6001-23-00-3г/1631
Ұ Й Ғ А Р Ы М
2023 жылғы 15 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Б.Р.Ералиева,
талап қоюшы «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) жауапкер «ҚНЖҚИ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) шартты бұзу және ақша өндіру туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 28 қазандағы шешіміне, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 1 ақпандағы қаулысына Серіктестіктің келтірген өтінішхатын азаматтық істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
Басқарма жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 28 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Тараптар арасындағы 2021 жылғы 13 тамызда жасақталған № 54 шарты бұзылып, Серіктестіктен мемлекет пайдасына 10 569 000 теңге өндірілген.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 1 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта арызданушы істі қарау барысында процестік құқық нормаларының бұзылғанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойып, Басқарманың талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Судья азаматтық іс материалын және өтінішхат уәждерін зерделеп, арызданушының уәждерін қосымша тексеру үшін, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268-баптарын басшылыққа алып, судья
Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І:
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 28 қазандағы шешімін, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 1 ақпандағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаттың алдын ала қаралуы кейінге қалдырылсын.
Судья Б.Ералиева
Көшірмесі дұрыс: Судья Б.Ералиева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.