ВС РК - Постановление от 04.06.2024 по делу 6001-23-00-6ап/3247 (Административное)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 4 маусым 6001-23-00-6ап/3247 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов,

судьялар – Ш.Т. Даниярова, Е.Ж. Өмірәлиев болып,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры

М[...] қатысуымен

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Шардара ауданы әкімінің жауапкер «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-не (бұдан әрі – Департамент) анықталған заң бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 2021 жылғы 19 қарашадағы №38 санды Нұсқамамы (бұдан әрі - Нұсқама) заңсыз деп танып күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы шешіміне, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысына жауапкердің кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырылған.

Департаменттің (бұрынғы Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасының) Нұсқамасы заңсыз деп танылып күші жойылған.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.

Департамент кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Жауапкер өкілі істі онлайн түрде мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы қарауды сұраған.

Сот алқасының отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында қарауға тағайындалған болатын. Жауапкер өкілінің сотқа келмеуі туралы уәжін сот дәлелді деп санамайды.

Талап қоюшының өкілдерінен істі олардың қатысуынсыз қарау туралы арызы түсті.

Қалған сотқа қатысушылардың өкілдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді, сотқа келмеу себептерін хабарламады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Сот алқасы кассациялық шағымның уәждерімен танысып, прокурордың сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда Шардара ауданы әкімиятының 10 сәуір 2003 жылғы №282 қаулысымен ауданның арнайы жер қорынан азамат А[...] «Б[...]» шаруа қожалығына 10,0 гектар жер 49 жылға уақытша жалға берілген. 28 қараша 2003 жылғы №898 санды қаулымен жоғарыда көрсетілген қаулыға өзгеріс енгізіліп, «Баратбай»деген сөздің орнына «Б[...]» сөзі жазылған.

«Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 29 мамыр 2017 жылы «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру конкурсы ұйымдастырылған.

Аталған конкурсқа қатысқан «Бақжан» фермер қожалығының төрағасы - Б[...] №25 лот бойынша жеңімпаз деп танылып, «Алатау батыр» ауылдық округінде орналасқан 58,0га жайылым жер учаскесін алған.

Осының негізінде Б[...] алаңы 58,0 га жайылымдық жер учаскесін беру жөнінде Шардара ауданы әкімдігінің 31 мамыр 2017 жылғы №181 қаулысы қабылданған.

Аталған 58,0 га жер учаскесінің 48,86 га жері мәжбүрлеу тәртібімен кепілге қойылған мүлікті саудаға шығарудың нәтижесі туралы 25 қаңтар 2021 жылғы № 8 хаттамаға сай Н[...] өткен.

А[...] шағымы бойынша «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тексеру жүргізіп, қорытындысымен Нұсқама жолдаған.

Нұсқамада А[...] жер учаскесінен ерікті түрде бас тартпағанын, осы жер Б[...] заңсыз конкурс арқылы берілгені көрсетіліп, Б[...] арасынд жасалған жер учаскесін жалға беру туралы 1 маусым 2017 жылғы №299 және Н[...] жасалған жер учаскесін жалға беру туралы 11 ақпан 2021 жылғы № 132 шарттардың күшін жоюды, кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау мәселесі қойылған.

Нұсқамамен келіспеген талап қоюшы жоғарыдағы талаппен сотқа жүгінген.

Соттар талап қоюды қанағаттандырғанда мына мән-жайларды негізді ескерген.

А[...] «Б[...]» шаруа қожалығы атынан 2003 жылдан бастап осы күнге дейін Шардара аудандық жер қатынастары бөлімімен үлгілік шарт жасамаған, жерге қатысты сәйкестендіру актісін алмаған. Жер учаскесіне жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеу органына тіркемеген және 10,0 гектар жайылым жерді тиісті мақсатымен пайдаланғаны туралы деректерді сотқа ұсынбаған. Сондықтан жер учаскесін конкурсқа шығармауға негіздер болмаған.

Соттардың келтірген негіздемелері сот актілерінде толық көрсетілген. АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мән-жайларына сәйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы шешімі, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші С. Баймаханов

Судьялар Ш. Даниярова

Е. Өмірәлиев

Көшірмесі дұрыс Судья

С. Баймаханов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.