Қ А У Л Ы
2026 жылғы 4 ақпан 6003-25-00-2к/3715 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Б.Бастаубаев, судьялар А.Б.Тоқсанбаев, А.А.Даненова,
талап қоюшы У.Н.Якупова, талап қоюшының өкілі Т.Э.Саитгалиевтің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен ашық сот отырысында талап қоюшы Улболсын Нурадиновна Якупованың жауапкер Гамзат Паратович Вильяновқа негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюы бойынша қабылданған Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2025 жылғы 11 наурыздағы шешіміне және Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 21 тамыздағы қаулысына талап қоюшының берген кассациялық шағымын қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
У.Н.Якупова жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2025 жылғы 11 наурыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
Жауапкер Г.П.Вильяновтан талап қоюшы У.Н.Якупованың пайдасына 1 000 000 теңге қарызы, 10 000 теңге төленген мемлекеттік баж және 100 000 теңге өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығындары өндірілген.
Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 21 тамыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында, апелляциялық сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мән-жайларға дұрыс құқықтық баға бермегенін көрсетіп, бірінші сатыдағы сот шешімі және алқа қаулысының күшін жойып, талап қоюын қанағаттандыруды сұраған.
Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.
әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы сотпен іс бойынша мұндай заң
бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 953-бабына сәйкес заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), осы Кодекстің 960-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте, негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi.
АПК-нің 76-бабы, 2-бөлігіне сай, соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен немесе қаулысымен анықталған мәнжайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар тап сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді.
2024 жылғы 28 қарашадағы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының сот шешімімен жауапкер Г.П.Вильяновтың банктік есеп шотының үзіндісіне сай, талап қоюшы У.Н. Якуповамен жауапкер Г.П.Вильяновтың банктік есеп шотына 7 914 682 теңге аударылғандығы анықталған. Алайда, талап қоюшы сотта талап қоюын нақтылап талабын 6 914 682 теңгеге дейін азайтқан.
Жоғарыда аталған сот шешімімен талап қоюшыға жауапкерден 6 914 682 теңгеге негізсіз баю сомасы өндірілген.
Аталған сот шешімі заңды күшіне енген.
Осы іс бойынша, талап қоюшының өтініштерімен үшінші тұлғалар Илочукву Чарлыз Ониеджегбу, Энок Кваси Адотей және Виктория Эффионг Эффанга (басқа мемлекеттердің азаматтары) арқылы олардың есеп шоттарынан жауапкердің есеп шотына 8 133 000 теңге жіберілгені, ақшалар талап қоюшының өтініштерімен аударылғанына байланысты, жауапкерден 8 133 000 теңге өндіруді сұраған, бұл мән-жайлар қылмыстық іс қозғалғанда расталған деп негіздеген.
Бірінші сотыдағы сотта іс жүзінде алдындағы сот шешімінен өндірілген сомалардан басқа талап қоюшы жауапкердің банктік шотына 1 000 000 теңге салғаны да анықталған.
Осыған байланысты бірінші сатыдағы сотпен талап қоюшы У.Н.Якупованың талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, жауапкер Г.П.Вильяновтан тек 1 000 000 теңге мөлшерінде негізсіз баю сомасын өндіруге жатады деген тұжырымға келген. Өндірілген сома талап қоюшының есеп шотынан жауапкердің есеп шотына аударылғандығы анықталғандықтан, бұл сома дұрыс өндірілген. Соттың бұл тұжырымымен апелляциялық сатыдағы сот негізді келіскен.
Үшінші тұлғалар Илочукву Чарлыз Ониеджегбу, Энок Кваси Адотей және Виктория Эффионг Эффанганың есеп шоттары арқылы жіберілген сомаларды жауапкерден өндіріп беру туралы талап қою соттармен дұрыс қанағаттандырусыз қалдырылған. Талап қоюшының талап етіп отырған сомалары үшінші тұлғалар мен жауапкер арасында туындаған азаматтық қарым-қатынастармен байланысты. Мұндай тұрғыда талап қоюшының пайдасына басқа тұлғалардың есеп-шоттары арқылы жауапкерге жіберілген ақшалай қаражаттар өндірілуге жатпайды, себебі бұл сома жауапкердің талап қоюшының есебінен негізсіз баюы болып саналмайды. Үшінші тұлғалар өздерінің есеп-шоттарындағы ақшаға өздері ғана билік ете алады, яғни олардың қаражатына талап қоюшының билік етуіне құқығы жоқ.
АПК-нің 48-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы емес.
АПК-нің 225-бабының 2-бөлігіне сәйкес, соттар істі талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінде қарап, шешкен.
Кассациялық шағымдағы уəждер бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың талап қою шегінде жасалған қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзылғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, жергілікті соттардың қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2025 жылғы 11 наурыздағы шешімі және Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 21 тамыздағы қаулысы іс бойынша күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырылусыз қалдырылсын.
Ғ.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
А.Тоқсанбаев
Судьялар
А. Даненова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.