ВС РК - Постановление от 15.09.2022 по делу 6001-22-00-6ап/710 (Административное)

№6001-22-00-6ап/710

ҚАУЛЫ

2022 жылғы 15 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар Ш.Т.Даниярова, Е.Д.Өмірәлиев,

талап қоюшы Н[...],

жауапкерлердің өкілдері Қ[...], Е[...],

мүдделі тұлға - «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлық қоғамы Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілі - Қ[...] қатысуыларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы ашық сот отырысында талап қоюшы Н[...] жауапкерлер Шымкент қаласының әкіміне, Қ[...] әкімнің қаулысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 11 қарашадағы шешімі мен Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 9 наурыздағы қаулысына жауапкер Қ[...] өкілі Қ[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Н[...] 2008 жылғы 14 ақпандағы №199 қаулысымен (бұдан әрі – даулы қаулы) 2007 жылдың 21 мамырдағы №950 қаулысына өзгеріс енгізіліп, қаулысының 23 тармағында «М[...]» сөзі «Қ[...]» заңсыз ауыстырылғанын негіздеп, даулы қаулының күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 9 наурыздағы қаулысымен күшінде қалдырылған Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 11 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған. Даулы қаулы заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Ж[...].Қ[...] кассациялық шағымында іс бойынша соттар шешім қабылдағанда материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Жауапкер өкілінің кассациялық шағымды қолдағанын, талап қоюшы сот актілерін күшінде қалдыру туралы пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Мұндай заң бұзушылықтарға жергілікті соттар жол бермеген.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, Шымкент қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 мамырдағы №950 қаулысымен Шымкент қаласы, [...] орналасқан, тұрғын үй құрылысын салу үшін, алаңы 0,0800 га, №561 жер учаскесі М[...] жеке меншік құқығымен беріліп, 2007 жылғы 10 шілдеде кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты рәсімделген.

М[...] қайтыс болуына байланысты, 2020 жылғы 28 тамыздағы №7366 заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік негізінде кадастрлық №[...] (бұрынғы №[...]) жер учаскесіне М[...] құқықтары туындаған.

2020 жылғы 14 қыркүйектегі №1286 сатып алу-сату келісім шарты негізінде М[...] жер учаскесін талап қоюшы Н[...] пен О[...] сатқан.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 мамырдағы №950 қаулысымен Шымкент қаласы, [...] орналасқан, тұрғын үй құрылысын салу үшін, алаңы 0,0800 га, №554 жер учаскесі Ж[...] жеке меншік құқығымен беріліп, кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты рәсімделген.

2016 жылғы 5 мамырдағы сатып алу-сату келісім шарты негізінде Ж[...] кадастрлық №[...] (бұрынғы №[...]) жер учаскесін А[...] сатқан.

2016 жылғы 16 маусымдағы №685 сатып алу-сату келісім шарты негізінде А[...] Шымкент қаласы, [...] жер учаскесін О[...] мен Н[...] сатқан. Осыған байланысты, талап қоюшы Н[...] сатып алу-сату келісім шарты бойынша екі жер учаскесін сатып алған.

2020 жылғы 18 қарашада меншік иесінің өтініші негізінде кадастрлық №[...], алаңы 0,0800 га және кадастрлық №[...], алаңы 0,0800 га жер учаскелері біріктіріліп, алаңы 0,1600 га жер учаскесіне жаңа № [...] сәйкестендіру құжаты рәсімделіп, Шымкент қаласы, [...] жер учаскесі мекенжайы берілген.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы №199 даулы қаулысымен Шымкент қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 мамырдағы №950 қаулысының 23-тармағына өзгеріс енгізіліп, «М[...]» сөзі «Қ[...]» сөздерімен ауыстырылған.

Осы қаулы негізінде Қ[...] атына Шымкент қаласы, [...] орналасқан №561 жер учаскесіне кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты рәсімделген.

Талап қоюшы даулы қаулымен келіспей, сотқа жүгінген.

Жергілікті соттар, талап қоюды қанағаттандырып, талап қоюшының жер учаскесін өз еркімен пайдалануына немесе иелік етуіне құқығын шектеліп отырғандығын ескере отыра, жауапкермен М[...] берілген жер учаскесі Қ[...] заң бұзушылықпен берілгендіктен, даулы қаулының күші жойылуға жатады деген тұжырымға келген.

Соттардың бұл тұжырымы негізді және процестік құқық нормаларына сәйкес келеді.

«Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі №6 нормативтік қаулысының 8-тармақшасына сәйкес, бір жер учаскесіне екі және одан да көп меншік иелерінің (жер пайдаланушылардың) меншік құқығының туындауы, сондай-ақ аралас жер учаскелерінің шекарасын бұзу туралы дауды шешкен кезде сот Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі - Жер кодексі) 43-бабында белгіленген талаптарды назарға алуы керек. Жерді бөліп беру тәртібін сақтау қажет болған жағдайда, тараптардың әрқайсысының жерге құқықтарының туындау негіздерін, сонымен қатар құқық белгілейтін құжаттарын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу хронологиясын тексеру керек.

Сотта кадастрлық №[...] жер учаскесіне Қ[...] құқықтары 2021 жылғы 27 мамырда, ал кадастрлық №[...] (бұрынғы №[...]) жер учаскесіне М[...] құқықтары 2020 жылғы 20 маусымда, яғни бұрын тіркелгені анықталған.

Жер кодексінің 155-бабының 2-тармағына сәйкес, осы баптың 3- тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жер учаскесіне орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында кадастрлық нөмірлер беріледі.

Алайда, бұл талаптарға қайшы Шымкент қаласы, [...] орналасқан, алаңы 0,0800 га, №561 жер учаскесіне екі кадастрлық №[...] (бұрынғы №[...]) және кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаттары рәсімделген.

Шымкент қаласының әкімдігі 2007 жылғы 21 мамырдағы №950 қаулыға өзгеріс енгізу барысында М[...] берілген жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты рәсімделгенін ескермеген.

Бұған қоса, жауапкер жер учаскесін Қ[...] беруге негіз болған құжаттарды, Жер кодексінің 81-бабына сәйкес М[...] жер учаскесіне құқықтары тоқтатылғаны жөнінде дәлелдемелерін ұсынбаған.

Бұл жағдайларды ескеріп, соттар даулы қаулының күші жойылуға жатады деген дұрыс тұжырымға келген. ӘРПК-тің 13-бабына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды адамның қызметіне сенімі Қазақстан Республикасының заңдарында қорғалады.

Әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теріс деп белгілемейінше, әкімшілік акті, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) заңды және негізді деп есептеледі.

Әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен қабылданған заңсыз әкімшілік акт, сондай-ақ әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен жасалған заңсыз әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушы үшін ауыртпалық салатын салдарға алып келмейді.

ӘРПК-тің 14-бабына сәйкес, әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуына, шектеуіне, тоқтатуына, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында міндет жүктеуіне тыйым салынады.

Осы кодекстің 6-бабына сәйкес әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу осы тарауда баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Осы тарауда белгіленген әкімшілік рәсімдердің қағидаттары түпкілікті болып табылмайды және құқықтың басқа да қағидаттарын қолдануға кедергі болмайды. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары, егер бұл осы тарауда баяндалған қағидаттарға қайшы келмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде қолданылады. Әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына және елеулі болуына қарай әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға алып келеді.

Іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.

Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 11 қарашадағы шешімі мен Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 9 наурыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Ж[...].Қ[...] өкілі Қ[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар

С. Баймаханов Ш. Даниярова Е. Өмірәлиев Көшірмесі дұрыс. Судья

Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.