ҚАУЛЫ
2023 жылы 12 қазан 6001-23-00-6ап/284 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы Ш.Т.Даниярова,
судьялар – Е.Ж.Өміралиев, Ғ.Ө.Әлжанов болып,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы И[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы [...] ресурстарын басқару комитеті Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесіне 13 қыркүйек 2021 жылдан бастап азаматша Б[...] қатысты мемлекеттік жерді өз бетінше иеленіп алғаны үшін ешқандай шара қолданбаған әрекетсіздігін заңсыз деп танып,
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 23 маусымындағы шешіміне мен Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 7 желтоқсаныңдағы қаулысына талап қоюшы И[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы Департамент өзі арыз берген 2021 жылғы 13 қырқүйектен бастап мүдделі тұлға Б[...] мемлекет меншігіндегі ортақ пайдаланудағы жерді заңсыз иемденіп алғанына шара қолданбағанын, Департаментің осы әрекетін заңсыз деп тануды сұрайтынын көрсетіп жоғарыдағы талаппен сотқа жүгінген.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 23 маусымдағы шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылған.
Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 7 желтоқсаныңдағы қаулысымен аталған шешім өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымы қаңағаттандырусыз калдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында сот шешімімен келіспей олардың күштерің жойып талап арызды қанағаттандыру туралы шешім шығаруды сұрайды.
Іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге орын алмаған.
Талап қоюшы Департаменттің 2021 жылғы 13 қырқүйектен бастап танытқан әрекетсіздігіне дау келтіріп отыр.
Бірақ, Департамент жаңадан құру жолымен 2022 жылғы 7 ақпанында ғана заңды тұлға ретінде тіркелген. Сондықтан, Департамент Құрылыс басқармасының құқықтық мирасқоры болып табылмайды.
Сөйтіп талап қоюшы талапты тиісті жауапкерге қоймаған.
Талап қоюшы Департаментке мүдделі тұлға Б[...] қатысты қандай шара қолданылғандығы туралы арызбен 2022 жылы 28 наурызда қайта жүгінген. Бұл арыз бойынша Департамент тексеру жүргізіп тексеру материалын мүдделі тұлға Б[...] Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 164- 1 бабының негізінде шара қолдану үшін Алматы қаласы әкіміне жолдаған.
Аталған заң нормасының 2 бөліміне сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Сөйтіп Департамент өзіне заңмен жүктелген міндеттерді толық орындаған.
Сот алқасы жергілікті соттардың іс бойынша анықталған мәнжайлардың және жоғарыда келтірілген заң нормаларының негізінде талапты қанағаттандырусыз қалдыруын заңды және негізді деп тапты.
Осындай жағдайда, жергілікті соттардың сот актілерін өзгертуге не оның күшін жоюға негіздер жоқ деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік колексінің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 23 маусымындағы шешімі мен Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 7 желтоқсаныңдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы И[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Ш.Даниярова
Судьялар
Е.Өміралиев Ғ.Әлжанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.