының 2018 жылғы 25 шілдедегі қаулысының күші жойылып, іс бойынша іс жүргізуді қайта қозғап, бірінші сатыдағы сотқа өзге құрамда қайта қарау үшін жолдансын.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы және Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші
Судьялар
Г. Әлмағамбетова
Ж. Ермағамбетова
М. Балкен
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.