Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 24.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/4161 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 24 желтоқсан №6003-25-00-2к/4161 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,

прокурор А.Камашев, талап қоюшының өкілі А.Кенжебеков, жауапкердің өкілі Д.Нығметтің қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Айнур Орунгалиевна Толегенованың жауапкер «Атырау облысы Атырау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне меншік құқығын тану туралы талап қоюымен қабылданған Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

А.Толегенованың жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Атырау облысы Атырау қалалық сотының 2025 жылғы 10 сәуірдегі шешімімен талап қою қою қанағаттандырылып, А.Толегенованың Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі, Водников ауылы, № 4 көше, № 9 учаскесінде орналасқан жер теліміне жеке меншік құқығы танылған.

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы қаулысымен шешімнің күші жойылып, талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымда, апелляциялық сатыдағы сот материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсетіп, алқа қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 240-бабы 1-тармағына сәйкес мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей жеті жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.

Мемлекеттiк тiркеуге жататын қозғалмайтын және өзге де мүлiкке меншiк құқығы бұл мүлiктi иелену мерзiмiне сәйкес алған тұлғада осындай тiркеу кезiнен бастап пайда болады.

2009 жылғы 29 шілдедегі оралман куәлігіне сәйкес талап қоюшы А.Толегеноваға оралман мәртебесі Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнге дейін жарамдылық мерзімімен берілген және 2021 жылғы 31 мамырда талап қоюшы Қазақстан Республикасының азаматтығын алған.

2014 жылғы 8 қыркүйектегі №24 тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін алдын-ала таңдау және келісім беру актісіне сәйкес талап қоюшыға Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі, Водников ауылы, №4 көше, №9, алаңы 0,0792 га жер телімін беру келісілген.

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №3588 хатымен аталған жер телімінен жеке тұрғын үй құрылысын жобалау және салу үшін жасалған құжаттарын заңдылығына қарай қаулы жобасын әзірлеу үшін қалалық жер қатынастары бөліміне жіберілген.

Талап қоюшы талабында жер теліміне тиісті органның шешімі қабылданбай, созбалаңға салынғанын, Атырау қаласы әкімінің орынбасары хаттарымен жер телімін кезексіз беру мүмкіндігі жоқ екендігі көрсетіліп бірнеше рет шағымдары қанағаттандырылусыз қалдырылғанын, дау айтылып отырған жерде үйдің іргетасын құйып, қалап қойғанын көрсетіп, Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі, Водников ауылы, №4 көше, №9 мемлекетке тиесілі жер теліміне иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тануды сұраған.

Сот талап қоюды қанағаттандырғанда, талап қоюшы А.Толегенованың жер теліміне меншік құқығын танудың басқа жолы жоқ екені, жер телімі ешкімнің меншігіне тіркелмегені, Атырау қаласы әкімінің жауап хаттарынан жер телімін кезексіз бөлудің мүмкіндігі жоқ екені көрсетілгенімен негіздеген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі №6 «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 17-тармағына сәйкес иелену мерзімінің ескіруі негізінде мемлекеттік меншіктегі жер телімдеріне жеке меншік құқығын алуға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында осы жер учаскелеріне заттай құқықтарды алудың өзге тәртібі көзделгені және мемлекеттік меншіктегі жер телімдеріне құқықтар алу тәртібі Жер кодексінің 43-бабында белгіленгені көрсетілген.

Бірінші сатыдағы сотының иелену мерзімінің ескіруі негізінде мемлекеттік меншігіндегі жер телімдеріне жеке меншік құқығын беруі аталған нормативтік қаулының және жер заңнамасының императивті нормаларына қайшы қабылдануына байланысты апелляциялық сатыдағы сот шешімнің күші жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарқан. Кассациялық сатыдағы сот, сот алқасының тұжырымдарын заңды және негізді деп табады, себебі, Жер кодексінің 43-бабы 1-тармағына сәйкес жер телімін алу тек жергілікті атқарушы органның шешімімен немесе аукцион арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты мемлекеттік меншігіндегі жер телімдеріне сот шешімімен меншік құқығы танылуға жатпайды.

Сонымен қатар, талап қою тиісті емес жауапкер «Атырау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне берілген. Бұл дау бойынша жергілікті атқарушы орган – әкімдік тиісті жауапкер болып табылады.

Кассациялық шағымдағы уəждер апелляциялық сатыдағы соттың талап қою шегінде жасалған қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен сот алқасының материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев

Судьялар

А.Даненова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.