6001-23-00-3г/4362(2)
ҰЙҒАРЫМ
2023 жылғы 6 қараша Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова талап қоюшы Ю[...] жауапкер М[...], үшінші тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Сайрам аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімін қатыстырып, заңсыз салынған темір қоршау мен бастырманы жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Сайрам аудандық сотының 2023 жылғы 30 наурыздағы шешімін және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы Ю[...] өкілі Н[...] өтінішхатын алдын ала қарап ,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Ю[...] жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Сайрам аудандық сотының 2023 жылғы 30 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Арызданушы өтінішхатында істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қаңағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Өтінішхат уәждерін зерделеп, өтінішхат берушінің уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін, судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 438-бабын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ :
Түркістан облысы Сайрам аудандық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья Ш.Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.