6001-25-00-3пп/5
көшірме
Қ А У Л Ы
2025 жылғы 3 сәуір Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья –Бектұрғанов М.Ж.,
судьялар Жармухамбетова С.А., Г.Ж.Әлмағамбетова, арыз беруші – Б. К. Дәуренбековтің өкілі А.Қ.Нұрғалиевтің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында,
арыз беруші Бақытбек Кузембайұлы Дәуренбековтің заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Қызылорда қалалық сотының 2023 жылғы 15 қарашадағы ұйғарымын қайта қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы бойынша қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Арыз беруші Б.К.Дәуренбеков сотқа жоғарыда көрсетілген арызбен жүгініп, онда өзінің 1980-1991 жылдар аралығында Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқаны туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтауды қажет ететінін көрсеткен.
Қызылорда қалалық сотының 2023 жылғы 15 қарашадағы ұйғарымымен Б.К.Дәуренбековтің арызы қабылдаудан бас тартылған.
Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымында бірінші сатыдағы сот материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбаған, құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайлар орын алғандықтан, сот актісін қайта қарауға назар аударылған.
Ұсынымның дәлелдерін, арыз берушінің өкілінің түсіндірмелерін тыңдап, азаматтық іс құжаттарын зерттей отырып, сот алқасы мынадай қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 6-бөлігіне сәйкес қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайлар заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Бірінші сатыдағы сотпен аталған іс бойынша заң бұзушылықтарға жол берілген.
Іс құжаттарына сәйкес арыз беруші Б.К.Дәуренбеков 1989-1991 жылдары аралығында №189 әскери бөлімшеде әскери борышын өтеген.
ҚР Қорғаныс Министрлігі Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ-нің 2023 жылғы 10 қазандағы № 236 санды анықтамасында Б.К.Дәуренбеков 1989 жылғы 18 қыркүйектен 1991 жылғы 5 мамыр аралығында Баку қаласында № 189 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарғандығы көрсетілген.
Әскери органдары тарапынан арыз беруші Б.К.Дәуренбековке Таулы Карабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқандығын және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагері болып танылатындығын түралы көрсетілмеген және мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудан бас тартқан.
Бірінші сатыдағы сот АПК-ның 305-бабының талабына сәйкес, арыз беруші Б.К.Дәуренбековтың 1989-1991 жылдар аралығында Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқаны туралы заңдық маңызы бар фактіні тану сот құзыретіне кірмейді, сондықтан АПК-нің 151-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға және шешілуге жатпайды деген тұжырымға келген.
Алайда, бірінші сатыдағы сот ұйғарым шығара отырып, материалдық құқық нормаларын бұзған.
АПК-нің 305-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды. Өз кезегінде, бірінші сатыдағы сот Б.К.Дәуренбековтың 1989-1991 жылдар аралығында Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқаны туралы заңдық маңызы бар фактіні соттан тыс тәртіпте анықтау мүмкін еместігіне қарамастан шешім қабылдап, құқықтық баға беруде қателікке жол берген.
Бұл мән-жай азаматтық сот ісін жүргізудің заң мен сот алдында барлығының теңдігі туралы қағидаттарының бұзылғанын көрсетеді.
Істің мұндай тұрғысында Қызылорда қалалық сотымен материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданылмай, елеулі түрде бұзуы және нақты мәнжайларға тиісті құқықтық баға берілмеуі салдарынан іс бойынша қабылданған сот актісін заңды және негізді деп тануға болмайды.
Жол берілген бұзушылықтарға байланысты, сот ұйғарымы бұзылуға жатады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасын, басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Қызылорда қалалық сотының 2023 жылғы 15 қарашадағы ұйғарымының күші жойылсын және материал бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілсін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші М. Бектұрғанов
С. Жармухамбетова
Судьялар
Г. Әлмағамбетова
Көшірмесі дұрыс Судья
Г. Әлмағамбетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.