Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 04.06.2026 по делу 6003-26-00-2к/2022 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 4 маусым №6003-26-00-2к/2022 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар М.Т.Қадырова, Н.О.Косанов,

талап қоюшының өкілі Қ[...],

жауапкердің өкілі М[...],

бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - Департамент) жауапкер «SSD[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (әрі қарай - ЖШС) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 5 тамыздағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 қарашадағы қаулысына жауапкердің келтірген кассациялық шағымымен қарап,

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 5 тамыздағы шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 қарашадағы қаулысы күшінде, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Ғ.Бастаубаев

Судьялар М.Қадырова Н.Косанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.