ВС РК - Определение от 30.09.2024 по делу 6001-24-00-6под/43 (Административное)

6001-24-00-6под/43

Ұ Й ҒА Р Ы М

2024 жылғы 30 қыркүйек Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Б.Дуйсенбаетың,

талап қоюшы Куат Багтыгалыевич Наурузовтың жауапкерлер Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, Қызылорда облысы Әділет департаментіне, мүдделі тұлғалар Алматы қаласының нотариусы Алина Искаковна Шакаеваны, “DAR WAY” жауапкершілігі шектеулі серіктістігін тартып жауапкершілігі шектеулі серіктістігін талап қоюшының атына тіркеу іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша Алматы қалалық соты төрағасының міндетін атқарушысы Б.Бекназаровтың әкімшілік істің соттылығын анықтау туралы ұсынысын қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

Талап қоюшы К.Б.Наурузов жоғарыда көрсетілген талап қою арызымен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (бұдан әрі – МАӘС) жүгінген.

Осы соттың 2024 жылғы 30 сәуіріндегі ұйғарымымен талап қоюшы К.Б. Наурузовтың жауапкерлер Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, Қызылорда облысы Әділет департментіне, мүдделі тұлғалар ретінде Алматы қаласының нотариусы Алина Искаковна Шакаеваны, “DAR WAY” жауапкершілігі шектеулі серіктістігін тартып жауапкершілігі шектеулі серіктістігін талап қоюшының атына тіркеу іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған әкімшілік ісі соттылық қағидалары бұзыла отырып қабылданғанын негізге алып, соттылығы бойынша Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (Қаскелен қаласына) қарау үшін жолданған.

Әкімшілік істі жолдағаннан кейін, Қызылорда облысының МАӘС 2024 жылдың 30 сәуіріндегі ұйғарымына түзетулер енгізу туралы 2024 жылдың 22 мамырында ұйғарым қабылдап, ұйғарымның қарар бөлігіне «Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты» сөздерінің орнына «Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты» деп түзеткен.

Алматы қаласының МАӘС бұл ұйғарыммен келіспей, Қызылорда облысының МАӘС судьясымен соттылық қағидаларының бұзылғанын көрсетіп, әкімшілік істің соттылығын анықтау туралы мәселесін қойған. Осыған орай, Алматы қалалық соты төрағасының міндетін атқарушысы Б.Бекназаров ұсыныста әкімшілік істің соттылығын анықтауды сұрап, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі - ӘРПК) 109-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес, соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғарғы тұрған сот шешеді деп көрсеткен.

ӘРПК-нің 109-бабының бірінші және екінші бөліктерінде соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Әртүрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан бірінші сатыдағы соттар арасындағы дауды тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шешеді.

«Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 нормативтік қаулысының 7 тармағына сәйкес, соттар арасында нақтылы істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар етпестен және соттың істі басқа соттың өндірісіне жіберу туралы ұйғарымын бұзбай, істің нақтылы қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, талап қоюшы К.Б.Наурузов жауапкер Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ісәрекеттерін даулаған.

Сонымен қатар, талап қоюды нақтылау арызында, талап қоюшы жауапкерлер ретінде Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Қызылорда облысы Әділет департаментін көрсеткен.

ӘРПК-нің 107-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бірнеше жауапкерге талап қою жауапкерлердің біреуінің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін. Осы бапқа сәйкес іс соттылығына жататын бірнеше сот арасындағы таңдау талап қоюшыға тиесілі болады.

ӘРПК-нің 108-бабының 1-2-бөліктеріне сәйкес, соттылық қағидалары сақтала отырып, соттың іс жүргізуіне қабылданған және сот отырысында қарауға тағайындалған әкімшілік іс, егер оны қарау барысында ол басқа соттың соттылығына жатқызылса да, ол мәні бойынша қаралуға тиіс.

Егер әкімшілік істі осы сотта қарау кезінде оның іс жүргізуге соттылық қағидалары бұзыла отырып қабылданғаны анықталса сот әкімшілік істі басқа соттың қарауына береді. Істің мұндай тұрғысында, Алматы қалалық сотының әкімшілік істі соттылығы бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына қарауына жатады деген тұжырымы негізді болып табылады. Бұндай жағдайда, әкімшілік іс Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында негізінен қарау үшін жолдануға жатады.

ӘРПК-тің 109-бабының екінші бөлігін басшылыққа алып, судья

Ұ Й Ғ А Р Д Ы:

Талап қоюшы Наурузов Куат Багтыгалыевичтің жауапкерлер Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, Қызылорда облысы Әділет департментіне, мүдделі тұлғалар ретінде Алматы қаласының нотариусы Шакаева Алина Искаковнаны және “DAR WAY” жауапкершілігі шектеулі серіктістігін тартып, жауапкершілігі шектеулі серіктістігін талап қоюшының атына тіркеу іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі соттылығы бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолдансын.

Ұйғарым түпкілікті болып табылады және шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.

Судья Г.Б. Дуйсенбаев

Көшірмесі дұрыс Судья

Г.Б. Дуйсенбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.