Қ А У Л Ы
2025 жылғы 2 қазан №6003-25-00-2к/1250 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында
төрағалық етуші судья К.Р.Айтжанов, судьялар Н.А.Жумагулова, Н.О.Косанов,
талап қоюшы өкілі Д[...], жауапкер өкілі Т[...], үшінші тұлға Б[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы М[...] (бұдан әрі - талап қоюшы) жауапкерлер Т[...], Ж[...], М[...] Ережепбаеваға, Д[...], Шымкент қаласының нотариусы К[...], «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Шымкент қаласындағы филиалына (бұдан әрі - Банк), үшінші тұлғалар А[...] (бұдан әрі - үшінші тұлға), Шымкент қаласының нотариустары С[...], А[...], К[...] жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарттарын, жылжымайтын мүлік кепілзаты шартын жарамсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі талап қоюшының Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 12 қарашадағы шешімі (бұдан әрі - сот шешімі) мен Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 қаңтардағы қаулысына (бұдан әрі - алқа қаулысы) берген кассациялық шағымымен қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Талап қоюшы аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, оны жер учаскесін сатпағанымен негіздеген.
Алқа қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында соттармен материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанын көрсетіп, аталған сот актілерінің күшін жоюды, талапты қанағаттандыру жөнінде жаңа шешім шығаруды сұраған.
Кассациялық сот істегі дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушылардың жауаптарын тыңдап, кассациялық шағым уәждерін талқылап, төмендегі тұжырымға келді.
Соттар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 378, 393, 179, 180-баптарын дұрыс қолданып, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін нақты және дұрыс айқындаған, осы дау бойынша қолдануға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып, тараптардың уәждері мен қарсылықтарын тексеруге заңмен көзделген барлық шараларды жасаған.
Анықталғаны, 2019 жылғы 27 қыркүйекте талап қоюшы үшінші тұлғаға (талап қоюшының баласы) өзінің Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабы, Жаңақұрылыс көшесі, №33/1 мекенжай бойынша орналасқан жер учаскесін (бұдан әрі - жер учаскесі) сатуға құқық беретін нотариалды сенімхат рәсімдеген және 2019 жылғы 1 қазанда талап қоюышының жұбайы жер учаскесін сатуға нотариалды келісімін берген.
2019 жылғы 3 қазанда талап қоюшының атынан сенімхат негізінде әрекет етуші үшінші тұлға мен сатып алушы Т[...] арасында даулы жер учаскесін 5 000 000 теңгеге сатып алу-сату нотариалды келісім шарты жасалған.
2019 жылғы 7 қазанда сатушы Т[...] пен сатып алушы Ж[...] араларында жер учаскесін 5 000 000 теңгеге сатып алу-сату нотариалды шарты жасалған.
2021 жылғы 20 қыркүйекте сатушы Ж[...] пен сатып алушы Д[...] араларында жер учаскесін 9 000 000 теңгеге сатып алусату нотариалды шарты жасалған.
2022 жылғы 28 қыркүйекте жасалған банктік заем шарты бойынша Д[...] Банкпен 13 000 000 теңге несие берілген және осы несиені қамтамасыз ету мақсатында кепілзат беруші Д[...] мен Банк арасында жер учаскесін кепілге қою жөнінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте шарт жасалған.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы үкімімен С[...] Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2- тармағымен, К[...] осы Кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1,4тармақтарымен кінәлі деп танылып, оларға қылмыстық жазалар тағайындалған.
Аталған сот үкімімен үшінші тұлға С[...] 300 000 теңге қарызға сұрап барғаны, соңғысы қарыз алу үшін жылжымайтын мүлікті кепілге қою қажет екенін айтқаны, үшінші тұлға талап қоюшының жер учаскесін кепілге қоюға келіскені, С[...] оған К[...] кәсіпкер ретінде ірі көлемде несие алатынынын айтқаны, С[...] нотариустың кеңсесінде үшіншгі тұлға мен қарыз беруші ретінде Т[...] кездесуін ұйымдастырғаны, ол жерде іс жүзінде жер телімін 5 000 000 теңгеге сатып алу-сату шарты жасалғаны, аталған ақша С[...] берілгені, ол ақшаның 300 000 теңгесін үшінші тұлғаға беріп, қалғанын К[...] бөліп алғаны, 2019 жылғы 7 қазанда
К[...] үшінші тұлғаға оның жер учаскесін кепілге қойғаны, қарызға 2 500 000 теңгені қайтару уақыты 2019 жылғы 7 қарашаға дейін алғаны туралы қолхат жазғаны, яғни бір топ адамдардың алдын ала сөз байласып, талап қоюшы мен үшінші тұлғаға ірі көлемдегі мүлкін алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы алаяқтық жолмен иемденгені анықталған.
Істің мұндай тұрғысында соттар талап қою мерзімін дұрыс қолданған, себебі 2019 жылғы 3 қазанда шартқа қол қойған күннен бастап 2024 жылғы 31 мамырда сотқа жүгінгенге дейін талап қоюшының және үшінші тұлғаның шарттың және сенімхаттың мазмұнымен танысуға, келіспеген жағдайда дереу сотқа жүгінуге толық мүмкіндіктері болған.
2019 жылғы 27 қыркүйекте талап қоюшымен үшінші тұлғаға берілген сенімхатта жер учаскесін кепілге қою құқығы көзделмеген және талап қоюшының жұбайының жер учаскесін сатуға берген келісімінде де кепілге қою мәселесі қарастырылмаған.
Өз кезегінде, сотты болған С[...] және К[...] талап қоюшыға және үшінші тұлғаға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары жасалған мәмілелерді даулау үшін азаматтық тәртіппен сотқа жүгінуге кедергі келтірмейді.
Кассациялық шағым уәждері соттардың тұжырымдарын теріске шығармайды, істің мән-жайлары жан жақты зерттеліп, оларға құқықтық бағасы берілген, қосымша тексеруді қажет ететін фактілер көрсетілмеген, шағымдалған сот актілерінің күштерінің жойылуына немесе өзгертілуіне әкеліп соғатын құқық нормаларының бұзылу деректері анықталған жоқ.
Сол себепті, сот шешімі мен алқа қаулысы күшінде, кассациялық
шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 12 қарашадағы шешімі мен Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 29 қаңтардағы қаулысы күшінде, талап қоюшы М[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші К.Айтжанов
Судьялар Н.Жумагулова
Н.Косанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.