Кассационный суд Республики Казахстан по уголовным делам - Постановление от 11.12.2025 по делу 6003-25-00-3к/815 (Об административном правонарушении)

№6003-25-00-3к/815

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 11 желтоқсан Астана қаласы

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында төрағалық етуші К.А.Мусетов,

судьялар Г.Б.Даулетова, М.К.Сатыбалдин, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға

  • Т[...],

әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізіліп жатқан тұлға И[...],

жәбірленуші Т[...] қатысуымен,

ашық сот отырысында Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты төрағасының ұсынуы бойынша келіп түскен И[...] қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

АНЫҚТАДЫ :

Алматы облысының Талғар аудандық сотының 2025 жылғы 11 шілдедегі қаулысымен И[...] ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған, оған 78 640 теңге мөлшерде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы сотының сот актісі өзгеріссіз қалдырылған.

Ұсынуда соттардың заңды күшіне енген сот актілерін соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзған деп қайта қарау ұсынылады.

Ұсынуды қолдаған әкімшілік іс жүргізу жүргізіліп жатқан тұлғаны, қаулыны өзгеріссіз қалдыруды сұраған жәбірленушіні, сот актілерінің күшін жойып, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы прокурор қорытындысын тыңдап, сот іс бойынша шығарылған сот актілерінің күші жойылуға, ұсыну – қанағаттандырылуға жатады деп санайды.

ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігінің 3)-тармағына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.

Сот қаулыларында көрінгендей, 2025 жылғы 11 шілдеде И[...] мемлекеттік тіркеу белгісі (әрі қарай – МТБ) [...] «Hyundai Elantra» маркалы автокөлікті басқарып, Алматы-Талғар тасжолының 21 шақырымында, жолдың оң жағымен келе жатып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан және сол жаққа бұрылу маневрін жасап тұрған Т[...] басқаруындағы МТБ [...] «Hyundai Sаnta fe» маркалы автокөлігіне соқтығысуына жол берген деп көрсетілген.

Ж[...]-көлік оқиғасы нәтижесінде Т[...] материалдық залал келтірілген.

ӘҚБтК-нің 822-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиiс.

И[...] сотта берген түсініктерінен көрінгендей, ол «Hyundai Elantra» маркалы өз автокөлігінде Алматы-Талғар тасжолында келе жатып, шамамен жолдың 21 шақырымда қарсы бағытта келе жатқан «Hyundai Sаnta fe» маркалы автокөлікті көргенін, аталған автокөлік солға бұрылу сигналын беріп бірден солға бұрылғанын, ол оң жаққа бұрылғанын, алайда соқтығысуды болдырмау мүмкіндік болмағанын сондықтан Т[...] оны өткізбей, Ж[...] жүрісі қағидалары талаптарын бұзған деп санайтынын көрсеткен.

Т[...] түсініктерінен ол Алматы-Талғар тасжолында солға бұрылуды шешкен, оған қарсы бағыттағы қара түсті автокөлік фараларымен сигнал беріп оны өткізген және де ол бұрылу маневрін жасаған кезде «Hyundai Elantra» маркалы басқа автокөлік оған жол бермей, жол жиегінде соқтығысу орын алғаны көрінеді.

И[...] Т[...] жол жүрісінің басқа қатысушысы жарық сигналын беріп өткізгенін назарға алмағаны туралы жергілікті соттардың И[...] кінәлілігі туралы уәждері негізсіз болып табылады, себебі іс материалдарында бұл автокөлік көрсетілмеген, жәбірленушінің сөздерінен басқа дәлелдер жоқ, И[...] түсініктерінен ол келе жатқан бағытта оның автокөлігінен басқа автокөліктер болмаған. Ж[...]-көлік оқиғасы қатысушылары қол қойылған оқиға орнының сызбасынан көрінгендей, «Hyundai Elantra» маркалы автокөлік жолдың шеткі оң жағымен келе жатып жүру бағытын өзгертпеген және де маневр жасамаған, керісінше, «Hyundai Sаnta fe» маркалы автокөлік қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлік құралын өткізбей сол жаққа бұрылу маневрін жасаған, сызбада басқа көлік құралдары көрсетілмеген.

ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігінің диспозициясы көлік құралдарын бүлінуіне алып келген, көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң Ж[...] жүрісі қағидаларын бұзуын көздейді, алайда И[...] ӘҚБтК-нің 610бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапқанда жергілікті соттармен И[...] Ж[...] жүрісі қағидаларының қай ережелерін бұзғаны анықталмаған және қаулыларда көрсетілмеген.

Осылайша, сот И[...] Ж[...] жүрісі қағидалары талаптарын бұзған жоқ, сәйкесінше оның әрекеттерінде ӘҚБтК-нің 610-бабының 1- бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы жоқ деп санайды.

И[...] «Hyundai Sаnta fe» маркалы автокөлік жүргізуші Ж[...] жүрісі қағидаларының 8-тарауы 55-тармағының, яғни көлік құралының жүргізушісі қиылыстан тыс жерде солға немесе кері бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлік құралына жол береді деген талаптарын бұзғаны туралы уәждері негізді болып табылады.

Бұдан бөлек, жоғарыда көрсетілген Ж[...] жүрісі қағидаларының 8- тарауы 47-тармағына сай, жүргізуші маневрді орындауды бастамас бұрын тиісті мақсаттағы жарық көрсеткіштерімен сигнал береді. Бұл ретте маневр қауіпсіздікті сақтай отырып, жүзеге асырылады және жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергі туғызбайды.

ӘҚБтК-нің 741-бабының 1-бөлігінің 2)-тармақшасына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмаған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады.

С[...] И[...] қатысты іс бойынша іс жүргізу әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылуға, ал ұсыну қанағаттандырылуға жатады.

ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Алматы облысының Талғар аудандық сотының 2025 жылғы 11 шілдедегі қаулысының және Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі И[...] қатысты қаулыларының күші жойылсын.

И[...] қатысты іс бойынша іс жүргізу ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылсын.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші:

К.А.Мусетов

Судьялар:

М.К.Сатыбалдин

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.