№6003-26-00-2к/1190 іс
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 1 маусым Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Есдаулетов, Г.Б.Тергемесова болып,
талап қоюшы Т.А.Кекиловтың, өкілі Е.Ш.Есенбековтың,
жауапкер өкілі А.Ж.Жанмулдаевтың қатысуларымен, бейне-байланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында, Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі ұйғарымы мен Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен,
талап қоюшы Талгат Амантаевич Кекиловтың сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызы негізінде электрондық азаматтық істі қарап,
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі ұйғарымы мен Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы ұйғарымы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Г.Джаппарова Судьялар Г.Тергемесова
А.Есдаулетов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.