Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 18.02.2026 по делу 6003-25-00-2к/5214 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 18 ақпан №6003-25-00-2к/5214 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Даненова А.А., Токсанбаев А.Б., талап қоюшының өкілі Ж.Мырзатаев, жауапкерлердің өкілі А.Ж.Аширова,

бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Салима Ортайқызының жауапкерлер Гаухар Нургаликызы Ешимоваға, Ақмарал Нурғалиқызы Ешимоваға, Рауан Нұрғалиұлына, Арман Нұрғалиұлына, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар: Шымкент қаласының нотариусы Гулстан Абдрахманкызы Жанузак, Гульнар Айтбековна Кожамкулова, «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру, мұраны қабылдаған деп тану, мұрагер деп танылған куәлікті жарамсыз деп танып, мүліктегі үлесін анықтау туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 4 сәуірдегі шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен қарап,

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 4 сәуірдегі шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Ғ.Бастаубаев Судьялар А.Даненова А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.