Қ А У Л Ы
2025 жылғы 18 желтоқсан №6003-25-00-2к/3847 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
талап қоюшының өкілі А.Дюсенбаев, үшінші тұлғалар Ф.Мукашева, А.Балтабаеваның қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жауапкер Энвер Могамедович Иреизовке, «Berkat Beton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Гранд статус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қоюымен қабылданған Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 2 мамырдағы шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 шілдедегі қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюымен жүгінген.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 2 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандандырусыз қалдырылған.
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 шілдегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында соттармен материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждерін және іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келеді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп
соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттар іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі шешімімен «BerkatBeton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - кәсіпорын, талап қоюшы) пайдасына 100 000 000 теңге көлеміндегі негізсіз баю сомасы өндірілген.
Жеке сот орындаушылар Т.Мамықанов, А.Кулдасов, И.Дюсембаева, Ф.А.Муқашева, А.Д.Балтаева әрқайсысы өздерінің өндірісіндегі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде, 2022 жылғы 28 қаңтарда, 2024 жылғы 30 қазанда, 2025 жылғы 17 қаңтарда BerkatBeton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп айырысу шоттарына тыйым салған.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «BerkatBeton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің БСН: 200540004498 банктік шоты бойынша жауабына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша 2022 жылғы 25 ақпандағы №6207К6100589, 2022 жылғы 25 шілдедегі №6207К8200613, 2022 жылғы 14 ақпандағы №62079ZT00208, 2024 жылғы 23 шілдедегі №6207О0500287, 2022 жылғы 8 маусымдағы №6207EV100115 Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар және 2022 жылғы 19 сәуірдегі №311346, 2022 жылғы 27 мамырдағы №328968, 2022 жылғы 27 шілдедегі №358663, 2022 жылғы 11 сәуірдегі №307633, №314680 б, 2022 жылғы 22 сәуірдегі №375550, 2022 жылғы 14 қыркүйектегі, №736539, 2022 жылғы 4 қыркүйектегі №394112, 2022 жылғы 4 қарашадағы №776405, 2022 жылғы 14 қазандағы №838274, 2025 жылғы 5 қаңтардағы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарылған.
Талап қоюшы өзіне тиесілі «ForteBank» акционерлік қоғамындағы KZ4396503F0009638301 есеп айырысу шотындағы 100 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат мүлкін тыйым салудан босату туралы талап қоюын жоғарыда аталған ауыртпалықтар мүлкін «BerkatBeton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңсыз иеленуінен талап етуге және өз мүлкіне билік ету құқығын іске асыруға кедергі келтіретінімен негіздеген.
Бірінші сатыдағы сот мүлiкті тыйым салудан босату туралы талап қоюлар борышкерге және өндiрiп алушыға берілетінін, кәсіпорын тыйымдар салынған атқарушылық істер бойынша борышкер немесе өндіріп алушы тарапы емес екенін, талап қою заңда белгiленген тәртiппен сот актiсiн орындау
шеңберiнде орындалуы мүмкiн екені туралы тұжырым жасап, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған.
Апелляциялық сатыдағы сот сот шешімімен келіскен.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабы 1- тармағына сәйкес меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 251-бабының 2, 3-бөліктерінің талаптары бойынша меншiк иелерi немесе мүлiкке шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, жалға алу, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңда немесе шартта көзделген өзге де негiз бойынша иелiк ететiн тұлғалар мүлiкті тыйым салудан босату (тізімдемеден алып тастау) туралы талап қоюлар бере алады. Мүлiкті тыйым салудан босату туралы талап қоюлар борышкерге және өндiрiп алушыға беріледі.
2024 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап қоюшының пайдасына «BerkatBeton» ЖШС-інен 1 00 000 000 теңге көлеміндегі негізсіз баю сомасын өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Жеке сот орындаушылардың қаулыларымен Э.Иреизовтың, «Гранд статус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, кәсіпорынның пайдасына ақша сомаларын өндіру туралы атқару құжаттарын орындау мақсатында «Berkat Beton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүлкіне тыйым салынған.
Атқарушылық іс жүргізу барасында, жеке сот орындаушы А.Култасовпен 2024 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі негізінде борышкер «Berkat Beton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты атқарушылық өндірісі қозғалған және атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру мақсатында шаралар қабылданған. АПК-нің 251-бабы 3-бөлігінің талаптарына сәйкес, мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қоюлар борышкерге және өндіріп алушыға беріледі.
Кәсіпорын тыйымдар салынған атқарушылық істер бойынша борышкер немесе өндіріп алушы тарапы болып табылмайды.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңның 72-бабының 1-бөлігінде жеке тұлғаның мүлкiне өндiрiп алуды қолдану кезiнде осы мүлiктi өткізу кезектілігі көзделген.
Осыған байланысты мүлiктi тыйым салудан босату туралы талап қою заңда белгiленген тәртiппен сот актiсiн орындау шеңберiнде орындалуы мүмкiн.
Істің мұндай тұрғысында, соттар талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған тұжырымдары заңды және негізді, себебі қорытындылары істің мәнжайларына және заң талаптарына сәйкес келеді. Кассациялық шағымдағы уәждер соттардың қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, жергілікті соттардың сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 2 мамырдағы шешімі және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 шілдегі қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев
Судья
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.