ВС РК - Постановление от 20.07.2020 по делу 6001-20-00-3Г/3409 (Гражданское)

6001-20-00-3г/3409

Қ А У Л Ы

2020 жылғы 20 шілде

Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.Қ.Сұлтанов,

талап қоюшы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жауапкер «КK[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талабымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған

Шымкент қаласының мамандандырылыған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 30 қаңтардағы шешімін, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 13 мамырдағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының келтірген өтінішхатын азаматтық істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) жауапкер «КK[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – Серіктестік) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 30 қаңтардағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 13 мамырдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Өтінішхатта Қоғам жергілікті соттар істі қарау барысында іс үшін маңызы бар мән-жайлардың ауқымын дұрыс айқындамағанын және анықтамағанын, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына жол бергендігін көрсете отырып, дау айтылған сот актілерінің күшін жойып Қоғамның талап арызын қанағаттандыруды сұрайды.

Іс материалдары бойынша анықталғандай, 2019 жылдың 17 сәуірінде тараптар арасында жалпы құны 39 200 теңгеге «журнал» тауарын (бұдан әрі тауар) мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасалынған.

Аталған шарттың ажырымас бөлігі болып табылатын 1 қосымшасына сәйкес, сатып алынатын тауарды Қоғамның (тапсырыс беруші) өтінімі негізінде Серіктестік (өнім беруші) өтінімді веб-портал арқылы алған күннен бастап 16 күнтізбелік күн ішінде жеткізуге міндеттелген.

Тапсырыс беруші 2019 жылдың 14 қарашасында тауарды жеткізу туралы өтінімін веб-порталға ілген. Алайда Серіктестік 16 күнтізбелік күн мерзімінде тауарды жеткізбей келісім шарттың 1.1, 1.2 және 5.4 тармақарын орындамаған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін қалыптастырады, осыған орай Қоғам Серіктестікті мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатусышы деп тану туралы талап арызын сотқа берген.

Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандырусыз қалдыра отырып, Заңның 12-бабының 4-тармағының 3-бөлігіне сілтеме жасап, тапсырыс берушінің шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей сотқа жүгінуге міндетті екендігін көрсетіп, тараптар арасындағы келісім шарт 2019 жылдың 17 сәуірінде жасақталып, өнім беруші тауарды 16 күнтізбелік күн мерзімінде, яғни 2019 жылдың 4 мамырына дейін жеткізбегендіктен, Қоғам сотқа жүгіну мерзімін өткізіп алып, тек 2019 жылдың 10 желтоқсанында талап арызын сотқа берген,- деп көрсеткен.

Өтінішхат иесі, соттардың бұл тұжырымы істің мән-жайларына қайшы келетінің көрсетіп, тауарды жеткізу мерзімі келісім шарт жасалған уақыттан емес, Қоғам тауарды жеткізу туралы өтінімді веб-порталға ілгеннен 16 күнтізбелік күн өткеннен кейін есептелуге тиіс, мұндай міндеттеме тараптар арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген. Сондықтан талап қоюшу сотқа жүгіну мерзімін бұзбаған.

Өтінішхатта дау айтылған сот актілерін қайта қарау үшін келтірген негіздер бар болуына орай, өтінішхатты іспен бірге азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін беру қажеттігін ескере отырып,

АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Шымкент қаласының мамандандырылыған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 30 қаңтардағы шешімін, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 13 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарауға берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысушыларға жолдансын.

Судья

Н. Сұлтанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.