ВС РК - Постановление от 13.05.2019 по делу 6001-19-00-6кп/23 (Об административном правонарушении)

6кп-23-19

Қ А У Л Ы

Нұр-Сұлтан қаласы

2019 жылғы 13 маусым

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья А. Қыдырбаева,

судьялар М. Балкен, Б. Шермұхаметов,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бөлімінің прокуроры Т[...],

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында кассациялық тәртіппен аудио-бейне жазба құралдарын қолданып ашық сот отырысында Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 14 қаңтардағы қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен келіп түскен Х[...] (HU YOUZHONG) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 517-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 14 қаңтардағы қаулысымен Х[...] (HU YOUZHONG) ӘҚБтК-нің 517бабының

2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды ұсынады.

Прокурордың сот қаулысының күші жойылсын, іс жүргізумен қысқартылсын деген қорытындысын тыңдап, мамандандырылған сот алқасы келесі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 840-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға

не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мынадай негіздер бар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; ӘҚБтК-дегі процестік нормалардың елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi.

Іс материалдарына сәйкес Х[...] «ИБКБ[...]» ЖШС-не (бұдан әрі - ЖШС) инженер болып жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасына келген.

2019 жылғы 10 қаңтардағы ЖШС-ның хабарламасына сәйкес Х[...] 2019 жылғы 5 қаңтарда Атырау қаласынан Атырау облысының Жылыой ауданына іссапарға жіберілген. Көрсетілген хабарламаны көшіқон полициясы 2019 жылғы 10 қаңтарда алған.

Бұл ретте, 2019 жылғы 11 қаңтарда полиция қызметкерінің баянаты негізінде 2019 жылғы 3 қаңтардан бастап тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмау фактісі бойынша Х[...] қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған.

Кассациялық өтінішхатта Х[...] 2019 жылғы 3 қаңтарда іссапарға жіберілгенін, содан кейін 5-8 қаңтарда ол кен орнынан екі рет шығып, Атырау қаласына қайтып оралғанын, яғни 5-8 қаңтардан бастап Атырау қаласында болғанын көрсеткен.

Х[...] осы мән-жайларды куәгерлік айғақтармен және сотқа ұсынылған қосалқы бөлшектерді сатып алу туралы құжаттармен растайды.

Кассациялық өтінішхаттың дәлелдеріне сәйкес өтініш берушіні ұзақ мерзімді іссапарға жіберу туралы соңғы шешім 2019 жылғы 8 қаңтарда қабылданған, бұл туралы 2019 жылғы 10 қаңтарда жұмыс беруші көші-қон полициясы органдарына мәлімет жіберген.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидаларының 3-тармағына сәйкес тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерткен кезде көшіп келушілер күнтізбелік бес күн ішінде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.

Жұмыс беруші-компания 2019 жылғы 5 қаңтардан бастап Х[...] тұрғылықты жерінің өзгергені туралы мәліметтерді полиция органдарына тиісті мерзімде ұсынғанын ескере отырып, соттың құқықбұзушыны кінәлі деп тану туралы тұжырымы және ол тағайындаған жаза түрі күмәнді болып табылады.

Атап айтқанда, өз түсініктемесінде Х[...] Жылыой ауданының Прорва елді мекеніне 2019 жылғы 3 қаңтарда келгенін көрсеткен. «ИСБ[...]» ЖШС-ның заңгері Г.М.Н[...] аталған елді мекенге 2019 жылғы 4 қаңтарда шыққанын көрсетті. Өтінішхатта көрсетілгендей, Х[...] 2019 жылғы 4 және 8 қаңтар аралығында Атырау қаласына қайтып келгені көрсетілген.

Сот істі қараған кезде Х[...] Атырау қаласынан кен орнына шығуы туралы мәліметтердегі қарама-қайшылықтарды жоймаған. Сондайақ ӘҚБтК-нің 55-бабында көзделген мән-жайлар ескерілмеген: жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы.

Мұндай жағдайда, жергілікті соттардың қабылданған қаулылары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 851-бабының 5- бөлігінде көзделген кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабының 1 және 4 мен 5- бөліктерінің 3) тармағын басшылыққа ала отырып, мамандандырылған сот алқасы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2-бөлігі бойынша Х[...] (HU YOUZHONG) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 14 қаңтардағы

қаулысының күші жойылсын, іс қайта қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа өзге құрамда жолдансын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші А. Қыдырбаева Судьялар М. Балкен

Б. Шермұхаметов

Көшірмесі дұрыс. Судья Б. Шермұхаметов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.